• Басты
  • Қазақстандық шаруалар өнімін тікелей өткізетін болды
19 Маусым, 2019 17:49

Қазақстандық шаруалар өнімін тікелей өткізетін болды

Ел алдында есеп берген ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов – министрліктің биыл алға қойған ең маңызды үш бағытын атап өтті. Олар - елдегі кәсіпкерлікті дамыту, бағалар мен тарифтер және өңірлерді дамыту. Министрдің мәліметінше осы жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша экономикалық өсім 4 пайызды құраған.
Қазақстандық шаруалар өнімін тікелей өткізетін болды

Қазақстанда көтерме-тарату орталықтары құрылады

Есеп беру жиынында Ұлттық экономика министрі Қазақстанда көтерме-тарату орталықтары - КТО құрылысы ұйымдарының жобасы жүзеге асырылатынын хабарлады. Бұндай жоба ауыл шаруашылығы өндiрушiлерінен өнiмді тікелей сатып алуға мүмкiндiк береді.

«Бұл жаңа дүние. Әр өңірде КТО салу жоспарлануда. Бұл ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден сатып алуға мүмкіндік береді. Ал өндірілмейтін жерлерде - көкөніс өнімдерін ең төмен маржамен делдалсыз тікелей импорттамауға, өнім жинау кезеңінде көп мөлшерде, ауқымды партиясымен сатып алуға, баға жоғары болған кезеңде сақтап, қор қылып ұстауға және тауар интервенцияларын жасауға мүмкіндік береді», - деді ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Өкінішке орай, министр атап өткендей, оларды жылдам салу мүмкін болмай отыр.

«Бірақ қазір барлық облыстарда құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс қаңқасын, діңгегін салу жұмыстары. Көптеген облыстарда мұндай орталықтар күзгі мезгілде-ақ жұмыс істеп кетеді деп болжаймыз. Дәл сол кезеңде нарыққа жиылған өнім шығады және одан кейінгі айларда бұл орталықтар интервенциялар жасай алады », - деді Р.Дәленов.

Салықтық «cashback» (кэшбэк) жобасы қолға алынады

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.

«Салық саясаты туралы: біз үшін қолма-қолсыз төлемдерді одан әрі ынталандыру, салық базасын кеңейту, салық төлемдерін төлеуді жеңілдету басымдық болып табылады. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы коммерциялық желілерде карточкамен төлейтіндер салықтан босатылады, сондықтан бұл бонуспен басқа салықтарды төлеуге немесе тауарларды сатып алуға болады», - деді Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов. Министрдің айтуынша, бірінші аспектіні ынталандыру мәселесі әзірленуде.

Министр сондай-ақ, бұл мәселе оңай емес және банктермен өзара әрекеттесуді талап ететінін, сондықтан келесі жылдың міндеті - биылғы жылы тағы бір ұсыныс ұсыну үшін жұмыс істейтіндіктерін мәлімдеді.

Жаңа инвестициялық салық сасаты

Сонымен қатар министр Қазақстанда жаңа инвестициялық салық сасаты енгізілетін айтты.

«Біз әзірлеген заңнамалық түзетулерде инвесторларға экономиканың басым салаларындағы ірі жобалар бойынша тұрақты жағдай туғызу көзделеді. Сонымен қатар Салық кодексінде инвестициялық салық кредиті қарастырылған. Өйткені, кәсіпорындар жұмысын бастаған кезде әдетте олардың айналым қаражаттары өте аз болады. Бұған қоса, салық төлеу қажет. Сол себепті біз егер ол кәсіпорын басым салада болса, онда оларға инвестициялқ салық кредитін ұсынамыз. Салықты төлемей-ақ қой бірнеше жылдан кейін бересің», - деді  Р.Дәленов.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы

Руслан Даленовтің айтуынша, бағдарламаға қатысуға сұраныс өте көп және өтініштер түсіп жатыр. Биылғы жылы бюджет қаражаты кепілге қойылып, 5 мыңға жуық адам «Дипломмен ауылға» бағдарламасын пайдалана алады.

 «Ұлттық экономика министрлігі «Дипломмен ауылға» бағдарламасының үйлестірушісі болып табылады. Жыл сайын осы бағдарлама арқылы 5 мың азамат көмек алады. Бұл, ең алдымен, өтеусіз қамтамасыз ету, яғни, 70 айлық есептік көрсеткіш. Сондай-ақ, егер АЕК қайта есептелсе, 3,8 млн. теңге шамасында несие беріледі. 15 жылға 0,01 пайыз мөлшерлемесінде болады», - деді министр.

Әлеуметтік маңызы бар тауарларға ретро бонустар қойылмайды 

Министр заңнамаға енгізілген түзетулер туралы хабарлады.


«Заңнамаға әлеуметтік маңызы бар тауарлар үшін ретро бонустар бекітуге болмайтыны жайлы өзгерістер енгізілді. Бұл сауда желісінің жеткізушіге сату жағдайында белгілі бір пайызын төлеуге шарт қоятыны секілді жағдайлар, бұл тауар құнын арттырады. Біз мұндай ретро бонусты заңсыз деп танитын норма енгіздік. Енді оны қою мүмкін емес. Бұл нормамыз қолдау тапты», - деді министр.

Руслан Дәленов сондай-ақ әкімдіктер елеулі ауытқулар болған кезде бағаларды шектей алатыны жайлы түзетулер енгізілгенін хабарлады.

«ӘКК жұмысына бейімделгіштік, икемділік қасиет беру үшін түзетулер, атап айтқанда ӘКК ақшасына тауарларды сатып алу ғана емес, сондай-ақ сауда желілерінің айналым капиталына, белгілі бір тауарларға бағаны ұстап тұру бойынша қарсы міндеттемелері бар несие беру мүмкін болатындай түзетулер енгізілді. Бұл құрамында сәбіз, қырыққабат және басқа өнімдері бар, ауызекі тілде борщ жиынтығы деп аталатын тауарлар. Яғни осы орталықтар бойынша сауда желісі ӘКК-дан ликвидтілік, айырбастау өтімділігін ала отырып, есесіне өзінің сауда желісінде өтімділік қамтамасыз етілген барлық кезең ішінде бағаны сол деңгейде ұстап тұруға міндетеледі. Біз бұл құқықты қарастырдық», - деп толықтырды сөзін Ұлттық экономика министрі.

Сондай-ақ, келесі жылы болатын халық санағына 9 млрд теңге жұмсалатынын, санақты өткізу үшін қағаз, қалам сатып алынбай планшет қолданылатындығы одан әрі техникалардың мектеп, аурухана жұмысына кәдеге жаратыландығы айтылды. Министр сөзінше, жеке тұлғалардың мүлік және жер салығын біріктіру де қарастырылуда. Көппәтерлі тұрғын үй иелерінің жер салығы алынып тасталады. Көлік салығын төлеу мерзімін өзгерту де көзделіп отыр. Қазір салықты жыл соңына дейін төлеу қажет. 2020 жылдан бастап салықты келесі жылғы 1 сәуірге дейін төлеу жоспарланып отыр.

Айдана Абдрахманова

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды