- Басты
- Жаңалықтар
- Нұр-Сұлтанда БАҚ өкілдері құрметіне жасыл аллея ашылды
Нұр-Сұлтанда БАҚ өкілдері құрметіне жасыл аллея ашылды
Қазақстан құрылысшылары одағының төрағасы Талғат Ерғалиев қонақтардың алдында құттықтау сөз сөйлеп, одақтың алдағы мақсаттарымен бөлісті.

«Құрылысшылар одағының мақсаттары мен міндеттері құрылыс саласын дамыту, сондай-ақ Қазақстан азаматтарына қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге жәрдемдесу болып табылады. Сіз, журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, халық пен билік арасындағы алтын көпірсіздер. Біз сіздерге Ақпарат және байланыс қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында шақыруды қабылдағаныңызға және өз қолыңызбен "журналистер аллеясын" құруды шешкеніңізге алғысымызды білдіреміз», - деді одақ төрағасы Талғат Ерғалиев.
ҚҚО төрағасы журналистерді осы жылдың қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін 2019- Республикалық құрылыс сыйлығы үшін өткізілетін байқауға қатысуға шақырды.

«Құрылысшылар одағы журналистер арасында Бірінші республикалық құрылыс сыйлығын ұйымдастырады. Телеарналар, газеттер, интернет-ресурстар мен радио үшін "Газеттегі үздік жарияланым", "Үздік телесюжет", "Үздік интернет-жарияланым", "Үздік радио-бағдарлама" атты 4 номинация құрдық. Бірінші Республикалық құрылыс сыйлығы аясында жеңімпаздар марапаттау рәсіміне шақырылады. Өтінім беру күні - 10 шілдеге дейін», - деді Талғат Ерғалиев.

Ұсыныстарды news@sskaz.kz поштасына 2019 жылдың 10 шілдесіне дейін жіберу керек. Байқау қорытындысы Қазақстан құрылысшылары одағы сайтында жарияланады. Жеңімпаздар қомақты жүлдеге ие болады.

Журналистер аллеяға жасыл көшет отырғызғаннан кейін оларға Қазақстан құрылысшылары одағы сыйлықтар табыстап, достық фуршет ұйымдастырды. Барлық рәсім "Көркем tower" ТК – нің 23-ші қабатындағы биіктікте өтті. Қонақтар мен ұйымдастырушылар 23-қабаттан ашылатын Қазақстан астанасының қайталанбас көрінісін тамашалай алды.

Айта кетсек, Қазақстан құрылысшыларының одағы 2010 жылдың маусым айында құрылды. Қызметті - құрылыс саласын дамыту және құрылыс бизнесін шоғырландыру. Сондай-ақ, ҚҚО Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығару қызметі жұмыс тобының қатысушысы әрі "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы төралқасының Құрылыс және ТКШ комитетінің аккредиттелген қауымдастығы мен мүшесі болып табылады.
Айдана Абдрахманова
Барлық материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Карантин шараларының сақталуын бақылайтын мониторинг топтардың жұмысы цифрландырылды -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды