Адами капитал

Президенттің тапсырмалары қалай орындалып жатыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралардың нақты жоспарын қабылдады. Үкімет өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу шараларын әзірледі.Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
Нұр-Сұлтан25 Маусым , 17:44

Еңбек  және халықты әлеуметтік  қорғау министрі Бердібек Сапарбаев әлеуметтік карта дайындалып жатқанын айтты.

«Жеке әлеуметтік карталар бойынша 97 пайызға жұмыс орындалды. 1 шілдеден бастап оны  100 пайызға жеткізбекпіз. Ең бастысы біз отбасының портретін әзірлеуіміз керек. Олардың мәселелері мен қандай мақсатқа жұмсалатынын айқындауымыз керек.  Бұл әлеуметтік   көмекпен  823 мың қазақстандықты  қамту қарастырылып отыр.  Оның  құны  83 млн теңгені құрап отыр. Зейнеткерлік қамтуға қатысты мәселе де белгілі. Жаңа базалық зейнетақының формасы бар. Зейнетақының мөлшері  85 785 теңгені құрайды. Қазір біз жинақтаушы зейнетақыны дамытып жатырмыз», - деді Б.Сапарбаев.

Сонымен қатар, ол келесі жылдан бастап  10 пайыз  жұмысшы беретін жинақтаушыға,  жұмыс беруші қосқан 5 пайыз қосылып, айына  15 пайыз жарна төленетінін жеткізді.

«Президент алдымызға қойған ең басты мәселелердің бірі  - жұмыспен қамту. Елде «Еңбек» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Жыл сайын бағдарлама шеңберінде біз  530 мың азаматты қамтуымыз керек. Биылға  124 млрд теңге қарастырылған», - деді Б. Сапарбаев.

Сонымен қатар, министр биылғы жылды Елбасы «Жастар жылы» деп жариялағанын атап өтті.

«Осыған орай, біз бағдарламаға екі бағытты енгіздік. Бірі «Жас маман», екіншісі «Жас кәсіпкер». Мақсатымыз – қазіргі экономиканың талаптарына сай мамандарды дайындау. «Бастау» бизнес бағдарламасын дамытып, гранттарды бөлу қажет. Сондай-ақ, үйде жұмыс істейтін  әлеуметтік жұмыс орындарын ашуды да қарастырып жатырмыз. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларға  аса маңызды мәселе», - деді Б. Сапарбаев.

Сондай-ақ, министр  1 маусымнан бастап жұмыс орындарын құру бойынша интерактивті карта  жұмыс істейтінін айтты.

«Ұлттық экономика министрлігімен бірігіп, ай сайын жаңа жұмыс орындарының құрылуы бойынша бақылау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сондай-ақ, сапалы кадрлармен қамтамасыз ету жұмыстары да қолға алынған», - дедің Б. Сапарбаев.

Өз кезегінде  Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр баспана мәселесі де шешіліп жатқанын айтты.

«Біздің ведомство екі бағыт бойынша жауапты болып белгіленді: «Қолжетімді баспана» және «Бірінші класты инфрақұрылым». Сайлау алдындағы бағдарламаны іске асыру үшін ағымдағы жылдың соңына дейін бізде 2020-2025 жылдарға арналған үш негізгі мемлекеттік бағдарламаны: Нұрлы жол, Нұрлы Жер және ИИДМБ әзірлеп, қабылдау міндеті тұр. Қазір барлық үш бағдарлама әзірленіп, келісу сатысында тұр», - деді Роман Скляр.

Сондай-ақ,  ол  «Нұрлы жол» бағдарламасының жобасы бойынша»   шамамен 7 мың км қайта жаңарту және 11 мың км республикалық маңызы бар автожолдарды жөндеу жоспарлануда, 12 мың км ақылы түрде жергілікті маңызы бар 30 мың км автожолға барлық жұмыс түрлері жүргізілетін болады.

«Осылайша, республикалық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 2025 жылға қарай 100% - ға дейін, ал жергілікті маңызы бар жолдардың 95% - ға дейін жеткізілетін болады. 10 әуежайды, терминалды және жергілікті әуе желілерінің 16 әуеайлағын салу және қайта жаңарту, шамамен 3 мың км магистральдық темір жол желісін жаңғырту көзделуде», - деді министр.

Сондай-ақ, ол  тұрғын үймен байланысты өткір әлеуметтік проблемаларды шешу мақсатында ИИДМ қолда бар барлық тұрғын үй бағдарламаларын бірыңғай тұрғын үй бағдарламасына шоғырландыратынын айтты.

«Онда тұрғын үйдің құрылысы мен бөлінуіне қатаң бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі пәрменді шаралар салынатын болады. "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында көп балалы отбасылардың тұрғын үй мәселелерін шешу үшін 7 жыл ішінде жалға берілетін тұрғын үй салуға және сатып алуға 350 млрд.теңге  қарастырылған. Бұл 2025 жылға дейін жыл сайын 6 мыңнан 40 мың жалгерлік тұрғын үй салуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  Мамыр айынан бастап 1480 көп балалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Жыл соңына дейін 7 мыңнан астамотбасы қамтамасыз етіледі», - деді ол.

Сондай-ақ,  министр  ИИДМ бағдарламасының жобасы бойынша  жаңа бағдарламада салалық басымдықтардан индустриялық экспортқа бағдарланған кәсіпкерліктің басымдық пайдасына көшу жүзеге асырылатынын айтты.

«Өңдеуші өнеркәсіптің барлық салаларындағы кәсіпорындарды"қолдау"орта және жоғары технологиялық тауарлар мен қызметтерді экспорттаушыларды екпінделген  «ынталандыруға»  ауыстыратын болады. Қолдаудың мәлімдемелік принципі ынталандырудың конкурстық қағидатына қарай өзгертілетін болады. Мемлекеттік ынталандыру шаралары нақты нәтижелерге қол жеткізу бойынша бизнестің қарсы міндеттемелеріне  алмасуға көрсетілетін болады.ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасында қарастырылған барлық іс - шаралар сапалы және уақтылы орындалады», - деп атап өтті Роман Скляр.

Ал,  Ұлттық экономика министрі Руслан  Дәленов табысты кәсіпкерлік үшін «Бизнестің жол картасы-2025» Мемлекеттік бағдарламасы қабылданатын болады. «БЖК-2025» аясында ШОБ саласында 30 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары құрылады, 100 мың кәсіпкер оқытылып, оларға кеңес беріледі. ЖІӨ-дегі ШОБ үлесі 2025 жылы 35% құрайтынын айтты.

«Бизнестің жол картасы-2025»  бағдарламасында несиелендіру көлемі ұлғайтылады. Мысалы, айналыстағы қаражатты несиелендіру көлемі 60 млн теңгеден 360 млн теңгеге дейін арттырылады. Бағдарламаға екінші деңгейлі банктер ғана емес, шағын қаржы ұйымдары да қатысады. Франшизалар алу мен қайта қаржыландыру бойынша несиелердің мақсатты арналуы кеңейтіледі. Жаңа бизенс-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант көлемі 3 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін ұлғайтылады. Біз мемлекеттік бағдарламалар бойынша барлық шараларға, салық, кеден, кәсіпкерлік кодекстеріндені барлық жеңілдіктерге олардың тиімділігін арттыру үшін талдау жасайтын боламыз. Аса қажетті шаралар арттырылады», — деді  Р. Дәленов.

Сонымен қатар, жаңа инвестицияларды тарту мақсатында салық салу және салықтық әкімшілендіру, атап айтқанда, инвестициялық салық несиесі жетілдіріледі. Сондай-ақ, адал бәсекелестікке тосқауыл болатын барлық кедергілерге ревизия жасалады. 

«Кәсіпкерлердің адалдығы презумпциясын» қарастыратын заңнамалық нормаларға бастама жасалады. Яғни, барлық айқынсыздықтар мен реттелмеген мәселелер заңнамада кәсіпкерлердің пайдасына қарай шешілетін болады. Қор нарығын дамыту арқылы азаматтардың табыстары мен бизнесті қаржыландыруды кеңейту жоспарланған. Оның ішінде, азаматтарды ұлттық компаниялардың ІРО-сына қарқынды тарту көзделген.  Бюджеттің мұнай түсімдеріне тәуелділігін жою бойынша шаралар әзірленуде. Заңнамалық бастамалар да банк активтерінің сапасын жақсартуға бағытталады», - деді ол.

Сондай-ақ, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов 2050 Стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының, Бес институционалдық реформа, Қазақстанның үшінші модернизациясы туралы хабардар етті.

«Мемлекет басшысы Іс-қимыл жоспарында іске асырылуы тиіс бірқатар негізгі міндеттерді белгіледі.Бірінші кезекте олар өмір сүру сапасын жақсартуға және халықтың табысын арттыруға бағытталған.Іс-қимыл жоспарының іс-шаралары 2050 Стратегиясының, бес институционалдық реформаның, Қазақстанның Үшінші жаңғыруының саяси бағытын толық қамтиды», - деді ол.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға және бюджет қаражатын пайдалануға жауапкершілігі мен есеп берушілігін арттыруға ерекше назар аударылатын болады.

«Бюджеттік жоспарлауды жетілдіруге, тиімсіз имидждік шығыстарды болдырмауға бағытталған шаралар кешені әзірленетін болады.Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөнінде, атап айтқанда, кәсіпкерлік бастаманы дамытуды ынталандыру және бизнес-ахуалды жақсарту жөнінде шаралар қабылданады.Бизнеске қолдау көрсететін шараларының тиімділігін бағалау мақсатында ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарламалар бойынша талдау жүргізіледі», - деді Ә.Смайылов.

Ол атап өткендей,  нәтижелері бойынша кәсіпкерлердің қарсы міндеттемелері ескерілген жаңа тәсілдер әзірленетін болады.

«Биылғы жылы «Бизнестің жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасы әзірленеді, оның шеңберінде бизнесті жаңа форматта қолдау жалғасатын болады.Заңнамаға жаңа нормалардың күшіне енуінің «өтпелі кезеңі» және «адалдық презумпциясы» қағидаттары енгізілетін болады.Негізгі тауар нарықтарындағы жағдайға талдау жүргізіліп, бәсекелестік үшін кедергілерді жою және монополиялық жағдайды теріс пайдалануға жол бермеу үшін кедергілерді жою Жол картасы әзірленетін болады», - деді ол.

Оған қоса, министр   экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің үздік тәжірибелерін қолдана отырып, «Оңалту және банкроттық туралы» Заңды жаңа редакцияда қабылдау мәселесін пысықталып жатқанын айтты.

«Бүгінгі таңда Парламент Мәжілісінің қарауында банкроттық және оңалту мәселелері бойынша заңнамаға түзетулердің үлкен блогы әзірленді.Салық түрлерін оңтайландыруды жүзеге асыру және салықтық әкімшілендіруді цифрландыруды қажет.Салық кредиттерін беру тетігі енгізілетін болады.Мемлекеттік сатып алуды және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы бойынша заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру жөнінде шаралар қабылданатын болады», - деді ол.

Сонымен қатар, ол  ашылатын жұмыс орындарын, Жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласын есепке алудың бірыңғай базасын қалыптастыра отырып, Жұмыспен қамту мониторингінің кешенді жүйесін әзірлеу көзделіп отырғанын айтты.

«Жалпы алғанда, шамамен 370 мың жаңа жұмыс орнын ашу, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен жыл сайын 500 мың адамды қамту жоспарлануда.Жалпы, Мемлекет Басшысы қойған міндеттерді іске асыру әр мемлекеттік орган басшысының және әкімнің жеке жауапкершілігімен тұрақты бақылауда жүзеге асырылуы керек.Осыған байланысты, мемлекеттік органдардың басшылары мен өңірлер әкімдері Мемлекет Басшысының тапсырмаларын уақтылы орындау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауы қажет», - деді ол.

Аягөз Құрмаш

Барлық материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.




Яндекс.Метрика