• Басты
  • Кемеңгерліктің 30 жылы: Мемлекеттіліктің қалыптасу дерекнамасы
25 Маусым, 2019 15:02

Кемеңгерліктің 30 жылы: Мемлекеттіліктің қалыптасу дерекнамасы

ҚР Тұңғыш Президентінің бастамасымен Тәуелсіздік жылдарында экономикалық, саяси, әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бастамалары, болашақты болжай білетін көрегендігі, сарабдал саясаткерлігі нәтижесінде көпұлтты мемлекетіміз дамудың даңғыл жолына түсті. Ал, мемлекеттілікті қалыптастыру жолында Елбасы жолы қандай болғаны туралы «Нұрсұлтан Назарбаев: кемеңгерліктің 30 жылы» көрмесінде көрініс тапқан. Strategy2050.kz сараптамалық порталы назарларыңызға көрмедегі құндылықтар туралы материалды ұсынады.

Кемеңгерліктің 30 жылы: Мемлекеттіліктің  қалыптасу  дерекнамасы | Strategy2050.kz

2019 жыл Қазақстан тарихының ерекше парағын ашты деуге болады. Посткеңестік кезеңде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады. «Кемеңгерліктің  30 жылы»  көрмесінде қойылған жәдігерлер мен құжаттар туралы ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасы  директорының    орынбасары Күләш Ақтаева айтып берді. 

«Елбасының саяси мұрасына жататын, елдің тәуелсіздігіне қатысты бірқатар сұрақтар туындап отыр. 1989 жылы Кеңес Үкіметі кезінде бірінші хатшы болып сайланған  азамат өзінің ерекше қабілеті мен қасиетінің  нәтижесінде  ешкімге беймәлім мемлекеттің  тізгінін алып, қалыптастыру кезеңін бастады. Көрмеге қойылған материалдарды келушілерге түсіндіріп, таныстыра алатындай жағдай жасауға тырыстық. Біріншіден, назар аудартатыны Елбасының Компартияның ОК I-съезінде сөйлеген сөзі. Ол кезде Н.Назарбаев 12 шешілуі тиіс  бастаманы  ұсынды. Оларға үңіліп қарайтын болсақ, қазірге дейін олардың жалғасы болатын  біраз саяси шешімдерге тоқтауға болады», - деді  тарих ғылымдарының кандидаты К.Ақтаева.

Ол айтып өткендей, біріншіден ол нарықтық экономикаға көшу, экология мәселесін шешу, ядролық қозғалыстың  шешімін табу.

«Сондай-ақ, жеңіл өнеркәсіп, ауыл  шаруашылығына қатысты біраз шешімдер қарастырылған болатын. Тағы бір айта кететін ерекше мәселе Қазақстан көпұлтты мемлекет болғандықтан оның біртұтастығы  мәселесі туындаған болатын. Көрмеге келушілердің өздері  оқып, көріп біраз  қызықты мәліметтерді біле алады», - деді ол.

Директордың орынбасары айтып өткендей, Елбасының қатысуымен өтетін жиналыс, шараларға қатысушылардың   қолжазбалары  да қойылған.

«30-ға жуық  уақыт ішінде біздің көзқарасымыз, әрине , өзгерді. 1995 жылғы 1  наурызда  Қазақстан халқының Ассамблеясы  құрылды.  Ол бір мезетте қалыптасқан жоқ. Біз көпұлтты  ел болсақ та, 6 млн  адам қазақты құрады. Демография, ұлт, тіл мәселесін көтерген сәттерінің шешім тапқанының дерекнамасын көрсеттік. Қазақстанда тілге қатысты  қабылданған алғашқы заң  қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі – қарым-қатынас тілі болып бекітілуі», - деді К.Ақтаева.

Сонымен қатар, ол көрмеде тек  89 жылдан басталған құжаттар мен жәдігерлер ғана емес, 1984 жылы Н.Назарбаев Кеңес үкіметінде ең жас премьер-министр болып тағайындалған сәттерден бастап  1991 жылға дейін көрсетілген.

«Мемлекеттіліктің қалыптасу жолы 1984 -1991 жылдың аралығын қамтиды. Сол кезеңде ең негізгі бағыттар анықталып, қазіргі кезде өзінің нәтижелерін берді деуге болады. 1989  жылдың мамыр-маусым айлары ерекше оқиғаларға толы. 25 мамырдан 6 маусымға дейін жалғасқан Кеңес үкіметі депутаттарының съезі өтті. Сол кезде Елбасы алғаш рет үлкен мінберден өзекті мәселелерді қозғады. Сол кезде КСРО-да Н.Назарбаев премьер-министр болып тағайындалсын деген пікір қалыптасты.22 маусым  күні Бірінші хатшы болып тағайындалды. 27 маусым күні Алматыда зиялы  қауым өкілдерімен кездесті. Кездесуде халықтың көкейінде жүрген сұрақтарды меңгерді», - деді К.Ақтаева.

Сондай-ақ, ол атап өткендей, көрмеде  «Әділеттің ақ жолы» деген кітапша  бар.

«Ол кітаптың ерекшелігі Н.Назарбаев Кеңес  үкіметінде біраз бастамалары бар саясаткер ретінде оған қойылған сұрақтардың нәтижесінде «Әділеттің ақ жолы» деген кітап пайда болды. 1984 жылы Н.Назарбаевтың үлкен жолы басталды. «Әділеттің ақ жолы» кітапшасында ірі саясткер ретінде өзінің ойын ортаға салған еді. Күрделі мәселелерді шешу үшін жай ғана саясаткер емес, стратег болу керек. Болашаққа көз жүгіртетін кемеңгер, философиялық жан-жақтылық қасиеттері де керек», - деді К.Ақтаева.

Сонымен қатар, көрмеде КСРО ыдырауы кезінде қабылданған құжаттар да бар.

«1989 жылдан бастап Невада-Семей қозғалысы өзінің жұмысын бастады. Сол  кезде Бірінші хатшы болған азамат өзіне жауапкершілікті толығымен алып, қоғамдық қозғалысқа қолдауын көрсетіп саяси шешімге келтірді. Саяси шешім, өзіміз білетін Елбасының Семей ядролық полигонын жабу туралы алғашқы Жарлығы. Бұл экспозицияда біз ол шешімге келген жолды көрсетіп отырмыз. Себебі, ол оңай қабылданған шешім емес», - деді ол.

Әр мемлекеттің негізін қалайтын ол – заң топтамасы.

«1993 жылғы Конституцияда саяси биліктің деңгейлерін көрсетуге тырысқан. Бірақ, оған бірқатар толықтырулар енгізіліп  1995 жылы жаңа Конституция қабылданды. Конституцияның алғашқы қолжазбасы да бар», - деді ол.

Сондай-ақ, ол айтып өткендей,  көрмеде  1991 жылы 1 желтоқсанында өте үлкен саяси кезеңнің  басталу дерекнамасы бар.

«Жалпыұлттық сайлау кезінде көпшілік өзінің ойын ортаға салып, Елбасымыз жиі кездесулер өткізген. Өзінің сайлау бағдарламасына өзекті мәселелерді енгізіп отырды. Көрмеде сол кездегі сайлаудың қорытындысы да бар. ОСК  қызметкерлері бекіткен нәтижелері бар», - деді ол.

Сонымен қатар, көрмеге құжаттармен қоса жәдігерлер және кітаптар топтамасы қойылған.

«Елбасының «Бейбітшілік кіндігі» кітабы да бар. Ең құнды болып есептелетіні, ол-қолжазбалар. Әр қолжазбада біз үлкен саясаткер, көшбасшының лидерлік феноменін түсіну үшін өзінің ойын көрсеткен қолжазбаларды алуға тырыстық», - деді ол.

Сондай-ақ, маңызды құжаттардың арасында мемлекеттік шекараны бекіту туралы да ресми құжаттар  бар.

«Елбасының бастауымен қазақ тарихында шешілген тағдыршешті оқиға деп айтуға болады. Себебі, қазақ халқы біраз қиын-қыстау кезеңдерді, отаршылықты басынан өткерген ел. Осы орайда, маңызды мәселелердің бірі -Қарулы Күштердің қалыптасуы, мемлекеттік мәселелердің  шешілуі», - деді ол.

Айта кетейік, 21 маусым күні Алматыда «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты халықаралық ғылыми конференцияға өткен болатын.  Шараға   Елбасымен қызметтес болған мемлекет қайраткерлері, саясаттанушылар мен халықаралық деңгейдегі сарапшылар қатысты.

Конференцияға қатысқан К.Ақтаева да  шарада жеке тұлғаның қалыптасу жолы ғана емес, мемлекеттіліктің  қалыптасу жолы айтылғанын айтты.

«Жиынға қатысушылар күрделі мәселелерді талқылады. Ең басты мәселелердің бірі -тәуелсіздік тарихында болған оқиғаларды ұмытпай, оған дұрыс баға беру. 89 жылы басталған жол стратегия әлеуеті бойынша мемлекеттіліктің қалыптасуы. Инвестиция және мұнай байлығын зерттеп, болашақта дұрыс пайдалану, экология мәселелерін  қатысушылар ортаға салды», - деді ол.

Сондай-ақ, конференция басында арнайы көрме де ұйымдастырылған.

«Қазіргі кезде Қазақстан бүкіл әлемге танымал, белсенді шараларға қатысушы ретіндегі жолы таныстырылды. Сондай-ақ, Елбасының Жоғары мемлекеттік наградалары да көрсетілді. Қорытындылап жеткізетін болсақ, «Кемеңгерліктің 30 жылы» деген тақырып жеке тұлға менмемлекеттің қалыптасу жолы талқыға салынды», - деді ол.

Алматыда өткен конференцияның өтуіне ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасы септігін тигізді.

Ал, «Кемеңгерліктің 30 жылы» көрмесі жапздың соңына дейін жалғасатын болады.


Аягөз Құрмаш 

Фото: Автор

Барлық материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды