• Басты
  • Жұмыссыздарға төленетін жәрдемақы 6 айға дейін ұзартылуы мүмкін
24 Маусым, 2019 14:10

Жұмыссыздарға төленетін жәрдемақы 6 айға дейін ұзартылуы мүмкін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, Қазақстан халқы дәл қазір 39 түрлі әлеуметтік төлем алып жатыр. Былтырғы жылдың өзінде республикалық бюджеттен осы әлеуметтік салаға 2 трлн. 600 млрд. теңге жұмсалған. Әлеуметтік сақтандыру қорына жұмыс берушілерден түскен қаржыға жұмыс істейтін азаматтар үшін 5 түрлі әлеуметтік көмек көрсетіледі. Тек қана өткен жылы аталған көмекті 800 000-ға жуық қазақстандық алған. Оған кеткен қаржының көлемі 190 млрд теңге. Биылғы жылы әлеуметтік салаға бөлінген жалпы қаржы 3,3 трлн теңге. Оның ішінде 2,8 трлн теңге зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге бөлінген.
Жұмыссыздарға төленетін жәрдемақы 6 айға дейін ұзартылуы мүмкін

Сапарбаев жетекшілік ететін министрлік биылғы жылы 7 негізгі мақсат бойынша жұмыс істейді. Оның біріншісі – халыққа әлеуметтік қамқорлықтың жаңа іс-шарасы, одан кейінгі мақсат – халықты нәтижелі жұмыспен қамтамассыз ету, үшінші – қазіргі экономиканың талаптарына сәйкес мамандарды дайындау, төртінші – барлық жұмысшылардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қамтамасыз ету, миграциялық процесстерді жүйелі жүргізу, әлеуметтік еңбек саласында цифрлық бағдарламаны дамыту және т.б.

Осы жылы атаулы әлеуметтік көмекке 130 млрд теңге бөлінген, осы уақыта дейін оның 67,7 млрд теңгесі төленді

Биылдан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізілген. Министрдің айтуынша, соған сәйкес 44 мыңға жуық жұмыссыздар жұмыс тауып, кедейліктен шықты.

«2019 жылғы 1 сәуірден бастап Елбасының тапсырмасына сәйкес АӘК көрсету шарттары өзгерді, оған көмек тағайындау критерийін арттыру, әр балаға ең төменгі күнкөріс деңгейінен 70% немесе 20 789 теңге көлемінде кепілдік берілген ай сайынғы көмек (18 жасқа дейінгі балалар, егер баласы студент болса 23 жасқа дейін төленеді), отбасының жиынтық табысынан төрт түрлі жәрдемақыны алып тастау кіреді. Нәтижесінде бүгінгі күні АӘК 277 мыңнан астам отбасыға немесе 1,3 млн.астам адамға төленді. Жыл басынан бері 67,7 млрд.теңге сомасында АӘК төленді, төлемнің орташа мөлшері 105 мың теңгені құрады», - деді министр.

Әкімдіктермен бірлесе отырып, көмектің 11 түрін қамтитын қызметтердің бірыңғай пакеті мен әлеуметтік қолдау шаралары әзірленді, оның ішінде 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен, мектеп формасымен, оқулықтармен және керек-жарақтармен, балалар мен аналарға арналған қоғамдық көлікте жеңілдікті жол жүрумен, балалар лагерлерінде тегін демалумен және т.б. қамтамасыз ету.

Еңбек министрі өз сөзінде балалы отбасыларды қолдау шараларына назар аударды. Мәселен, ана мен баланы қолдау мақсатында бала тууға, 1 жасқа дейінгі баланы күтуге және жүктілігі мен босануы бойынша әлеуметтік төлемдерге 243 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінетін болады. Зейнетақылардың жеткілікті мөлшерін қамтамасыз ету үшін декреттік демалыста жүрген әйелдерге зейнетақы жарналары субсидияланады. Ағымдағы жылы осы мақсаттарға 5,8 млрд.теңге бөлінді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда алты және одан да көп баласы бар 237 мыңға жуық көпбалалы ана бар, оларға жәрдемақы төлеуге жыл сайын 45 млрд.теңге бөлінеді.

«Сонымен қатар, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының тапсырмасы бойынша біз мүдделі мемлекеттік органдармен, қоғам өкілдерімен, белсенді азаматтармен бірлесе отырып, «Бақытты бала – бақытты ана – бақытты отбасы – бақытты ел» Жол картасының жобасын әзірледік», - деп түйіндеді Еңбек министрі.

Енді базалық зейнетақы еңбек өтіліне қарай төленеді

Халықпен есеп беру кездесуінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру  жөніндегі шаралар туралы да айтты.

«Өткен жылы біз базалық зейнетақы тағайындау тәртібін өзгерттік. Енді оның мөлшері еңбек өтіліне тікелей байланысты. Нәтижесінде 10 жылдан астам еңбек өтілі бар 2,1 млн.адам үшін базалық зейнетақы орта есеппен 80% - ға артты», - деді министр.

Оның мәліметінше, ағымдағы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша базалық зейнетақының орташа мөлшері 27 мың теңгені, ал жиынтық зейнетақының орташа мөлшері (ынтымақты және базалық) 85 785 теңгені құрады.

Өткен жылы зейнетақыны ресімдеу тәртібі айтарлықтай жеңілдетілді. Егер бұрын төлем тағайындау үшін 4 өтінішті тапсыру қажет болса, қазір ХҚКО-ға тек бір өтініш беріледі, деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы ондағы азық-түлік емес бөліктердің үлесін 40% - дан 45% - ға дейін ұлғайту жолымен қайта қаралды. Нәтижесінде, шамаға байланысты әлеуметтік төлемдер 3 млн.қазақстандық үшін 16% - ға дейін өсті.

2018 жылы 6,1 млн.астам жұмыс істейтін азамат міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылды. Елбасының еңбек өтілі мен МӘСҚ-тен төленетін әлеуметтік төлемдер мөлшері арасындағы өзара байланысты күшейту жөніндегі тапсырмасын іске асыру үшін Мәжілісте қаралып жатқан «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» жаңа заң жобасы әзірленді.

«2020 жылдан бастап еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу және жұмысынан айырылу жағдайларына төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері орта есеппен 30% - ға артады деп күтілуде», - деп қортындылады.

Мүгедектер үшін әлеуметтік қызмет көрсету порталы іске қосылады

Қазақстанда шамамен 680 мың мүгедектігі бар адам тұрады, оның ішінде 418 мыңы еңбекке жарамды жастағы азаматтар болса (61,5%), 87 мыңы 18 жасқа дейінгі бала (12,8%). 2018 жылы оларды әлеуметтік қорғауға республикалық бюджеттен 294,2 млрд.теңге төленді.

 «2018 жылдың шілдесінен бастап бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар кәмелеттік жасқа толған азаматқа күтім жасау бойынша жаңа жәрдемақы енгізілді. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап бала кезінен бірінші топтағы мүгедектігі бар 18 жасқа толған азаматтарды күтім жасау бойынша мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері арттырылады. 100 мың азаматқа берілетін жәрдемақы мөлшері 31 183 теңгеден 41 578 теңгеге дейін арттырылады», - деп хабарлады министр.

Сонымен қатар, әлеуметтік қызмет көрсету Порталын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Бұл портал мүгедектігі бар азаматтаарға өз бетінше, мемлекеттік сатып алусыз, өзінің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, керекті техникалық оңалту құралдарын және қызметтерді таңдауға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс министрліктің маңызды басымдығы болып табылады», - деп атап өтті ведомство басшысы.

Ағымдағы жылдың мамыр айында әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және т. б. шаралар кешенін қамтитын мүгедектігі бар азаматтардың  құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспар қабылданғанын атап өткен жөн.

2019 жылы қазақстандықтардың орташа жалақысы өседі

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Елбасы мен Қазақстан Республикасы Президентінің Төмен жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысын көтеру туралы тапсырмаларын іске асыру барысы туралы баяндады.

Тұңғыш Президенттің қазан айындағы Жолдауын жүзеге асыру үшін 2019 жылдың басынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есеге – 28-ден 42,5 мың теңгеге дейін арттырылғаны белгілі. Бұл шарамен 1,3 млн.адам қамтылды, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету, Мәдениет және спорт салаларында жұмыс істейтін 275 мың азаматтық қызметші қамтылды.

«Біз ай сайын ең төменгі жалақыны есептеу мониторингін жүргіземіз. Мәселен, міндетті зейнетақы жарналарының түсімдерін талдау нәтижелері а.ж. сәуірде 92 мың қызметкер еңбек ақыны ЕТЖ мөлшерінен төмен алғанын көрсетті. Сондай-ақ еңбекақысы төмен қызметкерлер бойынша жалақының өсуіне мониторинг жүргіземіз. Қазіргі уақытта 203 мыңнан астам жұмыс беруші 1,1 млн. адамның еңбекақысын арттыру міндетін өз мойнына алды», - деді министр.

Бұдан басқа, ағымдағы жылдың маусым айынан бастап бюджеттік саланың жекелеген қызметкерлерінің жалақысы 30% - ға дейін артты. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда жұмыс істейтін 1 миллионнан астам азаматтық қызметшілер осы айда жоғары жалақы алады.

Енді бір қызметкердің орташа жалақысы 114,5 мың теңгені құрайды (2019 жылдғы 1 маусымға дейін 99,6 мың теңгені құрады). 2019 жылға аталған арттыруға республикалық бюджеттен 144,3 млрд. теңге көзделген.

Жұмыссыздарға төленетін жәрдемақы 6 айға дейін ұзартылуы мүмкін

Министр Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, «Еңбек» бағдарламасы аясында өткен жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 628 мың адам қамтылды, оның ішінде 497 мыңы жұмысқа орналастырылып, оның 380 мыңы тұрақты жұмыс орындарына тұрды. 14 мыңнан астам қазақстандық жеңілдетілген микрокредит алды, оның ішінде 10 мыңға жуық жұмыссыз азамат алғаш рет өз кәсіптерін ашты.

 «Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету азаматтардың табысына және жұмыссыздардар мен нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың өмір сүру сапасын арттыруға тікелей әсер етеді. Бұл жұмысты күшейту аз қамтылған отбасылардың санын азайтып, жұмысқа орналасқан соң жеке басы мен отбасын өз бетінше қамтамасыз етуге көмектеседі. Бұл үшін біз «Еңбек» Мемелекеттік бағдарламысын іске асырып отырмыз», - деп Еңбек министрлігінің басшысы халыққа есеп беру кездесуінде атап өтті.

Микрокредиттеудің тағы бір қосымша әсері жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады. Микрокредит алушылар 12 мыңнан астам жұмыс орнын құрды.

Сондай-ақ министр жұмыссыздарға берілетін жәрдемақы 6 айға дейін төлеуді қарастырып жатқандарын айтты. Осыған дейін жәрдемақының бұл тұрі 4 айға дейін төленіп келді. Жұмыссыздарға берілетін жәрдемақы туралы мына сілтемеден оқыңыз.

«Жас Маман» және «Жас кәсіпкер» жобалары

Ағымдағы жылы Елбасы тапсырмасымен бағдарлама «Жастар - Ел Тірегі» жалпыұлттық жоспарымен толықтырылды, оның шеңберінде жастардың жұмыспен қамтылуын қолдау жөніндегі шараларды күшейтуге бағытталған «Жас Маман» және «Жас кәсіпкер» жобалары іске асырылуда.

Осылайша, үш жыл ішінде 200 жаңғыртылған оқу орындарының базасында  ең көп сұранысқа ие 100 мамандық бойынша 200 мың жас маман даярланатын болады.

«Жастар практикасымен қамту жоспары кеңейтілді. 2019 жылы біз қосымша тағы да 10 мың адамды жіберетін боламыз, бұл 25 мың жас азаматты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Үш жыл ішінде жастардың кемінде 60 мың өкілі «Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алады», - деді министр.

Елбасының "Әлеуметтік қамқорлық" әлеуметтік шараларын жүзеге асыру аясында көп балалы отбасыларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары кеңеюде. Енді ауылдық көп балалы отбасыларға 505 мың теңге көлемінде жаңа бизнес-идеяларға қайтарымсыз мемлекеттік гранттар берілетін болады.

Мәселен, көп балалы отбасы алған қаражатын тігін машинасы мен қажетті материалдарды сатып алуға пайдаланып, үйде төсек-орын, ұлттық киім және басқа да бұйымдарды тігуді ұйымдастыра алады.

Сондай-ақ, көп балалы аналар, мүгедектігі бар азаматтар мен жастар үшін 5 мың жеңілдігі жеңілдетілген микрокредит беру квотасы қарастырылған. Нәтижесінде биылғы жылы 15 мың көп балалы отбасы өз ісімен айналысып, табысын арттыруға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, осы санаттағы азаматтарды қажетті мамандықтарға қысқа мерзімді оқыту және үйден істейтін әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс басталды.

Сапарбаев: 23 мың қазақстандықтың еңбек құқығы қорғалды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Қазақстанда жұмысшылардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қолданылып жатқанын айтты.

«Еңбек заңнамасының сақталуына мониторинг және бақылау жүргізіледі. Бұл үшін Еңбек қатерлері қартасы қолданылады, онда еңбек заңнамасын көп бұзған кәсіпорындар есепке алынады. Оның көмегімен 2019 жылы еңбек инспекциясы тексерген 3,9 мың кәсіпорында 5 мыңнан астам бұзушылық жойылды. Нәтижесінде 23 мыңнан астам жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды, оларға 3 млрд. теңге жалақы берешегі төленді», - деп хабарлады министр халықпен есепті кездесу барысында.

2019 жылы еңбек жанжалдарының алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар іске асырылуда.

«1,7 мыңнан астам кәсіпорын халықаралық стандарттарды енгізді, 6 мыңнан астам өндірістік нысан аттестатталды. Кәсіпорындарда ішкі бақылауды 15 мыңға жуық өндірістік кеңес жүзеге асырады. Нәтижесінде өндірістік жарақаттанудың төмендеуі байқалады. 2019 жылдың 5 айында жазатайым оқиғалар саны 10,2% - ға төмендеді, зардап шеккендер саны азайды», - деді ол.

Лайықты еңбек жағдайларын жасау бойынша жұмыс күшейтілді. 2019 жылы министрлік әлеуметтік әріптестермен және әкімдіктермен бірлесіп «Қауіпсіз еңбек» ұранымен кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыс орындарын азайту жөніндегі жаңа Жол картасын іске асыру басталады.

Сондай-ақ, әлеуметтік әріптестік жүйесі белсенді дамып келеді.

«Қызметкерлердің еңбек құқықтарының қысқаруына және бұзылуына жол бермеу үшін әкімдіктер мен өңірлердегі кәсіпорындар арасында 122,4 мың Ынтымақтастық туралы  меморандум жасалды. Ірі және орта кәсіпорындардың 96,4%-ы және шағын кәсіпорындардың  39,9%-ы ұжымдық шарттармен қамтылған. Осылайша, осы кәсіпорындардың қызметкерлеріне қосымша әлеуметтік пакет көзделген», - деп атап өтті Сапарбаев.

Сонымен қатар, көптеген ірі кәсіпорындармен, бизнес қауымдастығы өкілдерімен қосымша демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

«Ағымдағы жылы өңірлерде халықтың әлеуметтік осал санатын, оның ішінде көпбалалы аналарды қолдау бойынша 38,3 млрд. теңгеден артық сомаға  458 меморандум жасалды. Балалары бар аз қамтылған отбасыларды, жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін отбасы үлгісіндегі жатақханаларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді салу мәселесі шешілуде. Ағымдағы жылдың басынан бері көпбалалы отбасыларға демеушілердің есебінен 385 пәтер берілді», - деп қорытындылады министр.

Мемлкеттік қызмет көрсетулердің электронды форматқа ауысуы және әлеуметтік карта

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру барысы туралы да айтып берді.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Еңбек министрлігінің 38 мемлекеттік қызметінің 12-сі электрондық форматта, 3-еуі белсенді, 7 қызмет композитті немесе кешенді түрде көрсетіледі. Мәселен, бала тууына байланысты жәрдемақы тағайындау бойынша қызметтер өтінішсіз немесе белсенді көрсетіледі. Барлық зейнетақы төлемдері бір өтініш бойынша кешенді немесе композитті тағайындалады.

«Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында электронды мемлекеттік қызметтердің үлесін 2019 жылы 80% - ға, 2020 жылы 90% - ға жеткізуді міндеттеді. 2019 жылы электрондық және белсенді форматқа әлеуметтік-еңбек саласының тағы 22 мемлекеттік қызметі көшіріледі» - деп атап өтті министр.

Сондай-ақ 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін әлеуметтік аз қамтылған немесе көмекке мұқтаж отбасылар туралы мәліметтерді білуге мүмкіндік беретін әлеуметтік карта іске қосылатын болады. Бұл болашақта мемлекеттік қызметтерді белсенді көрсетуге мүмкіндік береді. Еңбек саласында азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға ықпал ететін электрондық еңбек шарттары жүйесін енгізу жөніндегі цифрлық жобаны іске асыру жалғастырылатын болады.

Айдана Абдрахманова

Барлық материалдарды   t.me/strategykz      telegram  аккаунтынан оқи аласыздар. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды