- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы Қазақстанда мұнай-газ саласына инновациялық технологияларды енгізуге арналған бірқатар аймақтық форум өтеді
2014 жылы Қазақстанда мұнай-газ саласына инновациялық технологияларды енгізуге арналған бірқатар аймақтық форум өтеді
Форумға дайындық бойынша өткен отырысқа NCOC, Теңізшевройл, Шелл, Лукойл, Карачаганак Петролиум Оперейтинг, Total сияқты ірі мұнай-газ компанияларының, ғылыми институттардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, Экологиялық реттеу және бақылау, Геология және жер қойнауын пайдалану комитеттерінің өкілдері қатысты.Кездесу барысында «Шелл» компаниясы тарапынан дайындалған Жер қойнауы туралы кодекс, мұнай-газ саласының өндіру секторының ғылыми-технологиялық дамуының Жол картасын жүзеге асыру мәселелері қозғалды. Сондай-ақ бірлескен әрекет туралы Ақтау декларациясын жүзеге асырудың негізгі аспектілері талқыланды.
Мұнай және газ министрі Ұ.Карабалин айтуынша, мұнай-газ саласы көмірсутектіні өндіру деңгейін және жер қабаттарынан мұнай алу қайтарымын арттырып қана қоймай, отандық мұнай-газ ғылымын дамытуға жаңа септігін тигізетін инновациялық технологияларды белсенді енгізуді қажет етеді.
Ағымдағы жылы Мұнай және газ министрлігінің қолдауымен Ақтау, Атырау, Қызылорда және Орал қалаларында мұнай-газ форумдарын өткізу жоспарланған. Бірінші болып ү.ж. 26 ақпанда Ақтау қаласында «Мұнай өндірудегі өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбында өтпек.
Сондай-ақ, Қазақстанның, Ресейдің, Әзірбайжанның және Башқұртстанның жетекші мұнай-газ компаниялары мен ғылыми институттары жоғары тұтқырлы мұнайы бар кен орындары үшін полимерлі суландыру әдісін, мұнай шығару коэффициентін арттыру үшін бу жылыту әсері технологиясын қолданудағы тәжірибесімен бөлісуге дайын. Шетел сарапшылары жер қабаттарынан мұнай алу қайтарымына микробиологиялық әсерін қолдану туралы, теңіз инженерлік құрылысына глобальді мұздың күшін анықтау тәсілдері туралы, сондай-ақ кен орындарды суасты кабелі арқылы электр қуатымен қамтамасыз ету туралы білімдерін ортаға салмақ.
Аймақтық мұнай-газ форумдары Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастығының ХІ форумын өткізу үшін алдын-ала дайындық алаңы болмақ. Екатеринбург қаласында өткен Х қазақстан-ресей форумында Мемлекет басшысының бастамасымен 2014 жылы осындай кездесуді «Көмірсутегі саласындағы инновация» тақырыбымен Атырау қаласында өткізу шешілген болатын.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда