• Басты
  • Өткен жылы шетел инвесторлары 6 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын ашты
21 Маусым, 2019 16:22

Өткен жылы шетел инвесторлары 6 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын ашты

Өңірлерді дамыту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру сияқты ел президентінің алға қойған мақсаттарына сәйкес шетелдік инвесторларды тартуда әрі олармен қарым-қатынас орнатуда ҚР Сыртқы істер министрлігінің және аталған министрлікке қарасты «Kazakh Invest» ұлттық компаниясының рөлі зор. Осы орайда Қазақстанда шетел инвестицияларын тартудың жаңа жүйесі құрылды және үнемі жетілдірілуде. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетінің төрағасы Бақыт Батыршаев баспасөз конференцияда осы және басқа да инвестициялық ынталандыру шаралары туралы айтып берді.
Өткен жылы шетел инвесторлары 6 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын ашты

2018 жылдың қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 15,8% -ға өсіп, 24,3 млрд.  АҚШ долларын құрады. Айта кетейік, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының тапсырмасы бойынша, өткен жылдың желтоқсан айында инвестициялар тарту қызметі Сыртқы істер министрлігіне берілген болатын.

Б.Батыршаевтың айтуынша, 2018 жылы негізгі инвестор елдер - Нидерланды - 7,3 млрд. доллар (30,3%), АҚШ - 5,3 млрд. доллар (22%), Швейцария - 2,5 млрд. (10,5%), Ресей - 1,5 млрд. АҚШ долларына (6,2%), Қытайға - 1,5 млрд долларға (6,1%), Бельгия - 1,0 млрд. 4,3%), Франция - $ 0,9 млрд. (3,8%) және Ұлыбритания - 0,6 млрд. доллар (2,4%), Корея - 0,5 млрд. ).

Инвестициялар тартудың жаңа жүйесінің алдыңғы жүйеден айырмашылығы туралы сұраққа жауап берген Комитет басшысы бұл ең алдымен шетелдік мекемелермен өзара іс-қимылды нығайту және осы инфрақұрылымды инвестиция тартудың негізгі құралдарының бірі ретінде пайдалану екенін атап өтті. Осылайша, қазіргі таңда инвестормен және жобамен нақты жұмыс істеуге мүмкіндік беретін шетелдік мекемелер-орталық-өңір форматында үш деңгейлі жүйе құрылды.Мұндай механизм жаңа жобалар мен инвесторларды анықтауға мүмкіндік береді, жобаны бастамашылық ету мен оны іске асыру арасындағы жолды қысқартады.

«Сонымен қатар, жыл басынан бері Қазақстанның шетелдік мекемелері шетелдік компаниялармен 140-ға жуық кездесулер өткізіп, іске асыруға әлеуеті жоғары 128 жобаны анықтады. Осы бағытта Үкіметтің атынан бірыңғай келіссөзші ретінде әрекет ететін және инвесторларды идеядан жобаны іске асыруға дейін сүйемелдейтін «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы да маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы тиісті қаржы құралдарымен және халықаралық деңгейдегі қызметтерімен өз алаңын ұсынады», - деді комитет басшысы.

Баяндамада сондай-ақ ірі жобаларды іске асыру үшін резервтер бар басым секторлар атап өтілді. Бұл тамақ өнеркәсібі, агрохимия, ауылшаруашылық техникасы, газ химиясы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, тау-кен металлургиялық кешені.

Б.Батыршаев Қазақстандағы инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі жұмыстар туралы да айтты.

«Комитет инвесторларға тек ақпарат пен кеңес қана емес, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған бірыңғай алаң болатын фронт-кеңселерді құру бойынша сонымен қатар, қазіргі уақытта инвестициялық заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деп атап өтті ол.

2018 – 2019-дың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның қолдауымен шетелдік капиталының қатысуымен 29 жоба іске асырылды. Осы жылдың аяғына дейін қосымша 28 жоба іске қосылып, жалпы «Зәкір инвесторлармен» және ТҰК-пен бірлесіп құны $5,1 млрд құрайтын 57 жоба пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 10 мыңнан астам тұрақты жұмыс орын құруға мүмкіндік беріледі.

«2018 жылы Kazakh Invest-тің қолдауымен жалпы құны $3,1 млрд болатын 27 жоба іске асырылды. Оның ішінде Жамбыл облысында қуаттылығы 50 МВт құрайтын күн электр станциясы, Қызылорда облысында цемент зауыты (жылына 1 млн тонна цемент), Түркістан облысында елімізде жалғыз түйе сүтін өндіретің зауыт (тәулігіне 100 тонна сүт өндеу) өз жұмысын бастады. Сондай-ақ 2018 жылы Павлодар облысында темір жолға арналған дөңгелектердің өндірісі (жылына 200 мың дана дөңгелек) ашылып, Нұр-Сұлтан қаласында трансформаторларды шығару өндірісі (жылына 100 трансформатор) іске қосылып, Қарағанды облысында машина жасау зауытының (жылына 8,5 мың тонна өнім) трансформациясы аяқталды. Жобалардың іске асырылуы 6 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді», - деген мәлімет берді «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ.

2018 ж. қорытындысы бойынша Kazakh Invest-тің қолдауымен инвесторлар Алматы қаласында 5 жобаны іске асырды, Павлодар облысында - 4 жоба, ал Алматы, Қарағанды және Түркістан облыстарында 3 жобадан іске қосқан.

«Kazakh Invest 2019 жылы шетелдік қатысуымен құны $2 млрд құрайтын 30 жобаны іске асыруды қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Іске асырылып жатқан жобалардың 40% жаңғыртылатын энергия көздері және ақпараттық-коммуникациялық технологиялары салаларында. Ағымдағы жылы жалпы қуаттылығы 400 МВт болатын күн электр станциялары, 90 МВт болатын жел және 25 МВт-қа су электр станциялары өз жұмысын бастамақ. Жобалардың жалпы құны $680 млн құрайды», - дейді Kazakh Invest.

Бұдан бөлек, 2018-2019 жылына арналған Ұлттық инвестициялық стратегиясына сәйкес Kazakh Invest өз алдыңда жылына 8 ТҰК және зәкір инвесторларымен 2 бірлескен кәсіпорын ашу бойынша мақсатын қойып отыр.  2018 жылдың қорытындысы бойынша 8 ТҰК жалпы $930 млн инвестиция құйды, сондай-ақ зәкір инввесторларымен жалпы құны $335 болатын 2 бірлескен кәсіпорын ашылды. Олардың ішінде Linde Gr. (Германия), Farm Frites (Нидерланды), Carmeuse Group (Бельгия), China Triumph International Engineering (ҚХР), Phoenix Global (БАӘ), Yildirim Holding (Түркия), United Green (Ұлыбритания), CG Corp. (Сингапур). Осы жылы Kazakh Invest ресейлік                           «ЭКО-культура», американдық Tyson Foods, Valmont, AGCO, француз Servier және неміс Tonnies секілді компанияларды таргеттейді.

Жалпы алғанда, соңғы екі жылдың ішінде Компания тарапынан инвесторлар үшін «жұмсақ инфрақұрылым» құрылды: Қазақстан заңнамасын мен рәсімдерін түсіндіру бойынша жұмысы реттелді, шешім қабылдаудың ашықтығы қамтамасыз етілді, әкімшілік жүктемелері азайды. Мысалы, Kazakh Invest тарапынан қазақ, ағылшын және орыс тілінде invest.gov.kz Бірыңғай ұлттық интерактивтік интернет-ресурс ашылды. Сайтта инвестициялауды қажет ететін жобалар туралы мәліметтен бөлек әр-түрлі мәселелер бойынша сұратуларды қабылдайтын қызмет іске қосылды. Тәулік бойы +7 717 2 620 620 нөмірі бойынша инвесторлар үшін  Call-center жұмыс істеуде.

2018-2019 жылдарының қорытындысы бойынша инвесторлар үшін Kazakh Invest тарапынан 1100-ден астам консультациялық қыметтер көрсетілді. Инвестициялық омбудсмен қызметі аясында инвесторлар тарапынан 91 өтініш түсіп, оның 48-сі толық шешіліп, 13 сұрақ бойынша заңнамаға сәйкес түсіндіру жұмыстары атқарылды, 30-ы бойынша жұмыс атқарылып жатыр.

Айта кетсек, «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне ведомстволық бағынышты ұйым болып саналады. Kazakh Invest – шетелдік инвесторлар алдында ҚР Үкіметінің мүддесін білдіретін «бірыңғай келіссөзші» және инвестициялық преференциялар нысанында инвесторларды мемлекеттік қолдауды және инвестициялық жобаларды іске асыру және одан әрі пайдалану үшін қажетті әртүрлі рұқсаттар мен келісімдер беруді қоса алғанда мемлекеттік қызметтер жүйесіне қол жеткізудің бірыңғай пунктінің рөлін атқарады.

Айдана Абдрахманова

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды