- Басты
- Жаңалықтар
- «7-20-25»: 1 шілдеден бастап бағдарламаның талаптары өзгереді
«7-20-25»: 1 шілдеден бастап бағдарламаның талаптары өзгереді
Ұлттық Банк «7-20-25» бағдарламасының талаптарына өзгерістер енгізіп, оның мүмкіндіктерін кеңейтті, деп хабарлайды «Баспана» Ипотекалық ұйымы.
Бұдан былай қарыз алушының қалауы бойынша тұрғын үй құнының 20%-нан артық соманы бастапқы жарна ретінде төлеуге рұқсат беріледі. Оның нәтижесінде негізгі борыш сомасы азайып, банктердің қарыз алушының төлем қабілеттілігіне қоятын талаптары төмендетіледі.
«Бұрынғы талап бойынша бекітілген бастапқы жарнаның тұрақты мөлшері қолында 20%-дан артық сомасы бар клиенттерге біраз қолайсыздықтар туғызғаны рас. Ал қазір азаматтар бастапқы жарнаны көбейту арқылы ипотеканы мақұлдау мүмкіндігін арттыра алады. Сонымен бірге, банктер үшін кредиттік тәуекелдер де төмендейді. «7-20-25» бағдарламасы уақыт талаптарына сай, қазақстандықтардың қалауын ескере отырып жаңаруда», - деді «Баспана» ипотекалық ұйымы серіктес-банктермен жұмыс жөніндегі департамент директоры Қанат Әбдірайымов.
Қазір «7-20-25» бағдарламасына қатысушы банктер тиісті дайындық жұмыстарын жүргізуде. Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама аясында ЦентрКредит, Сбербанк, Халық Банк, АТФБанк, Jýsan bank, Bank RBK, Еуразиялық банк және ForteBank сынды 8 қаржы ұйымы несие береді.
Оқи аласыздар:
Білім және медицина саласы қызметкерлеріне жарнасыз пәтер беріледі
Жеңілдігі бар пәтерлердің берілуі, әуе билеттерінің арзандауы - ИИДМ есеп берді
«Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасы кімге, қашан, қалай беріледі?
Барлық материалдарды t.me/strategykz telegram аккаунтынан оқи аласыздар.
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
«Қазақстан мұғалімі»: Өтінім мерзімі, жүлде қоры, талаптары мен шарттары -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауы: Шарттары мен талаптары -
Әкімдерді тікелей сайлау: Талаптары мен ерекшеліктері -
ІІМ-нің Жоғары оқу орнына түсу талаптары қандай -
Ауылды дамыту: 2025 жылға дейін не өзгереді -
«Frankofonı Naýryzy 2021» мәдени маусымы 13 наурыздан бастап Қазақстанда өтеді -
13 мыңнан аса азамат 1 наурыздан бастап әскер қатарына шақырылады -
COVID-19: Қазақстанда вакцина қашаннан бастап егiледi, кiмдер тегiн ала алады -
Қазақстанда 25 желтоқсаннан бастап карантин енгізіледі