• Басты
  • Келесі жылдан бастап барлық кәсіпкерлер салықтан жалтара алмайды
26 Маусым, 2019 19:31

Келесі жылдан бастап барлық кәсіпкерлер салықтан жалтара алмайды

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары, ҚР Қаржы министрі Алихан Смайлов халық алдында 2018 жылы министрліктің атқарған жұмыстарының нәтижелері мен жоспарлары туралы есеп берді. Қаржы министрлігінің қатысты негізгі бағыттарға: бюджетке түсімдерді толығымен жинақтау, қаражаттың тиімді игеріліуін бақылау, барлық әлеуметтік міндеттерді орындау және экономиканың өсуіне үлес қосу жатады.
Келесі жылдан бастап барлық кәсіпкерлер салықтан жалтара алмайды

Министрдің айтуынша, Қазақстандағы кез-келген азамат еліміздің экономикалық дамуын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын жасай алады. Осы кезеңде мемлекеттің азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылы оң нәтижесін береді. Министрліктің қызметі Президент Жолдауларында, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында және еліміздің стратегиялық құжаттарында белгіленген басымдықтарға толығымен сәйкес келеді. Оларды жүзеге асыру әлеуметтік-экономикалық мәселелердің кең ауқымын шешуге бағытталған. Ал, министрлік жұмысының негізгі стратегиялық бағыттарына:  қаржы жүйесінің тұрақтылығына септік ету, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру, бюджетті жоспарлау және орындау процестерін жетілдіру, жекешелендіру процесін тиімді жүзеге асыру кіреді.

Алдымен А.Смайлов 2018 жылға бюджет кірістерін орындау, сол жылға және ағымдағы жылдың 5 айы бойынша есебін ұсынды

«2018 жылдың қорытындысы бойынша ел экономикасының өсімі 4,1%, инфляция деңгейі 5,3%-ды құрады. Өткен жылы бюджеттің барлық деңгейлері бойынша кіріс жоспарлары асыра орындалды. Атап айтсақ, мемлекеттік бюджет - 102,5%, республикалық бюджет - 102,3%, жергілікті бюджеттер - 103%. Мемлекеттік бюджеттің кірістері (трансферттерді есептемегенде) 8,2 трлн. теңгені құрады, бұл жоспардағыдан 194 млрд. теңгеге артық. Осыған орай, республикалық бюджетке 5,8 трлн. теңге түсті, бұл жоспардағыдан 130,3 млрд. теңгеге артық және 2017 жылға қарағанда 836 млрд. теңгеге артық», - деген мәлімет берді Қаржы министрі А.Смайлов.
 

2019 жылдың 5 айында бюджет кірістерін орындау нәтижесі бойынша, 5 ай ішінде мемлекеттік бюджет түсімдерінің өсуі 105,4%, республикалық бюджеттікі - 102,7%, жергілікті бюджеттердікі- 113,4% болған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік бюджеттің кірісі 510 млрд. теңгеге, республикалық бюджеттікі - 450 млрд. теңгеге, жергілікті бюджеттікі - 60 млрд. теңгеге өсіпті.


«Өткен жылдың соңына Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты 26,1 трлн. теңге немесе 61,6 млрд. АҚШ долларын құрады. Былтыр Ұлттық қорға 5,8 трлн. теңгені түсті, оның 3,2 трлн теңгесі - бұл мұнай секторы ұйымдарының тікелей салықтарынан, 2,5 трлн. теңге - инвестициядыө кірістер есебінен, басқа да кірістер - 21,6 млрд. теңге болған. 2018 жылы республикалық және жергілікті бюджеттердің шығыстары тиісінше 99,8% және 99,7%-ға орындалды. Бұған бюджетті тиімді жоспарлау және орындау арқылы қол жеткізілді. Сонымен бірге, бюджеттің шамамен 50%-ы әлеуметтік салаға бағытталды», - деді бюджет шығыстары мен ұлттық қор қаражаттары туралы мәлімет келтірген министр.


Шағын және орта бизнес субъектілерінен және шикізаттық емес сектордан түсетін түсімдер туралы министрдің берген есебі бойынша, бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар 2018 жылы әрекеттегі салық төлеушілер санының ұлғаюына әсер етіп заңды тұлғалардың саны 42 мыңға (2017 жылғы 367,2 мыңнан 2018 жылы 409,1 мың адамға дейін), жеке кәсіпкерлер - 43 мыңға (1140, 4 мыңнан 1183,4 мыңға дейін) өскен. Бұл жағдайда шағын және орта бизнест субъектілерінен салық түсімі 2017 жылмен салыстырғанда 25%-ға өсіп, 3 трлн. 384 млрд теңгені құраған.


Шикізаттық емес сектордан да алынатын салық түсімі 16%-ға артып, 5 трлн. 820 миллиард теңгеге жетіпті. Айрықша атап өтетіні, өз қызметкерлеріне жалақы төлейтін және жеке табыс салығы ұсталатын салық агенттерінің саны (барлық заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер) 12 мыңға жуық адамға өскенін көрсеткен.

Министр А.Смайлов бюджет кірістерінің өсімі туралы да ақпарат берді.

«Салық түсімдерінің Жалпы ішкі өнімдегі үлесі 18,6% болды. Бұл алдыңғы жылмен (16,8%) салыстырғанда 1,8 пайыздық пунктке артық. 2025 жылға дейінгі мақсатымыз - салықтың Жалпы ішкі өнімге үлесін 25 пайызға дейін жеткізу. Біз бұл көрсеткішке көлеңкелі экономиканы қысқарту арқылы қол жеткіземіз. Негізгі заңнамалық мәселелердің бірі реабилитация және банкроттық туралы заңдарға өзгерістер енгізу. Осыған қатысты тиісті заң жобасы әзірленіп, Парламент Мәжілісіне енгізілді. Сондай-ақ, жеке тұлғаларға салық амнистиясын жүргізуге қатысты заң жобасы Парламент Сенатында қаралуда.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Смайылов 2025 жылға дейін салықтың жалпы ішкі өнімдегі «ЖІӨ-дегі) үлесі 25 пайызға дейін жеткізілетінін айтты.

«Салықтан түскен қаражаттардың Жалпы ішкі өнімдегі үлесі 18,6 пайызды құрады. Бұл дегеніміз өткен жылмен (16,8%) салыстырғанда 1,8 пайыздық пункке артық екенін білдіреді. 2025 жылға дейінгі біздің басты мақсаттарымыздың бірі  - салықтың жалпы ішкі өнімдегі үлесін 25 пайызға дейін арттыруды көздеп отырмыз. Осы ретте біз бұл көрсеткішке көлеңкелі экономиканы қысқартуға күш саламыз», - деді А.Смайылов.

Бұнымен қоса, ол кедендік басқару мәселесіне тоқтала келе, 2018 жылы кедендік баждар мен салықтардың түсімі 2017 жылмен салыстырғанда 17 пайызға өскенін, 2 трлн теңгеден асқанын алға тартты. Биылғы, яғни 2019 жылғы, 5 айда ол өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21 пайызға артқан екен.

«Біз салықтық құқық бұзушылықтар бойынша қоғамдық бақылауды күшейтіп, жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді рәсімдеу кезінде салық төлеуді бақылау бойынша нотариусқа функция беріп, сондай-ақ салық саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті қатаңдату бөлігінде заңнамаға өзгерістер енгізуді жоспарлап отырмыз», - деді ҚР Қаржы министрі.

Министр салықтан жалтарып, көлеңкелі сауда айналымын болдырмау үшін қолданылған бірнеше шараларға тоқталды

«Тауарларға салынатын Қосымша құн салығының ашықтығын жоғарылату шеңберінде, блокчейн технологиясын қолданып ҚҚС шоты арқылы жаңа әдіс әзірленді. Жүйені енгізу ерікті негізде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылады және 43 ҚҚС бойынша шоттар ашылды.3 пилоттық салық төлеушілерге ҚҚС бойынша бюджеттен 55 млн. теңге орнына 15 күн ішінде жалпы сомасы 48 млн. теңгеге қайтарылды.Жобаның мақсаты ҚҚС қайтару уақытын 1 күнге дейін қысқарту», - деп атап өтті министр.

2020 жылдан, яғни, келесі жылдан бастап барлық кәсіпкерлер онлайн кассалық бақылау журналын қолдануы керек. Осы арқылы кәсіпкерлерге салықтан жалтару мүмкіндігі оңайға соқпайтын болады.

«Көлеңкелі экономикаға қарсы күрестің негізгі шараларының бірі - онлайн-деректерді беру арқылы кассалық-бақылау журналын пайдалану. 2020 жылдан бастап, барлық кәсіпкерлер онлайн кассалық бақылау журналын қолдануы керек (бүгінгі күні 300 мың онлайн кассалық бақылау журналы қосылған).  Министрлік салықтық құқық бұзушылықтар бойынша қоғамдық бақылауды күшейту, заңдарға жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді тіркеу кезінде салық төлеуді қадағалау функциясын ұсыну, сондай-ақ салық заңнамасының бұзылуына жауапкершілікті күшейту бойынша заңнамаға өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр.Темекі өнімдерін таңбалаудың пилоттық жобасы аяқталады және алкоголь өнімдеріне, аяқ киімге және дәрі-дәрмектерге арналған таңбалау кеңейтіледі.Таңбалау тек көлеңкелі сауда айналымына және халықтың денсаулығына зиян тигізуі мүмкін тауарларға ғана қатысты болады. Сондай-ақ, салық төлеушінің электронды әмияны салық төлеу механизмін жеңілдету үшін енгізу маңызды міндет», - деді министр.

Кедендік басқару саласы бойынша, 2018 жылы кедендік баждар мен салықтардың түсімі 2017 жылмен салыстырғанда 17%-ға өсіп, 2 трлн. теңгеден асты. Ал ағымдағы жылдың 5 айында ол өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21%-ға артқан.

Ал, мемлекеттік қызметтер бойынша бүгінгі таңда Министрлік тарапынан мемлекеттік қызметтің 51 түрі көрсетіледі. Оның 38-і немесе 75%-ы электрондық үкімет және Министрліктің ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады.  Былтыр Министрлік көрсеткен 22,2 млн. қызметтің 94%-ы электрондық түрде болған. Олар халықтың қажеттілігін қанағаттандыруға және Министрлікке деген сенімін арттыруға бағыттылған.

Айдана Абдрахманова

Барлық материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды