- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік қызмет: Артықшылық пен басымдық, әлеуметтік қамсыздандыру
Мемлекеттік қызмет: Артықшылық пен басымдық, әлеуметтік қамсыздандыру
-Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде қанша қызметкер жұмыс істейді?
- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінде 667 штаттық бірлік орын бар. Оның ішінде, қазіргі уақытта бос лауазымдардың саны 42 бірлікті құрап отыр. Департаментке қарайтын 4 мекеме қазір жұмыс істеп тұр. ЕС-166-да 10 мекеме, ЕС 166 5 мекемесі, ЕС-166-да 1 мекемесі. Сонымен қатар, бізге тергеу изоляторы қарайды. 667 бірліктің ішінде 450-і аттестаталған құрам болып есептеледі. Аттестатталған құрамның бос лауазымдарының саны бүгінгі уақытта 23 бірлікті құрап отыр. Яғни, былтырғы жылға қарағанда бұл 6 пайызға бос лауазымдардың төмендегінін көрсетеді.
- Ал, бос лауазымдарды іріктеу бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатыр?
-Қазір бос лауазымдарды іріктеу байқау жариялау бойынша және бұрын ішкі істер органында қызмет еткен жұмыскерлерді қайта қызметке қабылдау бойынша іске асырылады.Байқау Мемлекеттік қызметі істері жөніндегі агенттіктен 2,3- бағдарлама бойынша тесті тапсыру керек болады. Сол тестпен келген жағдайда біз қажетті құжаттардың тізімін беріп, медициналық тексерістен өтуге жолдама береміз. Егер де үміткер барлық кезеңдерден өтсе, физикалық шынықтыру деңгейі тексеріледі. Еркек, не әйел топтары бойынша нормативтік көрсеткіштер бекітіледі. Сол бойынша барлық сынақтан өтетін болса, соңғы кезең келісу жүргізіледі. Онда кандидатқа жиналған құжаттардың барлығы толық қарастырылып, келіссөздер кезінде комиссия мен бақылаушының қатысуымен шешім қабылданады.

Осы кезеңдердің барлығынан өткен жағдайда алдымен тағылымдамашы ретінде жұмысқа тұрады. Кандидатқа басында жұмыс бойынша,барлық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Кейін кандидат 3 айға созылатын алғашқы дайындық курсынан өтеді. Арнайы оқуға біз Павлодар қаласына жібереміз. Олар сол жақтан дайындық курсынан өтіп келген соң, терең зерделеу мақсатында 3 айға дейінгі сынақ мерзімі қойылады. Егер де ол қызметкер өзін барынша көрсетіп, ынтасын білдірсе, сынақ мерзімі аяқталған соң арнайы шенін бекіту жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін ол біздің мекеменің толыққанды қызметкері болып саналады. Тағайындау берілген кезде ол қызметкерге тәлімгерлер бекітіледі. Тәлімгерлер бұрын-соңды сотталғандармен жұмыс істеген, тәжірибесі мол мамандар болып табылады. Олар 1 жыл бойы осы жас қызметкермен нұсқаулық жұмыстарын жүргізіп, оның ұжымға бейімделуін қамтамасыз етеді.
- Қызметкерлердің әлеуметтік қамсыздандырылуы қалай жүзеге асырылуда? Қандай жеңілдіктер қарастырылған?
- Қызметкерлер жұмысқа тұрған кезде нысанды киім үлгісімен толықтай қамтылады. Яғни, қызметкерлер жылдың 4 мезгілінде тегін жұмыс киімімен қамтылады. Әр берілген киімнің уақыты бар. Еңбек демалысы ұсынылған кезде 2 қызметақы көлемінде сауықтыру төленеді. Қызметкерлердің жалақысы еңбек демалысы кезінде тоқтамайды. Штаттық режимде өздерінің айлықтарын алып тұрады. Сондай-ақ, неке қию, бала туу кезінде, не болмаса қызметкердің жақын туысқаны қайтыс болған жағдайда үнемдеуге қарап, материалдық жағынан көмек көрсетіледі. Қазіргі кезде Нұрс-Сұлтан қаласының ҚАЖ департаменті мекемелерін есептеген кезде 70 пайыз қызметкерге тұрғын үйді жалдау үшін өтемақысы төленеді. Бір жеке бірлікке 50 мың теңге қарастырылған. Сондай-ақ, оның отбасы мүшелерінің санына да орай өтемақы беріледі.
- Қазір жемқорлықпен күрес мәселесі маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Департаментте жемқорлықпен күрес қалай жүзеге асырылып жатыр?
- Биыл қызметкерлердің жедел бөлімі мен мекеме бастықтарының бірлесуімен арнайы іс-шара анықтап, бір қызметкердің сотталғанға 12 мың көлемінде пара бергені үшін ұсталды. Осындай фактілердің алдыни алу мақсатында біз ІІМ-нен ҚАЖД комитетінен, республикада болып жатқан тәртіптік құқықбұзушылықтарды толыққанды барлық қызметкерге жеткіземіз. Себебі, қызмекерлер жемқорлықтың салдары қандай болатынын білуі керек. Ішкі істер министрлігінен келген нұсқаулықтардың барлығы жұмыскерлерге толық жеткізіледі. Әскери қызметтік дайынлдық сабағында нормативтік-құқықтық актілерді білу үшін қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық туралы заңы зерделеніп, арнайы сабақтар жүргізіледі. Сондай-ақ, жеке құрам қызметкерлерінің қатысуымен біз дөңгелек үстелдер жиі өткізіп тұрамыз. Биылғы жылы жемқорлық көрсеткіштері департаментте 4 есеге қысқартылды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық фактілерінің және басқа да заңдылықты бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу, анықтау мақсатында өзіндік қауіпсіздік бөліністері тұрақты негізде жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Тексерістер күндіз және түнгі уақыттарда кенеттен жүргізіліп отырады. Мәселен, 2019 жылы 5 ішінде 12 рейдтік іс-шара жүргізіліп, нәтижесінде 24 әртүрлі құқықбұзушылық анықталады, 3 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, кадрларды іріктеуді, кадр резервін қарастыруды, қызметкерлерді тағайындауды жетілдіру үшін Департаментте Кадр мәселелері жөніндегі және Тәртіптік комиссиялар құрылды. Онда шекті жасқа жеткен қызметкерлердің қызмет мерзімін ұзарту мәселелері қаралады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларының бірі полиграфты пайдалану болып табылады. Полиграфтың көмегімен кандидаттардың жеке және іскерлік қасиеттері мұқият зерделенеді, бұл кәсіби кадрлық іріктеудің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді және тұлғаның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға бейімділігін анықтауға көмек береді.
- Қызметкерлерге медициналық көмек жағынан жеңілдіктер қарастырылған ба?
- Қызметкерлер жұмысқа тұрар кезде іскери медициналық тексеруден өтеді. Кейін әр жыл сайын диспансерлік кәсіби қарау тегін жүзеге асырылады. Ол флюрографиядан бастап, қан тапсыруға дейін жүргізіледі. ҚР Ішкі істер министрлігінің емханасында әр қызметкер кәсіби қараудан өтеді. Тексеруде денсаулығы сыр көрсеткен қызметкерлерге госпитальге тегін жолдама беріледі. Ол жерде барлық қажетті мамандар бар.
- Мемлекеттік қызметкер болудың артықшылығы неде?
- Мемлекеттік қызметші болудың артықшылықтары көп деп айта аламын. Себебі, мемлекетке тікелей қызмет еткен соң тұрақтылықты сеземіз. Өйткені, осыған дейінгі кезеңдермен салыстырғанда жағдайымыз өте жақсы. Жалақы, пәтер жалдау, еңбек демалысы тұрақты екенін біліп, алаңдамай жұмыс істеуге барлық қолайлы жағдай жасалғанын сезесің. Сондай-ақ, қысқартуларға да түсіп қалған кезде қызметкерлерге өтемақысы төленеді. Мансаптық өсу баспалдағы да адал жұмыс істегендерге құшағын айқара ашады. Жүйеде әйел, еркек деп бөлу факторлары жоқ.

Барлығына бірдей жағдай жасалған. Зейнетақыға ерте шығу мүмкіндігі де бар. Қызметкерлердің еңбек өтілі де ерекше есептеледі. Мәселен, үзіліссіз 12,5 жыл еңбек еткен қызметкердің зейнетке шығуын қарастыруға болады. Зейнетке 37 жасында шыққан қызметкерлер де кездесті.
-Сұхбатыңызға рақмет.
Аягөз Құрмаш
Барлық материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер