- Басты
- Жаңалықтар
- 500 арыстық бала елордада демалады – А.Көлгінов
500 арыстық бала елордада демалады – А.Көлгінов
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев Арыс қаласына ҚХА атынан көрсетіліп жатқан гуманитарлық көмек туралы айтып берді.

«Елімізде орын алған жағдай Арыс қаласындағы жарылысқа байланысты Арыс қаласының тұрғындарына, қайтыс болған үш азамат пен зардап шеккен отбасыларға Ассамблея атынан көңіл айтып, олармен бірге екенімізді айтқым келеді. Оқиға орын алған 24 маусымның түс кезінде-ақ, мәдени орталықтар мен бірлестіктер қызу іске кірісті. Түркістан облысының Достық үйінде штаб құрылып, сол жерде өз көмектерін көрсете бастады. Ең алдымен Түркістан облысындағы этномәдени орталықтар сол жерде болғандықтан, негізгі көмекті солар берді», - деді Ж.Түймебаев.
Сонымен қатар, Ж.Қансейітұлы 26 маусымның кешегі кешіне дейін бүкіл облыстардағы Ассамблея құрылымдары, этномәдени бірлестіктері атынан 50 млн теңге қаржы аударылғанын айтты.

«Бұл жұмыс әрі қарай жалғасын табады. Қаржыны жинастырып жатқан себебіміз, жаз уақытында азық-түліктің көп сақталмайтынын ескеріп, қаржылай жіберген дұрыс деп есептедік. Бұзылмайтын заттар, дәрілерді әрбір облыстан көліктермен жеткізіліп жатыр. Мәселен, Батыс Қазақстан облысынан 30 тонна өнім, Қарағанды облысынан 20 тонна, Нұр-Сұлтан қаласының өзінен 22 тонна азық-түлік жөнелтілді. Қазір көріп тұрғаныңыздай, тағы да жиналып жатыр», - деді ол.
Сонымен қатар, ол бірлестіктер оқиға орнында да жұмыс істегенін айтып өтті.
«Түрік, өзбек, әзербайжан мәдени орталықтары әрқайсысы 200 орындық балабақшаларды дайындап, келген азаматтарды орналастырды. Өзбек мәдени орталығы 1000 адамға тамақ ұйымдастырды. Әзербайжан орталығы 500 адамға тамақ ұйымдастырды. Осындай көмектер іске асырылып жатыр. Сондай-ақ, Алматы қаласынан арнайы жүк көліктерге заттар тиеліп, жөнелтілді. Қазіргі таңда әр облыста этномәдени бірлестіктер, Ассамблея мүшелері бірнеше млн теңге қаржы жинап, жіберіп жатыр. Сондықтан да, біз бұл жұмысты жалғастыра беретін болады. Ассамблея мүшелері Арысқа барып қайтты. Халықтың қажеттілігін біліп, қандай көмек көрсетуге болатынын бақылауда ұстауда», - деді Ж.Түймебаев.
Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елорда да Арысқа барынша көмек көрсетіп жатқанын айтып өтті.

«Біз Мемлекет басшысының үндеуін қолдап, ҚХА, «Нұр Отан» партиясының бастамасымен бүкіл ел болып қол ұшын созып жатырмыз. Ассамблея тарапынан да халықтың бірлігін паш ететіндей істер атқарылып жатыр. Сондай-ақ, «Біз Арыспен біргеміз» акциясын жүзеге асырудамыз. Әкімшілік тарапынан да ұйымдастырушылық шаралары да басталып кетті», - деді А.Көлгінов.
Сонымен қатар, қала басшысы бүгін елорданың құрылыс саласының мамандары Арысқа аттанғанын айтты.
«Арыс қаласында Түркістан облысының әкімдігімен бірлескен жұмысты бастап кеттік. 17 сектордың 9 секторы Нұр-Сұлтан қаласына тиесілі. Ол жерде 500 жуық үй бар. Сол үйлерді қалпына келітіріп, жөндеу жұмыстарын жүргіземіз», - деді А. Көлгінов.
Сондай-ақ, Бас қала басшысы қызметкерлер бір күндік жалақыларын арыстықтарға көмек ретінде аударғанын жеткізді.
«Бұл орайда Ассамблея мүшелері де көмек көрсетті. Күні кеше жалақы аударылымынан ғана 200 млн теңге жіберілді. «Нұрлы астана» деген қор әрі қарай жұмыс жасап жатыр. 500 арыстық бала 1 шілдеден бастап елордаға келіп, Нұр-Сұлтанмен танысады, осылайша, әлеуметтендіру жұмысын жүргізбекпіз. Оған Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті демеушілік көрсетеді, жатын орындар әзірлейді. Олар концерттер мен түрлі мерекелік шараларды тамашалайды. Бұқаралық шараларға барып, балалардың ынтасын арттырғымыз келеді», - А.Көлгінов.
Аягөз Құрмаш
Фото: Артем Чурсинов
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді