- Басты
- Медицина саласындағы көрсеткіштер – ҚР Денсаулық сақтау министрі есеп берді
Медицина саласындағы көрсеткіштер – ҚР Денсаулық сақтау министрі есеп берді

Есепті кездесуде өткен жылды қорытындылау барысында министр соңғы 3 жылда елімізде негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштердің жақсарғанын жеткізді.
«Стратегиялық мақсатттарымызға сәйкес, ең маңызды индикаторларды атап өткім келеді. Бүгінде Қазақстан халқының күтілетін өмір сүру ұзақтығы өткен жылмен салыстырғанда 83,13 пайыз құрады, ана өлімі 9%-ға, нәресте өлімі 6,5%-ға азайды. Бірақ бұл көрсеткіштерді әлі де жоғары деп санамаймыз, әлі алдымызда көп жұмыс бар. Осыған байланысты қажетті шаралар жүргізілуде. Сонымен қатар маңызды мәселе, осы екі жылдың ішінде жалпы туберкулезден болатын өлім 30 %-ға және жарақат алғанда болатын өлім 10%-ға төмен түсті әрі бұл жедел-жәрдем көмегінің сапасының артқанын көрсетеді», - деді министр.
Министр әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге байланысты дайындық жұмыстары, медициналық цифррландыру, сапалы дәрі-дәрмек бұл ең маңызды стратегиялық бағыттың бірі екенін айта келе, 2018 жылы 7 миллионнан астам адамға скрининг өткізілгенін жеткізді.
«Қазіргі таңда біз елімізде 7 түрлі скрининг өткіземіз. Сонымен қатар Елбасы тапсырмасы бойынша өткен жылы қоғамдық деналық сақтау жоспары қабылданды. Сол жоспар бойынша көптеген іс-шараларды атқарып жатырмыз, соның ішінде ең маңызды мәселе балалардың және мектеп оқушыларының денсаулығын қорғау. Осы бағытта жаңа стандарттар енгізілген. Енді тағы бір мәселе вакцинация. Қазірі күндері біздегі вакцинация халықаралық стандарттарға сәйкес және ол 97 пайызды құрайды. Өткен жылы біз скрининг бойынша 7,3 миллион адамға 12,2 миллион тексеру шарасын жүргіздік. Осының арқасында 300 мыңнан астам жаңа аурулар табылды. 250 мыңнан астам аурулар диспансерлік бақылауға алынды. Бұл өте маңызды мәселе», - деген ақпарат берді министр есепті кездесуде.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, медициналық мекемелер мен жоғары оқу орны өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысқан кездесуде медицина қызметкерлерінің жалақысы туралы ақпарат айтылды.
2020 жылдың ақпанына қарай еліміздегі 400 мың медицина қызметкерінің жалақысы тағы 30 пайызға артатын болады. Емханадағы дәрігерлердің жалақысы 133 527 теңгеден, медбикелердің еңбекақысы 94 410 теңгеден, санитарлардың жалақысы 36 519 теңгеден, әкімшілік және басқа да жұмысшылардың еңбекақысы дәл осындай ретпен 30 пайызға жоғарылайды.
«Адамдар қолына нақты алатын жалақыны 30 пайызға көтеруді мақсат тұтып отырмыз. Дегенмен, мұның да өзіндік ерекшеліктері бар. Көпшілік, халық та денсаулық сақтау саласындағы жалақыны Денсаулық сақтау министрі немесе мемлекет бекітеді деп ойлауы мүмкін. Негізінде бәрі олай емес. Біз медициналық ұйымдарға көрсеткен қызметі үшін төлейміз. Мысалы, аппендицитті емдесе оның бекітілген бағасы бар. Оны тариф деп айтамыз және осы тариф арқылы жалақы шығындарын қалыптастырамыз. Біз осы тарифті медициналық қызметкерлерге ақша жетуі үшін арттырамыз», - деді Е.Біртанов.
Сондай-ақ, өткен жылы Қазақстанда 47 балаға жілік майын ауыстыру бойынша ота жасалған.
«Маңызды жетістіктердің бірі - бұл жілік майын трансплантациялау. Бұл қазақстандық медицинаның ең өзекті мәселесі. Балаларымызды жілік майын трансплантациялау үшін шетелге жіберуге мәжбүрміз. Ол оңай ота емес және дайындықтың ұзақ мерзімін, ұзақ уақыт бойы күтім мен оңалтуды талап етеді. Шетелге жіберу арқылы бұл проблеманы шешу мүмкін емес. Осыған орай бұл шараны Қазақстанда қолға алу маңызды. Біз өткен жылы мұнымен байыпты түрде айналыстық. Былтыр балалардың жілік майын трансплантациялаудың 47 отасы жасалды. Қазіргі уақытта қажеттіліктің арта түсуі байқалады. Бүгінгі күні оның жартысын өзіміз шешіп отырмыз. Таяу 2-3 жылдық жол картамыз бар және бұл проблеманы шешеміз», - деді Елжан Амантайұлы.
2018 жылы балаларға скрининг жасау арқылы 240 мың дерт түрлері анықталып, 153 мың бала тіркеуге алынған. Ал, сатып алу және тіркеуді цифрландыру 14 миллиардтан астам теңгені үнемдеуге себеп болды және ол медициналық-санитариялық алғашқы көмекке жұмсалған. Сонымен бірге медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту бойынша шаралар жоспары қабылданды. Еліміз бойынша жалпы практикалық дәрігердің мыңнан астам және педиатриялық дәрігерлердің 79 жаңа учаскесі ашылды. Дәрігерге қаралуға және дәрігерді шақыруға онлайн жазылу енгізілді. Осылайша 2018 жылы жалпы практикадағы дәрігерлерге түсетін салмақ 5% азайып, емханаларда кезекке тұру екі есеге азайған.
Министдің есебінше, медициналық көмекті жетілдіру аясында жоғары-технологиялы медицина дамып келе жатыр.
«2018 жылы 1200-ден астам трансплантация жасалды. Қазақстан жасанды жүрек қарыншасы имплантациясын жасайтын елдердің қатарына кіреді. Осындай 43 бірегей ота жасалды. Былтыр сымсыз зарядталатын жүрек имплантациясы сәтті жасалды», - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың жетіспеушілігіне байланысты 2019 жылдан бастап түлектерге үш жыл мемлекеттік медициналық мекемелерде жұмыс істеу міндеттеледі. Осы мақсатта 2019 жылы 5 055 түлекті қызметке орналастыру жоспаралануда. Сонымен қатар осы жылы кейбір дәрілер рецеппен берілетін болады. Қандай дәрілердің рецепсіз босатылатыны, Қазақстанда тіркелген дәрілер туралы мәліметті «darikz» мобильді қосымшасы арқылы немесе 1439 тегін байланыс орталығына хабарласып білуге болады.
Айдана Абдрахманова
-
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев
-
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзінде жүзеге асуына куә болудамыз – саясаттанушы
-
Тоқаев жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
-
Елдегі эпидемиологиялық ахуал нашарлады – Бас санитар дәрігер
-
ҚР ИИДМ: Көлік құралдарын шығару - машина жасау өнеркәсібінің дамуына ықпал етті
-
Сарапшылар пікірі: «Нұр Отанның» жеңісі – 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі»
-
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
ЕО комиссиясының төрағасы: Дауыс берушілердің көптігі – қалыпты өмірге оралуымыздың белгісі
-
Сайлау-2021: Сайлаушылардың 52,5%-ы дауыс берді
-
Пандемия жағдайында сайлау мінсіз ұйымдастырылған – Франциялық бақылаушылар
-
Қазақстан демократиялық дамудың жоғары деңгейін көрсетті – итальяндық бақылаушылар
-
Сайлау-2021: Мәжіліс Төрағасы, «Ақ жол» мен «Адал» партияларының төрағалары дауыс берді
-
Сайлау: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев таңдау жасады
-
Сайлау: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дауыс берді
-
Cайлау-2021: Үкімет басшысы, Сенат Төрағасы, Мемлекеттік хатшы алғаш болып дауыс берді

