• Басты
  • Бір топ депутат халықпен кездесу үшін Арыс қаласына кетті – Н.Нығматулин
26 Маусым, 2019 15:19

Бір топ депутат халықпен кездесу үшін Арыс қаласына кетті – Н.Нығматулин

Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен жалпы отырыс өтті. Алдымен Мәжіліс Төрағасы барлық депутаттық корпустың атынан Арыста қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, төтенше жағдай кезінде зардап шеккендердің тезірек сауығып кетулеріне тілектестік білдірді. Әрі қарай күн тәртібіндегі бірқатар заң жобалары мақұлданып, депутаттық сауалдар тыңдалды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Бір топ депутат  халықпен кездесу  үшін Арыс қаласына кетті – Н.Нығматулин | Strategy2050.kz

« Өздеріңізге белгілі, осы күндері бүкіл қазақстандық, бір ел болып, бір халық болып, Арыс қаласы тұрғындарына қолдан келген көмекті көрсетіп жатыр. Соның ішінде, Мәжіліс депутаттары да бірінші күннен бастап осы оқиғадан тыс қалған жоқ. Депутаттар өздерінің бір күндік жалақысын арнайы көмек көрсету қорына аударды, – деді Н.Нығматулин.

Сондай-ақ, Мәжіліс Төрағасы кешеден бастап бір топ депутат халықпен кездесуі үшін Арыс қаласына жол жүріп кеткенін айтып өтті.

«Баршамыздың ниетіміз осы-Арыс қаласының тезірек қалпына келіп, тұрғындар жағдайының тезірек жақсаруы», - деді Н. Нығматулин.

Сонымен қатар, осы күні Палата Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және Кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімге түзетулер енгізу туралы заң жобаларын жұмысқа алды.

Сондай-ақ, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «2006 жылғы 3 қазандағы ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы Қазақстанның және Ресейдің шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.

«Екі ел арасындағы шекара 7 500 шақырымнан асады және әлемдегі ең ұзын шекара болып саналады. Қазіргі уақытта Қазақстан-Ресей шекарасында 51 өткізу бекеті бар. Олардың 30-ы автокөлік, 20-сы теміржол және тағы біреуі өзен арқылы іске асырылады. Сонымен бірге, шекара маңындағы тұрғындарға арналған 86 өткізу бекеттері жұмыс атқаруда. Хаттамамен келісімнің 3-қосымшасында көрсетілген Шекара маңындағы аумақтарда тұратын Қазақстан мен Ресей азаматтарының шекараны кесіп өтуі үшін жарамды құжаттар тізбесіне өзгерістер енгізіліп отыр», - деді заң жобасын таныстырған ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов.

Сонымен қатар, Қазақстанның ішкі заңнамасында азаматтарды тіркеу кітабының күшін жоюына және мекенжай анықтамасының енгізуіне орай аталған келісімге тиісті өзгерістер енгізу қажеттігі туындады.

«Бұл өзгерістер 2018 жылы 9 қарашада Петропавлда 15-ші Өңіраралық ынтымақтастық форумында қол қойылған хаттамамен енгізілді. Қазіргі уақытта ауылдық аумақтардың барлық әкімдерінде интернет желісін қолдану арқылы мекенжай куәлігін беретін мүмкіндігі бар. Осыған байланысты бұл хаттаманы қабылдау Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының маңындағы аумақтарында тұратын Қазақстан азаматтарының өту үдерісін жеңілдетуге және тәртіпке келтіруге мүмкіндік береді», - деді Бейбіт Атамқұлов.

Сонымен қатар, Ресейдің Сыртқы істер министрлігінің 2019 жылы 12 сәуірде жолдаған нотасында РФ тарапы хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдер аяқталғанын хабарлады.

Өз кезегінде депутат  Василий Олейник  Парламент Мәжілісінің депутаттары каникулға 10 шілдеде шығатынын айтты.  

«Біз сессияны 10 шілдеге дейін ұзартып, жұмысты жалғастырмақпыз. Осы орайда, талқылаудан өткізуді қажет ететін заң жобалары бар және оларды мақұлдау керек. Мысалы, мемлекеттік қызметтер туралы заң жобасы ескеріліп отыр. Бұл құжат азаматтарымыз үшін қажет. Мемқызметтерді дер кезінде алу үшін тиісті жеңілдікті шаралар енгізілмек. Сонымен қатар, біздің депутаттардың өзге де бастамашылық еткен заң жобалары бар», - деді депутат.

Сонымен қатар, депутат алдағы уақытта атқаратын жұмыстар ауқымы көлемді екенін айта келе, 10 шілдеден кейін депутаттардың  сайлаушылармен кездесуі үшін өңірлерге сапарлары жоспарланғанын атап өтті.

Жалпы отырыс соңында халық қалаулылары орталық мемлекеттік атқарушы органдарлың басшыларына Н.Микаелян, В.Косарев, Ж.Омарбекова, Б.Ізмұхамбетов, А.Қоңыров депутаттық сауалдар жолдады.
 

Аягөз Құрмаш 

Барлық материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды