- Басты
- Медициналық ЖОО-да сабақ аудиторияда емес, ауруханада өтеді
Медициналық ЖОО-да сабақ аудиторияда емес, ауруханада өтеді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елдегі медициналық қызметтің сапасын арттыру үшін университет-клиникаларын қолға алу тәжірбиесі сөзсіз керек екенін, әлемдегі ең мықты ауруханалар университеттердің құрамына кіретінін алға тартты.
«Қазіргі таңда біздегі ең күрделі мәселе – ол медициналық қызметтің сапасы. Әрине ол біздің мамандардың білімі мен тәжірибесіне байланысты. Соңғы жылдарда қарап отырмыз, әлемдегі ең мықты ауруханалар университеттердің құрамына кіреді. Жақында президентіміздің тапсырмасы бойынша біз осы жұмысты бастадық. Бұл – еліміздегі әр-түрлі ауруханаларды университеттердің құрамына кіргізу. Әрине, осы тәжірибе біздің елде де бар. Қазірдің өзінде Назарбаев университетінің медицина мектебінде өздерінің клиникасы сәтті жұмыс істеп келеді. Сонымен қазіргі күнде бес ұлттық медициналық университеттер бар, соларға біз облыстық ауруханаларды тапсырып немесе жаңа ауруханаларды салып беріп жұмыс істейміз. Ауруханаларға мұғалімдерді кіргізу керек. Мұғалімдер сабақты аудиторияда өтпей, ауруханада өтуі тиіс. Бүгінгі бізің семинарымыздың мақсаты – осы әлемнің тәжірибесін қарастыру. Басқа да мемлекеттік, жеке меншік компаниялар келіп отыр, солармен жоспарлар құрып, осы мемлекеттік және жекеменшік әріптестік негізінде медициналық білім беру саласын ары қарай дамыту», - деген ойын айтты Елжан Біртанов.
Министрдің сөзінше көппрофильді ауруханалар заманауи стандарттарға сай емес және олар қазіргі технолгиялық өзгерістерде тиімділігін көрсете алмайды. Соның өзінде бүгінгі таңда Қазақстанда ауруханалардағы төсек-орындардың 40 пайызын көппрофильді аурхалардың орындары алады. 2025 жылға дейін Қазақстанның әр өңіріндегі денсаулық сақтау саласын инфраструктурасын дамыту жоспары бекітілді. 2018 жылы 94 аурухана бірігуінің нәтижесінде олардың саны 35 болды. Бір ауруханадағы орындардың орташа тығыздығы - 415 орын. Осы оптимизацияның әсерінен 3,4 млрд теңге үнемделді. Түркістан, СҚО өңірлерінде аурухана салу жөнінде инвесторлармен меморандумдарға қол қойылды.
Ол сондай-ақ, қазірдің өзінде Алматы қаласында орналасқан 5 ғылыми-зерттеу клиникаларын университет құрамына бергенін хабарлады.
«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өңірлермен бас қосып әр өңірде 2026 жылға дейін медициналық инфрақұрлымды дамыту жоспарын бекітіп отырмыз. Оны заң бойынша ДСМ бекітеді. Бүкіл елімізде қанша және қандай ауруханалар болады оның ішінде университеттік клинакалар қанша болады деген пункттер кіреді. Қазір бізде тізім бар. Бүгіннің өзінде Алматы қаласында орналасқан 5 ғылыми-зерттеу клиникаларын университет құрамына бердік. Сонымен қатар жаңа жоба бар. Сол бес ескірген ғылыми-зерттеу орталықтарының орынына бір үлкен клиника соғу. Нұр-сұлтан қаласындағы ескі Теміржол ауруханасының орынына жаңа аурухана соғып оны да университеттік клиникаға айналдыру деген жоспарымыз бар. Қазіргі күнде халықаралық стандарттар бойынша студенттер 1 курстан бастап ауруханаларда оқып, жұмыс істеуі қажет. Осы арқылы біз студенттерге жақсы мүмкіндік беріп отырмыз. Өйткені бізде көп жағдайда облыстық, қалалық ауруханалар студенттерді тәжірибе алуға қабылдай бермейді. Университеттік-клиника бір жағынан осы мәселені шешсе, екінші жағынан медицинаға үлкен серпіліс болмақ», - деп ойын аяқтады ҚР Денсаулық сақтау минитрі Елжан Біртанов.
ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова бүгінгі хаықаралық форумға түрлі мемлекеттік органдардың жетекшілері мен өкілдері келіп, медицина саласын жетілдіру мәселесіне қатысты қызығушылық танытқанын алға тартты.
«Кейде біздің озық ойларымызды жүзеге асыруға келгенде басқа да мемлекеттік органдардың қитығына тиіп қалатыны жасырын емес. Сондықтан да бүгін түрлі мемлекеттік органдарды да шақырып отырғанымыздың себебі еліміздегі медицина саласын жетілдіру үшін бірлесіп алдын-ала оңтайлы шешімге келу. Қыркүйек айына қарай біздің барлық дәрігерлік ассоциациялар, мемлекеттік жеке меншік мекемер бірігіп денсаулық сақтау саласының мәселелерін қолға алатын боламыз. Мысалы, қазіргі таңда тамақ өнімдері ондағы транс майлар, темекі өндірісіндегі мәселелер өршіп тұр. Біздің орталық жалғыз өзі қоғам денсаулығына қатысты шешімдерді қамти алмайды. Сондықтан осындай бірлік керек», - деді Айнұр Айыпханова
С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университет ректоры, медицина ғылымдарының докторы Талғат Нұрғожин әлемдегі университет-клиникаларының үлгілеріне мысал келтірді.
«Медициналық білім беру саласындағы дүниежүзілік жоғары оқу орындарының түрлі озық үлглерін қарастыра , мысалы университеттік клиника саласында АҚШ мемлекеті алда келеді. Клиникалар әрине, ауыр және өткір жағдайларда ем қабылдайтын функциясын жоғалтпайды. Медицина қызметі бұл жаңашылдықта сапасын жоғалтпайды және даму пациентке бағытталады. Европалық университет клиникалырының үлгісін алып қарасақ, онда клиникада тек қана ауыр жағдайдағы пациенттерді қарайды жалпы ауруханалар қызметі мүлде тоқтатылады және аурудың диагнозына сәйкес салалық аруханаға жіберіледі. Бұл жерде білім беруді бірінші орынға қояды. Мұндағы тағы бір ерекшелік ауруханалар қонақ үйлердің үлгісінде болады. Палаталар қонақ үй нөмірлері сияқты. Оған кіргенде қонақ үйге емес, ауруханаға кіргендей боласың. Бізегі басты мақсат бұл үлгілерді өзіміздің техникалық мүмкіндіктерімізге қарай икемдеуіміз керек», - деді ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин.
Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры австралиялық университет-клиникасының үлгісіне де тоқталды.
«Мұнда мемлекет университетті стратегиялық ұлттық актив ретінде белсенді қарастырады. Студенттердің басым көпшілігі дәстүрлі білім беру сатылары: бакалавр, магистратураға түседі. Университеттер берілген қызмет пен басқаруды трансформациялап, модернизациялайды. Әрі мемлекет ұлттық бюджетке күш түсірмеу үшін университеттерді қаржылық тәуелсіз етеді», - деді ректор.
«Астана медицина университеті» КеАҚ ректоры Д. Павалькистің айтуынша форумның нәтижесі – клиникаларды құру саласындағы қазіргі саясатты қайта қарастыру, яғни кішігірім бірсалалалы клиникалардан көшу және қалалық, аумақтық немесе республикалық деңгейлеріне қарамастан аумақтың барша халқын барлық медициналық, сонымен бірге шұғыл көмекпен қамтамасыз ететін үлкен көпбейінді клиникаларды салуға көшуді мақсат тұтады.
Әлемнің озық тәжірбиесін талқылаған форумға Литва, Түркия елдерінің университеттік клиникаларының басшылары, мемлекеттік және жекеменшік компания өкілдері (General Electric компаниясы, Philips компаниясы, Атамекен ҰКП және т.б.) қатысқан форум Қазақстанда университеттік клиникаларды құру барысында инвестицияларды тартумен бірге халықаралық серіктестікті дамытуға жақсы мүмкіндік тудыруы керек.
Айта кетейік, осы осы іс-шара ұйымдастырушыларының қатарында: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, «Астана медицина университеті» КеАҚ және «С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ болды. Ал, қатысушылардан: Медициналық университеттер, стратегиялық серіктестер, клиникалар және биомедициналық зерттеу ұйымдары жаңа клиникалардың мысалында (инфрақұрылым, пациент логистикасы, зерттеу және оқыту мекемелері, шетелдік лабораториялар) клиникаларға (сонымен қатар, университеттік клиникаларға) деген сұранысты жоспарлау мәселері жөніндегі басты сарапшылар болады.
Айдана Абдрахманова
Барлық материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.
-
Елордада қандай халықаралық іс-шаралар өтеді
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 19 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Германия Федералдық Сыртқы істер министрлігінің Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық мәселелері бойынша уәкілетті өкілі Михаел Зибертпен кездесуі өтетінін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz.
18 Қараша 2019, 18:13
-
Е.Бекхожин: Ержан Максим Қазақстанның ғана емес, барлық түркі әлемінің намысын қорғайды
Биыл Қазақстан Польшаның Гливице қаласында өтетін халықаралық "Junior Eurovison Song Contest" ән байқауына екінші рет қатысады. 24 қарашада аталған ән додасында еліміздің ғана емес, барлық түркі әлемінің атынан жас әнші Ержан Максим өнер көрсетеді. Бұл туралы "Хабар" агенттігінің Басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин баспасөз мәжілісінде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
15 Қараша 2019, 15:49
-
Елордада 2021 жылы Жер фестивалі өтеді
6-7 қараша аралығында Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы төралқасының төрайымы Әлия Назарбаева бастаған, құрамында Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының басшысы Рамазан Жәмпейісов және Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының Стратегиялық даму департаментінің директоры Мәдина Жиенбаева қатысқан делегация Монако қаласында өткен форумға белсене қатысты.
07 Қараша 2019, 17:31
-
«ҚазАгро» реформалау жұмыстарын қалай жүргізіп жатыр
«ҚазАгро» реформалау жұмыстарын қалай жүргізіп жатқаны туралы Холдингтің басқарма төрағасы Ербол Қарашөкеев айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz.
06 Қараша 2019, 16:49
-
Қазақстанда «Ózgerіs ustasy» бірінші республикалық сыйлығы өтеді
Қазақстанда креативті, гуманистік және шығармашылық адамдар арасында жаңа бағыт – әлеуметтік кәсіпкерлік дамуда. Әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы көрнекті мамандардың еңбегін қоғамдық мойындау, Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік институтына назар аудару мақсатында алғаш рет әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін Ózgerіs ustasy республикалық сыйлығы өткізілмек.
01 Қараша 2019, 14:38
-
Шетелдік медицина университеттерімен стратегиялық серіктестік нығайтылып жатыр
Елордада Digital Bridge 2019 халықаралық технологиялық форумы аясында Digital Health Astana 2.0 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жерге медина саласының мамандары, отандық және шетелдік медицина университеттерінің ректорлары, префессорлары, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өкілдері жиналды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
24 Қазан 2019, 15:12
-
Медициналық сақтандыру жүйесі отбасылық бюджетті үнемдейді
Медициналық сақтандыру несімен тиімді? МӘМС жүйесіне тіркелген азаматтар ақылы емделу үшін артық ақша жұмсамайды, аталған жүйе бойынша сақтандырылған адамдарға медициналық қызметтер тегін көрсетіледі, деп хабарлайды ҚР Денсаулық министрлігінің баспасөз қызметі.
18 Қазан 2019, 16:25
-
Д.Абаев: Рухани келісімсіз Қазақстанның дамуы мүмкін емес
Еліміз жыл сайын 18 қазанда Рухани келесім күнін атап өтеді. Осы атаулы күнге орай елордада өткен "Рухани келесім - бірлік пен тұрақтылықтың кепілі" атты конференцияға қатысқан КР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев халықты бірлікке шақырып, елдегі соңғы кезде болып жатқан жағдайларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
16 Қазан 2019, 13:37
-
МӘМС жүйесі бойынша барлық азаматқа бірдей медициналық көмек көрсетіледі
Қазіргі таңда елімізде ҚР Президенті мен Елбасы тапсырмасы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай азаматтардың МӘМС жүйесіне қалай тіркелетіні, жүйе арқылы қандай медициналық қызмет алуға болатыны жөнінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының халықпен жұмыс істеу департаментінің менеджері Айтолқын Сұлтанова айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
09 Қазан 2019, 10:02
-
Қазақстанда Волонтер жылы қалай өтеді
Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңес отырысында «Волонтер жылын өткізу туралы» заң жобасы талқыланды, деп хабарлады Strategy2050.kz.
27 Қыркүйек 2019, 14:15
-
2020 жылдан бастап медициналық қызмет екі пакет шеңберінде ұсынылады
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық қызметтер екі пакет шеңберінде, яғни, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) ұсынылатын болады, деп хабарлайды Strategy2050.kz.
26 Қыркүйек 2019, 12:21
-
Салықтық рақымшылық аясында алматылықтар 3 млрд.теңге борыш өтеді
Қазіргі уақытта салық бойынша негізгі борышты 5,3 млрд.теңге сомасына 242 387 қазақстандық өтеген. Есептен шығарылған өсім 1,13 млрд. теңгені құрады.Бұл ретте, бір апта ішінде салықтық рақымшылық жасау мүмкіндіктерін пайдаланған азаматтар саны 65 322 жеке тұлғаға өсті, оларға осы уақыт аралығында 254,4 млн. теңге көлемінде өсімпұл есептен шығарылды, деп хабарлады Strategy2050.kz.
25 Қыркүйек 2019, 16:37
-
Нұр-Сұлтанда Astana Hub Battle жарысы өтеді
Astana Hub Battle жарысы 2019 жылдың 24-25 қазанында «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумы аясында өтеді. Іс-шараның басты мақсаты – үздік технологиялық стартап-жобаларды анықтау және оларды дамыту үшін ақшалай сыйлықтармен марапаттау.Өтінімдер Digital Bridge форумының сайтында 2019 жылдың 15 қазанына дейін қабылданады, деп хабарлады Strategy2050.kz.
25 Қыркүйек 2019, 12:05
-
Қазақстанда Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесі өтеді
Бүгін Нұр-Сұлтанда «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесі өтеді,деп хабарлайды Strategy2050.kz.
24 Қыркүйек 2019, 08:37
-
Елордада «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумы өтеді
Елордада 2019 жылдың 24-25 қазанында жыл сайынғы «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумы өтеді. Жетекші IT-мамандар мен технологиялық кәсіпкерлер цифрлық даму саласында инновациялық шешімдер мен тәжірибе алмасу үшін бірыңғай диалог алаңында жиналады, деп хабарлады Strategy2050.kz.
23 Қыркүйек 2019, 15:58
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды