- Басты
- Жаңалықтар
- Парламент сессиясы жұмысын 5 шілдеге дейін ұзартты
Парламент сессиясы жұмысын 5 шілдеге дейін ұзартты
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мәмин Үкімет атынан тиімді жұмыс атқарғаны үшін Парламентке алғыс айтты.
«Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сабақтастық негізінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік стратегиясын жалғастыру мақсатында халықтың өзекті мәселелерін шешу мақсатында бірқатар шараларды қабылдауда. Президент әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындардың қарыз жүктемесін азайту шаралары туралы Жарлыққа қол қойды. Осы бастамалардың шешімі арқасында көп мөлшерде несие алған азаматтарға көмек көрсетіледі», - деді А.Мамин.
Сондай-ақ, Үкімет басшысы халықтың әл-ауқатын арттыру бірнеше жедел шаралар бағдарламасы әзірленгенін айтты.
«Атап айтқанда, осы шаралардың нәтижесінде биылғы жылдың соңына дейін 3 мыңнан астам адам «Бастау бизнес» және «Жас кәсіпкер» бағдарламалары бойынша кәсіп ашты. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлікті дамыту шаралары мен аз қамтылған отбасыларға жалдамалы баспана беру бойынша шаралар жүзеге асырылады», - деді ол.
Сондай-ақ, А.Мамин республикалық бюджетке өзгертулер енгізілгенін атап өтті.
«Сол енгізілген өзгерістерді қарастыру үшін Парламент сессиясының жұмыс мерзімін ұзарту мәселесін қарастыруды сұраймын. Осы уақытта әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша Парламентпен бірлесе жұмыс атқаратынымызға сенемін», - деді Премьер-Министр.
Өз кезегінде Мәжіліс Спикері 2019-2021 жылға арналған республикалық бюджетке өзгертулер енгізілуіне байланысты депутаттар жұмыс мерзімін ұзартатынын айтты.
«Конституцияның 59 бабының 3-тармағына сәйкес, Парламенттің кезекті сессиясы 1 қыркүйек жұмыс күнінен бастап маусымның соңғы жұмыс күніне дейін өткізіледі деп белгіленген. Конституциялық Кеңестің конституциялық нормасының ресми түсіндірмесін негізге ала отырып, 6-шы сайланған Парламенттің 4 сессиясын 2019 жылғы 5 шілдеге дейін ұзартуды ұсынамын», - деді Н.Нығматулин.
Қарсылық танытқан депутаттар болмай, сессияның Қаулысы қабылданды.
Бірлескен отырысқа Үкімет мүшелері, Конституциялық кеңес төрағасы, Сенат спикері және ҚР Президенті әкімшілігі мүшелері мен республикалық мекемелерге тікелей есеп беретін және бағынатын республикалық мекеме басшылары мен БАҚ қатысты.
Аягөз Құрмаш
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
2022 жылдың мамырына дейін қызыл төлқұжатты ауыстыру науқаны жүреді -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
2025 жылға дейін еңбек нарығына қосымша 1 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер қажет болмақ -
ХҚА сессиясы: тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, Елбасыға алғыс, жаңа Төраға -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
Ауылды дамыту: 2025 жылға дейін не өзгереді -
Нұр-Сұлтан қаласында күн сайын 00.00-ге дейін вакцинациялау жүріп жатыр -
Ықпалды күштер бәсекесі: қарулы қақтығыстан жұмсақ күшке дейін -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары