• Басты
  • Жаңалықтар
  • БҚО әкімі барлық саланың жетекшілеріне Жолдау бойынша жұмысты белсенділетуді тапсырды

БҚО әкімі барлық саланың жетекшілеріне Жолдау бойынша жұмысты белсенділетуді тапсырды

23 Қаңтар, 2014 09:45
Облыс әкімі Н.Ноғаев облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары мен хатшылары, облыстық басқармалар мен департамент басшылары, қала, аудан әкімдері, облыс әкімдігі аппаратының басшыларына Жолдау бойынша жұмысты белсенділетуді тапсырды.

"Отырысқа облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары мен хатшылары, облыстық басқармалар мен департамент басшылары, қала, аудан әкімдері, облыс әкімдігі аппаратының басшылары мен қызметкерлері, ардагерлер және саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Президент Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру аса қиын екені туралы басын ашып айтты. Бұл баршамызға ой салуы қажет. Жер шарында саны жағынан бізді бірнеше есе орап алатын елдер болса да, егемендігін ала алмай жүргені қаншама. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік, талай елдің тағдырын құрдымға жіберді. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуіміз керек. Ол сабақтың түйіні біреу ғана, ол - Мәңгілік Ел! - деді Нұрлан Асқарұлы баяндамасында.

Жолдауда айтылған еліміздің экспорттық әлеуетіндегі шикізаттық емес өнімнің үлесін арттыру, еңбек өнімділігін 5 есеге дейін арттыру міндеті қойылғанын, ішкі жалпы өнім көлемін жан басы¬на шаққанда 4,5 есе арттыру, салауатты өмір салтының ор¬нығуы, медицинаның дамуы қазақ¬стандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін арттыру мақсаттары көзделгенін келтіре келе облыс әкімі «Президент атап көрсеткендей, «Бұл утопия, орындалмас арман емес, керісінше нақты қол жеткізуге болатын мәуелі мақсат» деді.

Облыстың зиялы қауымы, барлық қоғамдық ұйымдары, мекеме, кәсіпорын басшылары кірген үгіт-насихат тобын жасақтап, жұмыс кестесін бекітуді бүгіннен бастап қолға алуды тапсырды. Әр сала бойынша алда тұрған міндеттерді атап көрсетіп, оларды орындау, ұсыныстар енгізуді облыс әкімінің орынбасарларына, сала басшыларына тапсырды.

Сондай-ақ сала басшылары инновациялық жүйенің, оның негізгі институттарының тиімділігін арттыру бойынша жұмысты жандандыру, инфрақұрылым саласындағы мәселелерді шешу үшін үйлестіру жұмыстарын нығайту, электр қуатын барлық жерде үнемдеу бойынша жұмыстарды күшейту, облысымыздағы көлік инфрақұрылымын дамыту сияқты нақты тапсырмалар алды.

Өңір басшысы, әсіресе, шағын және орта бизнесті дамытуға баса назар аударуды тапсырды. «Өңiрлiк үйлестiру кеңесi жалпы сомасы 15,0 млрд. теңгеге 98 жобаны мақұлдады. Бұл жобалардың шеңберінде 1351 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда» деген өңір басшысы Үкіметтің индустрияландырудың екінші бесжылдығы жоспары «Бизнес - 2020» жол картасына ұсыныс әзірлеуді, облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жұмысын жаңа бастаған бизнесмендерге әдістемелік тиімді тетіктерін жасау бойынша жұмысты жалғастыруды жауапты тұлғаларды бекітті.

«Денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық - алғашқы медициналық көмекті дамыту екені,  бұл салаға бұрынғыдай айрықша көңіл бөліне беретіні де айтылды. «Біздің жалпыға бірдей қолжетімді дейтін спорт залдарының өзі тозығы жеткен. Спорт инвентарлары ескірген. Бұқаралық спорт түрлерін дамыту, оның насихатын ұйымдастыруда жаңаша серпін қажет. Салауатты өмір салтын берік орнықтыру мақсатында қала, аудан әкімдері жоспарлы жұмыс жүргізетін болсын», -  деген Нұрлан Асқарұлы облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасына осы бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыруды, қаржылық мәселелерді бірігіп қарауды орынбасарларына тапсырды.

Жиында еңбек ардагері Сатыбалды Ахметов, «Стекло Сервис» ЖШС-ның директоры Аркадий Рубцов, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Әбіл Жоламанов, Тасқала ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің мұғалімі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Лиза Аюпова, «Яик» фольклор-этнографиялық казак орталығы төрағасының орынбасары, облыс Ассамблеясы жастар қанатының жетекшісі Игорь Спиридонов өз ойларын ортаға салып, Елбасы Жолдауын толық қуаттайтындығын білдірді. Отырыс соңында қарар қабылданды.

 

Барлық жаңалықтар