Адами капитал

Қазақстандағы еңбек демалысының түрлері, есептеу жолдары

Елімізде еңбек демалысы маусымы басталды. Осы кезеңде жұмыс істейтін азаматтардың жыл сайынғы еңбек демалысы күндерінің санын дұрыс есептеу өте маңызды, өйткені мұндай есептеу «демалыс төлемінің» сомасына әсер етеді. Оның үстіне ҚР Еңбек Кодексінің 91 бабына сәйкес – жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы берілген кезде еңбек өтілін есептеу, нақты жұмыс істелген уақыт, жұмыскер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт, жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт, оның ішінде жүктілігіне және босануына байланысты демалыста болған уақыт, жұмыскер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс істемеген уақыт еңбек өтіліне қосылады, делінген.
Нұр-Сұлтан24 Маусым , 17:25

ҚР Еңбек кодексінің 87-бабына сәйкес жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскердің тынығуына, жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруіне, денсаулығын нығайтуына және жұмыскердің өзге де жеке қажеттіліктеріне арналады және жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақы сақтала отырып, белгілі бір күнтізбелік күндер санына беріледі.

Бұл ретте, орташа жалақыны есептеу тәртібі «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығымен бекітілген, оған сәйкес қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік (сағаттық) жалақыны оқиға кезеңіне (бұл жағдайда еңбек демалысының ұзақтығы) сәйкес келетін жұмыс күндерінің (жұмыс сағаттарының) санына көбейту жолымен есептеледі.

Барлық жағдайларда орташа күндік (сағаттық) жалақы есеп айырысу кезеңде есептелген жалақы сомасын есеп айырысу кезеңдегі жұмыс күндерінің (сағаттарының) санына бөлу жолымен айқындалады.

Кодекстің 92-бабына сәйкес жұмыскерге жұмыс істеген бірінші және келесі жылдары үшін жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.

Жұмыс жылы жұмыскердің бірінші жұмыс күнінен бастап есептелген күнтізбелік он екі айды құрайды.

Жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша бөліктерге бөлінуі мүмкін. Бұл ретте, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының бір бөлігі жұмыскердің еңбек шартында көзделген демалыс ұзақтығының күнтізбелік екі аптасынан кем болмауға тиіс.

Кодекске сәйкес жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын берудің кезектілігі жыл сайын жұмыс беруші жұмыскерлер пікірін ескере отырып бекітетін демалыстар кестесіне сәйкес айқындалады не тараптардың келісімі бойынша демалыстар кестесінен тыс белгіленеді.

Осыған орай, жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында толық көлемде беріледі немесе нақты жұмыс істеген күндеріне қарай үйлесімді берілуі мүмкін. Бұл ретте, жұмыс беруші қызметкерге жұмыс кезеңінде толық жұмыс атқармай еңбек демалысының күндерін алдын ала толық берген кезде орташа жалақысы да алдын ала толық, яғни жоғарыда аталған қағидаға сәйкес алған еңбек демалысы кезеңіндегі жұмыс күндерінің бәріне есептеледі.

Еңбек демалысына берілетін ақыны есептейік:

200 000 теңге жалақы алатын қазақстандықты мысалға алып, демалыс ақысын есептеп көрейік.  Қызметкер жұмысқа 2018 жылдың 24 маусымында қабылданды делік, жалақысы - 200 000 теңге. Жұмыс кестесі - бес күндік, жалпы алғанда - 40 сағат. 24 күнге созылған жыл сайынғы демалыс ақысы оған 2019 жылдың 25 маусымынан бастап қана беріледі. Себебі қызметкер бір жылдық қызметін өтеп болды. Енді бір күндік орташа ақысын есептеуіміз керек: 200 000*12 = 2 400 000 (2018 жылдың маусымынан 2019 жылдың маусымы аралығында аударылған жалақы) Осы мерзімдегі жиынтық сома: 2 400 000 теңге.

Осы уақыт аралығында өтелген жұмыс күндерінің саны: 244 күн Бір күндік орташа ақы: 9836 теңге Еңбек демалысы кезіндегі нақты жұмыс күндерінің саны: 14 Сонда демалыс ақысы: 9836 теңге * 14 күн = 137 704 теңге Осы сомадан міндеттелген зейнетақы жарнасы, жеке табыс салығы алынады. Содан шыққан сома бойынша қызметкерге еңбек демалысына ақы төленеді.

Демалыс кестелерi өндiрiстiк қажеттiлiкке байланысты өзгертiлген жағдайда жұмыс берушi бұл туралы қызметкерге еңбек демалысы басталардан кемiнде екi апта бұрын хабарлауға мiндеттi.

Дeмалыс уақыты - бұл жұмысшының қызметтік міндеттерін атқарудан бос кезеңінде өз қалауынша пайдалана алатын уақыт. 

Демалыс уақытының түрлері  

  1. жұмыс күні кезеңіндегі үзілістер (жұмыс ауысымы) - демалыс және тамақтану үзілісі;
  2. ішкіауысымдық және арнайы үзілістер;
  3. күнделікті демалыс (ауысымаралық);
  4. демалыс күндері (аптасайынғы үзіліссіз демалыс);
  5. мейрам күндері;
  6. еңбек демалыстары.

 

Демалысқа және тамақтануға берілетін үзілістер

Күнделікті жұмыстың (жұмыс аусуының) ішінде жұмыскерге ас ішуге және демалуға жарты сағаттан аз емес үзіліс берілуі қажет.

Демалуға және түскі асқа арналған үзіліс уақыты жұмыс тәртібмен, және еңбек әрі ұжым шарттарымен орнатылады.

Демалуға және түскі ас ішуге арналған уақыт жұмыс тәртібіне қосылмайды. Еңбек шарттары бойынша үзіліс берілуі мүмкін емес жұмыс орынадарда, жұмыс беруші жұмыскерге демалуға әрі ас ішуге арнайы жабдықталған жерде мүмкіндік беруі тиіс. Осындай жұмыс тізбесі, ас ішу әрі демалуға арналған орындары ұжым шартымен немесе жұмыс берушінің әрекетімен орнатылады.

Ішкіауысымдық және арнайы үзілістер

Жекелеген жұмыс түрлеріне жұмыс уақытында іске қосылатын технологиямен және өндіріс және еңбек ұйымымен келісілген, жұмысшыға ішкіауысымдық үзілістер қарастырылады;

Ашық ауада жылдың суық мезгілінде жұмыс істейтін немесе жылынбайтын кеңістіктерде жұмыс істейтін, сонымен қатар тиеу-түсіру қызметіндегі жұмысшыларға жылыну үшін жұмыс уақытына кіретін арнайы үзілістер береді;

Бір жарым жасқа дейінгі баласы бар жұмыс істейтін әйелдерге, бір жарым жасқа дейінгі анасы жоқ балалары бар ерлерге (асырап алыушылар) тамақтану үшін, және баланы тамақтандыруға қосымша уақыт беріледі. Қосымша уақыт келесі ұзақтықтағы жұмыстың әр үш сағаты сайын беріледі (жиі емес):

  • бір баласы барларға, — әр үзіліс отыз минуттан кем емес;
  • екі немесе одан да көп баласы барлар үшін — әр үзіліс бір сағаттан кем емес.

Жұмысшының өтініші бойынша бала тамақтандыруға қосымша уақыт демалыс және тамақтануға берілетін үзіліске қосылады, немесе келісілген үзілістер жұмыс күнінің басына немесе соңына қарай беріледі (ауысымдар).

Баланы тамақтандыруға берілетін үзілістер жұмыс уақытына қосылады.

Жыл сайынғы (ауысым аралық) демалыстың ұзақтығы

Жұмысшының күнделікті демалысының ұзақтығы (ауысымаралық) он екі сағаттан кем емес, жұмыстың аяқталуы мен келесі күннің басталуы аралығын қамтиды.

ҚР Еңбек кодексімен мына сілтеме арқылы және демалыстың жалпы ережелері, түрлері, ерекшеліктері туралы мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.

Айдана Абдрахманова

Барлық материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқыңыз.




Яндекс.Метрика