- Басты
- Жаңалықтар
- Өңірлер: Алматы облысында жүргізіліп жатқан қоғамдық шаралар
Өңірлер: Алматы облысында жүргізіліп жатқан қоғамдық шаралар
Облыс орталығы-Талдықорған қаласындағы «Өтенай» ауылдық округінде ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшылығы жергілікті тұрғындарды қабылдап, полиция қызметіне қатысты өтініштері мен пікірлерін тыңдады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жолын кесу, сондай-ақ ана мен баланы қорғау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету мамандары тартылды.
Қабылдауға келген тұрғындар отбасылық-тұрмыстық мәселелерді шешуде өскелең ұрпақтың, жастардың тәрбиесіне мән беру керектігін, «үйленудің оңай, үй болудың қиын» екенін айтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу қажеттігін атап өтті.

Полицейлер таратқан ақпаратқа сәйкес, 2019 жылы әлеуметтік орталықта 42 тұлғаға қызмет көрсетілген. Олардың 16 әйел, қалғаны – кәмілеттік жасқа толмаған жасөспірімдер.
Сонымен қатар, жыл басынан бері облыстық полицейлер отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Сіздің құқығыңыз қорғалады», «Әйел – отбасы шырағы» акциясы, «Тұрмыс», «Профилактика» жедел алдын алу іс-шараларын өткізді, түрлі әлеуметтік бейнероликтер әзірледі, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны немесе куәгері болған жағдайда негізгі іс-әрекеттер туралы арнайы ақпараттық құралдар дайындады.
Алматы облысында полицейлер отбасылық-тұрмыстық қатынаста 1963 құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасын шығарып, 401 ерекше талап орнатқан.
Сонымен қатар, жол қозғалысының жас инспекторлары өткізген байқау демалушылардың көңілінен шығып, белсенділік танытқан балалардың барлығына естелік сыйлықтар табыс етілді.

«Республикалық іс-шара аясында мәні зор батаманы қолға алдық. Жол жүру ережесін балалар мүлтіксіз сақтауы қажет. Өскелең ұрпақ жол қозғалысында ешқандай қателік кешірілмейтінін сезінуі тиіс. Өйткені, қателік соңы қайғылы жағдайға душар ететіні анық. Полиция көмекшілері – жас инспекторларға ризашылығымызды білдіреміз»,- деді Алматы облысы ПД өкілі Айжан Алипбайқызы.
Облыстық полицейлердің ақпаратына сәйкес, жол қозғалысындағы балалар жарақатының алдын алу және оны болдырмау бойынша жүйелі жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Биыл облыс көлемінде 220 жол-көлік оқиғасында жасөспірім балалар зардап шеккен. Соның нәтижесінде 10 бала қайтыс болып, 220 астам бала әртүрлі дене жарақатын алған.

«Жол жүру ережелерін үйретіп, оларды түрлі викториналар мен ойындар арқылы есте сақтауға, өмірде орынды қолдануға бағытталған іс-шаралар жазғы лагерь маусымының соңына дейін жалғасады»,- деп атап өтті облыстық полиция өкілі.
Аягөз Құрмаш
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары