• Басты
  • Кәсіп ашатын ауыл әйелдеріне қайтарылмайтын грант бөлінеді
27 Маусым, 2019 20:33

Кәсіп ашатын ауыл әйелдеріне қайтарылмайтын грант бөлінеді

Қазақстандағы ауыл әйелдерінің әлеуетін арттырып, олардың кәсіпкерлік саласындағы мүмкіндіктерін жүзеге асыру арқылы ауыл қоғамының экономикалық жағдайын арттыру үшін еліміздегі бірқатар ұйымдар Ауыл әйелдері форумын өткізбекші. Сонымен қатар, ауыл әйелдерін кәсіпкерлікке тарту мақсатында нақты жобалар жүзеге асырылмақ.
Кәсіп ашатын ауыл әйелдеріне қайтарылмайтын грант бөлінеді

Ауыл әйелдерінің облыстық форумдарымен қоса ауыл әйелдерінің II Республикалық Форумын өткізуге арналған баспасөз брифингінде «Жасыл экономика және G-Global ды дамыту Коалициясы» ЗТБ, Қолдау білдірушілер: ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Coca-Cola халықаралық қоры, облыстық әкімдіктер және «EXPO&WOMEN» ХҚ» ЗТБ  жетекшілері форумға қатысты пікірлерін білдірді.

«Үкімет бүгінде ауыл әйелдері арасындағы кәсіпкерлікті дамыту үшін 500 мың теңге көлемінде бес мың грант бөліп отыр. Оларға қойған талабымыз ең алдымен, бастамашы әйелдер жақсы жоба жасау керек. Бірақ ол бес жүз мың теңгені алып ап ертең қайтармаса, оған ешкім ештеңе демейді ғой. Бірақ оны үкімет әйелдер аяғына нық тұрып кетсін деп жұмсағалы отыр. Әр істі бастағанда ең бірінші жақсылап жобалап алу керек. Жақсы жоба болса, оның нәтижесі міндетті түрде болады. Сол себепті әр әйел өзінің ісін бастаймын десе, бүгін енді интернет ашып, телефон ұстамайтын әйел жоқ қой ауылда да біздің Жасыл экономика коалициясының сайтын ашса да бәрі анық жазулы.  Грант алу үшін қайда, қалай тапсыру керек, жобаны қалай жасау керек. Соның бәрі бар. Болмай бара жатса, бізге хабарласса біз көмектесуге дайынбыз», - деп түсіндірді ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, форумның ұйымдастыру комитетінің төрайымы Майра Айсина.

Сондай-ақ, кәсіп ашамын деген ауыл әйелдері грант алғысы келсе, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының әр аудандағы филалдарына барып, жобаны қалай жасау керек, қайда, қалай ұсыну керек, деген сауалдаына бастан-аяқ жауап ала алады.  

«Облыстық форумдарды өзімізбен біре сауатты сарапшыларды да апарамыз. Жергілікті халыққа үкіметтің бағдарламаларын түсіндіре алатын мамандармен бірге әр облыста осы тақырыпқа арнайы сессия ұйымдастырып отырмыз. Соған орай жергілк жерде өткен форумнан кейін, біздің топтарымыз әрі қарай қалып, барынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді», - дейді «Жасыл экономика және G-Global ды дамыту Коалициясы» ЗТБ басқарма басшысы Салтанат Рахымбекова

Айта кетерлігі, кәсіп ашқысы келген әйелдер бір жоба ғана емес, әртүрлі жоба ұсынып, егер ол үкімет тарапынан қолдау тапса, бірнеше грант ұта алады.

Осы жылдың 4 шілдесінен бастап ауыл әйелдерінің Екінші республикалық форумына дайындық мақсатында Қазақстанның әр өңірініде ауыл әйелдерінің екі күндік облыстық форумдары басталады.

Форум агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға әйелдердің жетістіктері мен үлестерін көрсету, сондай-ақ әйелдерді ынталандыру, олардың жасыл экономикаға қатысуы, органикалық ауыл шаруашылығын енгізу және ауылдық жерлерде жұмыспен қамтудың әртүрлі нысандарын көрсету мақсатпен ұйымдастырылады.

Бірінші форумның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайынғы ауыл әйелдері форумын өткізу туралы Үндеу қабылданып, оны ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия қолдап, оған 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына енгізген.

Форумдар  Алматы облысында бастау алып, қазан айында Қызылорда облысында аяқталады.

Қазақстанның ауыл әйелдерінің Екінші республикалық форумын 7-9 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткізу жоспарланып отырған көрінеді.  

Ауыл әйелдерін қолдау мақсатында өтетін облыстық форум әр өңірде мынадай қалаларда: Алматы облысында  - 4- 5 шілдеде, Шығыс-Қазақстан облысында – 12-13 шілдеде, Ақмола облысы – 18-19 шілдеде, Батыс-Қазақстан облысында –  5-6 тамызда, Ақтөбе облысында –  8-9 тамызда, Түркістан облысында – 13-14 тамызда, Жамбыл облысында –  15-16 тамызда, Қостанай облысында -  21-22 тамызда, Маңғыстау облысында -  17-18 қыркүйекте, Атырау облысында – 20-21 қыркүйекте әрі қарай Қарағанды, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан, Қызылорды облыстарында өтеді.

Бағдарламаға сәйкес форум келесідей формат бойынша өткізіледі: бірінші күні пленарлық сессия болады. «Менің табысқа жетуім» шеруін 2018 жылғы кандидаттар ашып, әр түрлі салалардағы 5-6 табысты ауыл әйелдерінің тарихы Форумның тұжырымдамасына сәйкес ұсынылады. Күннің екінші жартысында төмендегі тақырыптар бойынша мастер-класстар өткізіледі: ауылда кәсіпкерлік құру (Coca-Cola Белестері әлеуметтік жобасы негізінде), ауылдағы қаржы сауаттылығы (Атамекен, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау Қоры), ауылдға арналған жасыл технологиялар (ФАО, Азия даму Банкі, Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдаламасы, Коалиция)

Кешкі сағат 17:00-ден 18:00-ге аралығында қорытынды пленарлық сессия Қазақстанның ауылдық әйелдерінің екінші форумының делегаттарын анықтап, қорытындылауға арналады.

Кейбір өңірлерде, келісім бойынша,  далалық кездесулер 2-ші күні жоспарланған.

«2018 жылғы қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Ауыл - ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыруды ұсынған болатын. Біз, жасыл экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы, Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасының қоғамдық провайдері, Елбасымыздың осы бастамасына қоғамдық қолдауды ұйымдастыру туралы белсенділікті қолға алдық. «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасының аясында біз, біріншіден, ауыл тұрғындарына шаруашылық жүргізудің, ауылдағы еңбектің өнімділігін арттырудың практикалық дағдыларын оқытуды ұйымдастыруды ұсынамыз; екіншіден, ауылдық жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарға өз ісін ашу үшін микрокредиттерді кеңінен дамыту; үшіншіден, ауыл шаруашылығындағы өсіру мен сату-тарату, сервистік қызмет көрсету және микрокредиттеу мәселелерін шешу үшін жеке қосалқы және шағын шаруа қожалықтары ынтымақтастығын дамыту», - деді ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, форумның ұйымдастыру комитетінің төрайымы Майра Айсина.

Осы бастамаларды іске асыру үшін, коалиция, Қазақстан ауыл әйелдерінің ІІ форумына дайындық аясында үш бастама ұйымдастырған. Ол: «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасын қолдау үшін Меморандумға қосылу; «Ауылдарды тұрақты дамытудың үздік практикалары мен бастамалары» онлайн платформасын құру; ауылдық жерлердегі әйелдердің табысқа жету оқиғаларының республикалық марафонын жариялау.

«2019 жылдың қаңтарында ел жұртшылығының «Ауыл - ел бесігi» арнайы жобасының Меморандумына қосылуы туралы бастама көтердік. Меморандумның мақсаты - ауыл өмірін жақсарту бойынша құндылықтар мен қағидаттарды ортақ көретін адамдарды біріктіретін бірыңғай тұғырнама құру. Бәріңізді осы меморандумға қосылуға шақырамыз. Біз барлығыңызды ынтымақтастыққа және серіктестікке шақырамыз! www.greenkaz.org, www.expoandwomen.com сайттарындағы барлық мәліметтер толықтай бар. Екіншіден, Қазақстан ауыл әйелдерінің ІІ форумына дайындық барысында біз орнықты ауыл үшін үздік тәжірибелер мен бастамалардың онлайн платформасын құрдық. Платформа - бұл табысты, еңбек сүйгіш ауыл тұрғындарының құрмет тақтасы, ауылды қолдау үшін нақты әлеуметтік жобалар, ауылдық аумақтарды дамытуға салым салған халық батырларының жүздері», - деді Майра Айсина.

Ауылдық жобаларды онлайн-тұғырнама арқылы ұсыну, талқылау, ең жақсы жетістіктерді насихаттау үшін құрылған Www.greenkaz.org, www.expoandwomen.com сайттарынан онлайн парақша арқылы көре аласыз.

Айдана Абдрахманова

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды