- Басты
- Жаңалықтар
- Оралман отандастардың бизнес бастамалары қолдауға ие болады
Оралман отандастардың бизнес бастамалары қолдауға ие болады
Құжатқа «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы қол қойды.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, меморандумның мақсаты оралман отандастардың бизнес бастамаларын қолдау және дамыту.
Тараптар Қазақстан Республикасының Үкіметіне оралмандармен жұмыс жөніндегі ұсынымдарды қалыптастыру, мемлекеттік бағдарламаларды және басқа да мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру жөнінде ақпараттық қолдау көрсетуді қарастырып отыр.
Сондай-ақ, тарихи отанына оралған және шетелде тұратын оралман отандастардың осындай бағдарламаларға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету сияқты бағыттарда ынтымақтастықты жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Дүние жүзі қазақтары қауымдастығымен облыстық филиалдардың қызметкерлеріне жедел өзара іс-қимылды бекітеді.
Сондай-ақ серіктестермен бірлесіп, шетелде тұратын қазақтар үшін Қазақстанда бизнесті дамытуға жағдай жасау тетіктерін қарастырады.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 2013 жылдан бастап мемлекеттік бағдарламалар аясында ауыл кәсіпкерлігіне шағын несие беру операторы болып жұмыс істеп келеді. Осы кезең аралығында Қор 118 млрд. теңгеге 52 мың шағын несие берді, соның көмегімен ауылдық жерлерде 52,6 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылы Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша ауыл тұрғындарына, соның ішінде оралмандарға жалпы сомасы 30 млрд.теңге болатын 8 мыңнан астам несие берілді», - деді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасы Жандар Омаров.
Ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру, бизнес жоспарлар дайындау және ауылда бизнес әлеуетті іске асыру үшін гранттар, жеңілдіктер мен субсидиялар алуға жәрдем көрсету мүмкіндіктері зерделенеді. Агроөнеркәсіптік кешеннің «жасыл» технологияларын пайдалана отырып сүт, ет, өсімдік және өндіру мүмкіндіктері зерттеледі. Ауылда бизнесті ұйымдастыру жөнінде пәрменді модель жасалатын болады.
Аягөз Құрмаш
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Ә.Ерғалиев: Ел экономикасы 2,7%-ға өсті