Алматы облысында 2013 жылы 40-тан астам өндірістік нысандар іске қосылды

23 Қаңтар, 2014 09:38
Өткен жылы Алматы облысында 41 өндірістік нысан іске қосылды, деп аймақ басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Алматы өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметтеріне сәйкес, аймақта 2013 жылы 41 өндірістік нысан пайдалануға берілсе, 28 кәсіпорын өндірісін кеңейтіп, қосымша 2549  жаңа жұмыс орны ашылды», -делінген хабарламада.

Сондай-ақ, өткен жылы өндірістік өнім көлемі 580 млрд. теңгені құраса, физикалық көлем индексі 102,7% жетті.

Айта кетерлік жайт, 2013 жылы аймаққа 431,1 млрд. теңге инвестиция тартылды.

 

 

 
 

Барлық жаңалықтар