- Басты
- Жаңалықтар
- Президент атаулы әлеуметтік көмектің берілу тәртібін реттеуді тапсырды
Президент атаулы әлеуметтік көмектің берілу тәртібін реттеуді тапсырды
Жиынға Премьер-Министр Асқар Мамин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Бақытжан Сағынтаев, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов, Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев, Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Тимур Сүлейменов, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев әділетті әлеуметтік саясаттың айрықша маңызы, әсіресе, ауыр жағдайға тап болған адамдармен қатынасты қалыптастыруда екенін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті цифрлық платформаны қолдана отырып, бірыңғай әлеуметтік картаны кешіктірмей енгізу қажеттігін айтты.
Кеңес барысында Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің атаулы әлеуметтік көмек көрсету жағдайлары жөніндегі есебі тыңдалды.
«Осы маңызды салада халықтың жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек көрсету шаралары кезінде заң бұзушылықтар, тіпті, алаяқтық жолдар да анықталды. Бұл бюджет үшін жоспарланбаған шығын», – деп баяндады Бердібек Сапарбаев.
Жиын қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы аталған саладағы теріс әрекеттерді жою үшін Еңбек және әлеуметтік қорғау министріне атаулы әлеуметтік көмектің берілу тәртібін реттеу жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды, сондай-ақ, Президент Әкімшілігі мен Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берді.
Оқи аласыздар:
Қ.Тоқаев сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл Жоспарын бекітті
Барлық материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Президент жолдауынан басталған игі істер