• Басты
  • Президент Қ.Тоқаевтың 10 міндетіндегі басты бағыт – әлеуметтік сала
20 Маусым, 2019 17:45

Президент Қ.Тоқаевтың 10 міндетіндегі басты бағыт – әлеуметтік сала

Президент Қ.Тоқаевтың инаугурациялық сөзіндегі халықтың табысын арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық қорғау органдарын реформалау, өңірлерді дамытудың жаңа бағыты және т.б. алға қойған міндеттерге байланысты ҚР пезиденті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен «Президент Қ.Тоқаевтың 10 міндеті: ел дамуының жаңа деңгейі» атты дөңгелек үстел өтті. Саясаткерлер, қоғамдық ұйым өкілдері, шенеуніктер қатысқан бұл шарада талқыланған мәселелер туралы төмендегі материалдан оқыңыздар.

Президент Қ.Тоқаевтың 10 міндетіндегі басты бағыт – әлеуметтік сала | Strategy2050.kz

Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Айгүл Көшербаеваның айтуынша өңірлердегі тұрғындардың өмір сапасын арттыру басты мәселе және бұл Президент Қ.Тоқаевтың алға қойған 10 міндетінің бірі.

«Ең бірінші экономист ретінде айтарым – қазірі таңда аумақтар даму керек. Негізінде олар ең мықты локомотив, қазақстанның экономикасын, бәсекелестігін дамытудағы ең мықты күш. Жақында ғана өзім аймақтарды зерттеген кезде көп нәрсені байқадым. Жалпы Нұр-сұлтан, Алматы, Атырау қалалары алда келе жатқан мегаполистер болып табылады. Қазіргі таңда біздің алдымызда қай өңілерге, аймақтарға қандай инвестиция салу керек мәселелері тұр. Оны қарастырып жатырмыз. Содан кейін аймақтардағы өмір сапасын арттыру мәселесі бар. Бұл ең басты мәселе. Өмір сапасын арттыру үшін ең алдымен тұрғындардың жалақысын көтеру керек, инфрақұрлымды дамыту керек (мектеп, аурухана, жол, балабақша), инфрақұрлымды дамыту үшін жол жөнделу керек», - деп сөзін түйіндеді Айгүл Көшербаева

Еліміздің әр өңірін дамытуға атсалысатын шетелдік инвесторлардың жұмыс істеу механизмдері туралы  ҚР Сыртқы істер министрлі халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Тимур Шаймергенов айтып өтті.

Оның айтуынша әр өңірде ҚР Сыртқы істе министірлігінің бір бөлігіне айналған «Қазақинвест» ұлттық компаниясының өкілі болады. Солар арқылы инвестор билікпен байланыса алады. Одан әрі қарай ҚР СІМ орталығы шетелдік инвесторлардың жұмыстарының үйлестіршісі қызметін атқарады. Әрбір шетелдік мекеме келген елінің орта және шағын бизнесімен жұмыс істегенде мемлекет бекіткен нақты ережеге бағынады.   

  «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционелік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары, экс-мәжіліс депутаты Әсима Бимендина Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған 10 бағыттың үшеуіне тоқталды.

«Әр мемлекетте осындай бір маңызды кезеңдер болады. Сондай маңызды кезеңнен 9 маусым күні өтіп отырмыз. Ал, енді Президент қойған 10 бағыттың ішіндегі үшеуіне тоқталып өтсем. Әрине, сапалы білім алғымыз келсе, ең алдымен жастарға білім беріп жатқан кадрларға көңіл бөлген жөн. Осыған байланысты, дәрігерлер секілді мұғалімдерді ған байланысты осы мәселе бойынша біршама өзгеріс күтіп отырмыз. Екіншіден, жастарды жұмысқа тұрғызу мәселесі де өте өзекті. Қазіргі таңда біздің холдинг жаңа білім бағдарламаларын әзірлеумен айналысады. Күні ертең біздің колледждерден оқу бітіріп, еңбек нарығына шыққан жастар қоғамда өз орнын таба білуі керек. Сол себепті, бұл мақсатқа толыққанды жету біздің салаға тікелей байланысты. 2019 жыл - Жастар жылында «Жастар - ел тірегі»  сонымен қата ҚР Білім және ғылым министрлігі дайындап, жақында қолға алынатын «Жас маман» бағдарламалары толық іске асуы тиіс. Ең қажетті 100 мамандық пен үздік 200 оқу орнын халықаралық деңгейде біліктілігі жоғары мамандарды даярлай алатындай деңгейге көтеруіміз керек.  Әрбі қазақстандық ел болашағына бей-жай қарамаса, Президенттің 10 бағытын іске асыруда өз үлесімізді қоса білсек, біздің мемлекет дамып, Елбасы қойған 30 дамыған елдің қатарына енеміз. Ең бастысы Елбасының жодауы осы бағытта өз орынын табады», - деді Әсима Бимендина.

Қазақстанда жастарға арналған көптеген озық бағдарламаларды жастардың өзіне жеткізе білу тетіктері туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары  Жұлдыз Омарбекова айтты.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік реформалардың локомотиві жастар екенін айтып келеді. Қазақстанда жастарға көптеген өте мінсіз, озық бағдарламалар бар. Жастарға жағдай жасалған. Бірақ бұл бағдарламалар туралы жастардың өзі біле бермейді. Мысалы үшін «Серпін», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға» бағдарламаларының бәрі де жемісін беріп жатыр. Жастарға ақпарат жеткізуде дәстүрлі БАҚ тетіктері, яғни, газет-журнал, теледидар арқылы жүзеге асыру пайдасыз іс. Қазір интернет заманы. Біздің мемлекетте өзге елдерден гөрі керемет жобалар жүзеге асырылып жатыр. Жоспарлар мен заңдарда мін жоқ. Бірақ, жастар осыны сезінбей жатса, қай жерден ақау кетті? Мәселе - ұйымдастыруда, аталған шаралардың, бағдарламалардың жүзеге асырылуының тиімділігінде, бақылауда. Жастарға не керек? Атам заманнан бері жастардың қалайтыны - әділеттілік. Шындықты іздеушілер де солар. Қасым-Жомарт Тоқаевтың ең басты артықшылығы - «ауруын жасырған өледінің» мағынасын айқын түсініп, түйсініп отыр. Сол себепті, қоғамның мәселелерін ашық айтып, бастысы - түзей білуіміз керек. Қазақстандағы 4 млн жас мемлекет не беріп, не ұсынып отырғанын білуі үшін не істеу керек? Министр Дәурен Абаевпен, ведомствоның мамандарымен осы мәселені кеңінен талқылап жатырмыз. Жастар баяғыда-ақ әлеуметтік желіге кетіп қалған. Бәрі тез өзгеріп жатыр. Осы бағыттағы жұмысты жетілдіріп, жастардың талабына сай келу жағын ойластырып жатырмыз. Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды іске тарту керектігін айтып отыр. Ол үшін әділетті түрде оларға мүмкіндік беруді қарастыруымыз керек», - вице-министр.

 «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, саясаткер Талғат Қалиев елімізде салықты өңірлер де төлейтінін, алайда мегаполистерге көп көңіл бөлініп, олардың мәселе шет қалатынын айтты.

«Президент атап кеткендей өңірлерді дамыту өзекті мәселе. Қазір бұл күйіп тұр. Қарапайым ғана мысал, салықты өңірлер де төлейді  ғой, мегаполис тұрғындарының қоғамдық көліктегі әр-түрлі әлуметтік жеңілдіктер алғаны сияқты өңір тұрғындарына да көңіл бөлу керек.   Жергілікті өзін-өзі басқару органдарында бюджет бөлінуі қаралғанда өңір тұрғындарын да  осы жұмысқа тартып, көптің пікірін тыңдау керек. Яғни, халықтың өзі қай ауданда қандай жолды жөндеу керектігін, қай мектепке жөндеу жүргізу керектігін өздері көрсетуіне мүмкіндік беру керек. Егер халық осы іске кеңінен тартылса, Алматы мен Нұр-Сұлтанға бет алған қазақстандықтардың саны азаяр еді. Урбанизациядағы тағы бір нәрсе, барлық БАҚ көздері Алматы мен Нұр-Сұлтанды жазады да, аймақтарға тек қайғылы жағдай я болмаса мәселе туындағанда ғана мән береді.  Содан соң өңір тұрғындарында Алматы мен Нұр-Сұлтанда өмір жақсы, қалған аймақтарда нашар деген ой қалыптасуы мүмкін», - деп БАҚ өкілдерін өңірлердегі тіршілік туралы жиі ақпарат беру керектігін алға тартты.

Президент айтқан міндеттерге сәйкес қазірдің өзінде бірқатар нақты тапсырмалар айтылып, жаңа инститттар құрылып, кадрлық тағайындаулар жүргізілген. Соның ішінде Қазақстанның дамуы мемлекет пен қоғамның байланысын арттыратын – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі де бар.

Айдана Абдрахманова

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды