• Басты
  • АӨК-ні дамытудың нәтижелері қандай?
18 Маусым, 2019 13:14

АӨК-ні дамытудың нәтижелері қандай?

Бүгінде агроөнеркәсіптік кешен экономиканың тұрақты дамып келе жатқан салаларының бірі ғана емес, сонымен бірге бизнес үшін экономикалық тұрғыдан тартымды салаға айналып отыр.Елбасы алға қойған еңбек өнімділігі мен өңделген өнім экспортын 2,5 есеге арттыру міндетін ескере отырып, өткен жылдың екінші жартысында Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы өзектендірілді. АӨК саласында қол жеткізілген нәтижелер туралы Ауыл шаруашлығы министрі Сапархан Омаров халық алдындағы есебіндле айтып берді.
АӨК-ні дамытудың нәтижелері қандай? | Strategy2050.kz

2018 жылдың қорытындылары

Министр айтқандай,  2018 жылдың қорытындысы бойынша бірқатар бағыттарда жақсы нәтижелерге қол жеткізілді.

«Өсімдік шаруашылығында әртараптандыру аясында 2018 жылдың өзінде майлы дақылдардың жалпы жиналымы 2,7 млн. тоннаны құрады. Бұл ретте, Қазақстан зығыр өндіру көлемін 930 мың тоннаға дейін жеткізіп, бұл өндіріс түрі бойынша әлемде 1-орынға шықты. Сондай-ақ, картоп өндіру көлемі 3,5 млн. тоннадан 3,8 млн. тоннаға, көкөніс өндіру 3,8 млн. тоннадан 4,1 млн. тоннаға дейін ұлғайды. Экспорт та қарқынды дамуда. Мәселен, арпа экспорты 2 есеге, рапс майы мен қызанақ 1,4 есеге, соя 2 есеге өсті», - деді С.Омаров.

Министр атағандай, дәнді дақылдардың 20,3 млн. тонна көлеміндегі түсімінен ұнды есепке алғанда, 11,7 млн. тонна астық экспортталды, бұл 2017 жылдың деңгейінен 33%-ға көп.

« Минералды тыңайтқыш қолдану қажеттіліктің 18%-ына жетті, өткен жылдары бұл көрсеткіш 10-14%-дан аспайтын. Өткен жылы тыңайтқыштарды субсидиялау процесі толықтай автоматтандырылды, ал бөлінетін қаражат көлемі 24%-ға ұлғайды.Қарқынды бақ шаруашылығын дамыту мақсатында өткен жылы 1 132 гектар, оның ішінде Алматы облысында 432 гектар, Жамбыл облысында 200 гектар, Түркістан облысында 500 гектар қарқынды бақ отырғызылды.Қабылданған шаралар нәтижесінде 2018 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өсімдік шаруашылығы өнімдерін шығару көлемі 3,2%-ға ұлғайып, 2,4 трлн. теңгені құрады», - деді С.Омаров.
 

Министр атап өткендей,  2018 жылдың екінші жартысынан бастап етті мал шаруашылығы бағдарламасын іске асыру басталып кетті.

«Оның басты негізі – шағын және орта шаруашылықтар. «Сыбаға» жеңілдетілген арнайы кредиттік өнімі іске қосылды. 6 айдың ішінде 600-ден астам отбасылық ет фермасы кредит алып, бағдарламаға енді.Нәтижесінде статистикалық деректерге сәйкес 2018 жылы ет экспорты 18,7 мың тоннаны, оның ішінде сиыр етінің экспорты 4,7 мың тоннаны құрап, 2017 жылдың деңгейінен 3 есеге асты», - деді С.Омаров.

Сапархан Омаров  сүтті мал шаруашылығын дамыту мақсатында 2018 жылы 25 тауарлық сүт фермасы пайдалануға берілгенін жеткізді.

«Жалпы, қуаты 6 мың бастан асатын бұл фермалардың 7-еуі өнеркәсіптік, 18-і отбасылық фермалар.Дәл бұған дейінгідей мемлекеттік қолдау көлемімен бағдарламаны іске асыру нәтижесінде оның тиімділігін арттыру есебінен 2018 жылы тек ұйымдастырылған шаруашылықтардағы сүт өндіру көлемінің өзі 1,5 млн. тоннаны құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 7,6%-ға көп. Салыстырмалы түрде алар болсақ, олар 2015 жылы 900 мың тонна өндірген болатын», - деді ол.

Ол айтып өткендей,  құс шаруашылығында 5,6 млрд. дана тауық жұмыртқасы өндірілді, бұл 2017 жылдың деңгейінен 10%-ға артық. Алғаш рет 671 млн. дана жұмыртқа экспортталды, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық артық.

«191 мың тонна құс еті өндірілді, бұл 2017 жылғы деңгейден 6,3%-ға артық. Ақмола облысында ең үлкен бройлерлік құс фабрикасы іске қосылды. Қуаты – алғашқы кезекте жылына 25 мың тонна сойыс салмағындағы құс еті. Ол кейін тірідей салмақта 60 мың тоннаға жеткізілмек.Нәтижесінде 2018 жылдың қорытындысы бойынша жалпы мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі 2,0 трлн. теңгені құрады, бұл 2017 жылдың деңгейінен 3,9%-ға көп», - деді ол.

Министр атағандай, мемлекеттік бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі өткізу нарықтарының қолжетімділігін қамтамасыз ету және экспортты дамыту болып табылады. Бүгінгі күннің өзінде 13 тауар тобы бойынша Қытай нарығы ашық.

«Иран тарапымен тірі қой, мұздатылған және салқындатылған қой етін, сиыр етін, тағамдық жұмыртқа жеткізуге арналған ветеринариялық талаптар келісілді.Сауд Арабиясы Корольдігімен сою және өсіру үшін отандық ірі қара мал мен ұсақ мал экспорттауға арналған ветеринариялық сертификат келісілді. Бахрейнге сиыр еті мен қой етін экспорттау жүзеге асырылуда», - деді министр.

Министр  агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің шетелдік нарықтарға қолжетімділігін одан әрі кеңейту үшін Израиль, Түркия, Кувейт, Оман, Жапония, Оңтүстік Корея мемлекеттерімен, Еуроодақ елдерімен келіссөздер жүргізу жоспарлануда. Бұл ретте, Қытай тарапымен 2018 жылы Қазақстаннан әкелінетін экспортқа бағдарланған басым ауыл шаруашылығы өнімдеріне қойылатын импорттық талаптарды келісу жөніндегі жол картасына қол қойылғанын айтты.

« Жалпы алғанда, 2018 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 3,5%-ға, тамақ өнімдерінің көлемі 1,6%-ға артты.Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 14,2%-ға, тамақ өнімдерін өндіруге салынған инвестициялар 27,3%-ға ұлғайды.Сондай-ақ, су, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі, жер ресурстары саласындағы қызметтің қорытындыларына тоқтала кетуді жөн көріп отырмын.
 

Су шаруашылығы
«Су шаруашылығы саласында төтенше жағдайлар туындауының алдын алу және су қоймасының қауіпсіз жұмыс істеу режиміне қол жеткізу мақсатында апатты жағдайдағы 41 су қоймасын реконструкциялау көзделген. 2018 жылы Шығыс Қазақстан облысында 2 объект қалпына келтірілді.Бұл су шаруашылығы объектілерінің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуге, суармалы жерлердің сумен қамтамасыз етілуін жақсартуға, суды тасымалдау кезінде орын алатын су шығынын қысқартуға мүмкіндік берді.Апатты жағдайдағы 6 су қоймасын реконструкциялау 2019 жылы аяқталатын болады, 5 су қоймасы бойынша құрылыс жұмыстары басталды, қалған 21 объект бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде», - деді С.Омаров.

Министр атап өткендей,  3  гидротехникалық құрылысжайды реконструкциялау және ерекше апатты жағдайдағы 1 объектіні күрделі жөндеу аяқталды.

«Бұл Батыс Қазақстан облысында халық саны 61 мың адамды құрайтын 16 ауылдық елді мекеннің шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждықтары үшін сумен кепілдендірілген түрде қамтамасыз етуге, 100 мың бас қойға немесе 25 мың бас ірі қара малға арналған 180,0 мың гектар жайылымдарды суландыруға су беру үшін қосымша су шаруашылығы инфрақұрылымын құруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, бұл Қызылорда облысында 48,5 мың гектар, Түркістан облысында 5,0 мың гектар, Жамбыл облысында 6,8 мың гектар алаңдағы суармалы жерлерді сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызды. 2019 жылы 10 гидротехникалық құрылысжайды реконструкциялау жоспарлануда», - деді С.Омаров.

Республиканың 7 облысында  жаңа  22 су қоймасын салу бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу жалғасуда.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі

Ормандарды молықтыру көлемін ұлғайту мақсатында министрліктің бастамашылығымен, облыстар әкімдіктерімен бірлесіп, 2030 жылға дейінгі қадамдық жоспарлар бекітілді, олар жыл сайын ормандарды молықтыру көлемін ұлғайтуды және 10 мың гектарда жасыл аймақтар құруды көздейді. 2018 жылы 52,7 мың гектарға көшеттер отырғызылды.

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту шеңберінде Шығыс Қазақстан облысында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен Алматы облысында «Іле-Балқаш» табиғи резерваты құрылды, бұл ретте республиканың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының алаңы 24,7 млн. гектарға немесе ел ауданының 9,0%-на жетті.Жануарлар дүниесі саласында тауарлық балық өсіру (акваөсіру) көлемі өсуде, бұл ретте 2018 жылы балық өсіретін кәсіпорындар 3400 тонна тауарлық балық өсірді, салыстыру үшін айтар болсақ, 2017 жылы бұл көрсеткіш 2700 тоннаны құраған болатын, 2021 жылға қарай 5 мың тоннаға дейін ұлғайту болжануда», - деді С.Омаров.

Сондай-ақ, 2017 жылғы киіктер саны 152 мың бас болса, өткен жылы олар 215 мың дараққа жетіп, өсім 41%-ды құрады.

«Сонымен қатар, киіктерді ату фактілері тоқтамай тұр. 2018 жылы 77 браконьерлік фактісі анықталып, 500 киіктің мүйіздері тәркіленді. Министрлік Бас прокуратурамен, Ішкі істер министрлігімен, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Браконьерлікке қарсы жедел іс-шаралар жоспарын әзірледі, онда браконьерлікпен күресу жөніндегі қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жедел іс-шаралар көзделді», - деді ол.

Министр  2016-2018 жылдары республикада мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан 7,6 млн. гектар ауыл шаруашылығы жерлері (оның ішінде егістік – 2,0 млн. гектар, жайылымдар – 5,5 млн. гектар) анықталғанын атап өтті.

«Қабылданған шаралардың арқасында 2,0 млн. гектар жерді жер учаскелерінің бұрынғы иелері мен жер пайдаланушылар игере бастады, 3,7 млн. гектар мемлекет меншігіне қайтарылды, оның ішінде 3,0 млн. гектарауыл шаруашылығы айналымына тартылды және 0,7 млн. гектарды бүгінгі күні ауыл шаруашылығына тарту жұмыстары жүргізілуде», - деді ол.

Сондай-ақ,  министр  отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің басты проблемаларының бірі – қаржыландырудың қолжетімділігі екенін атап өтті.

«Қазіргі уақытта аграрлық секторды қаржыландыруда «ҚазАгро» холдингі басым болуда. Екінші деңгейдегі банктер агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландырудың көлемін жыл сайын  төмендетуде. Негізгі себеп – өтімді кепілзаттың жоқтығы.Аталған мәселені шешу үшін қазіргі уақытта қабылданып жатқан шаралардан басқа баламалы механизмдер көзделуі қажет», - деді С.Омаров.

Бірінші, ауылдық кредиттік серіктестіктер мен микроқаржы ұйымдары базасында кооперативтік қаржы одақтарын құру қажет. Ол үшін қолданыстағы заңнамаға ауылдық кредиттік серіктестіктерді орталық серіктестікке бірлестіруді көздейтін өзгерістер енгізіліп жатыр.

Екінші, жаңа құрал – аграрлық қолхаттар енгізу жоспарлануда. Аграрлық қолхаттар – шын мәнінде, алдағы егін есебінен қаражат алуға мүмкіндік беретін вексель, бұл кепілге қою проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Аталған заң жобасына Парламент Мәжілісі депутаттары бастамашылық жасап, Қазақстан Республикасы Үкіметі қолдады.

Ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуді дамыту

«Шикізат өңдеуді дамытуға баса назар аудару керек, себебі қосылатын құнның ең көп бөлігі осында қалыптасады.Алайда, біз қазіргі қолданылып жүрген өңдеу базасымен ахуалды түбегейлі өзгерте алмайтынымызға көзіміз жетіп отыр.  Шетелдегімен салыстырғанда, біздің зауыттарымызда қуаттылық он есеге аз, сондықтан өндірістің пайда әкелуін қамтамасыз етпейді. Орнатылған қондырғылар энергияны көп қажет етеді, моральдік тұрғыдан да, физикалық тұрғыдан да ескірген. Бұл саладағы жағдайды трансұлттық компаниялар мен ірі өңдеушілерді тарту арқылы ғана түбегейлі өзгерте аламыз», - деді ол.

Бүгінгі таңда шетелдік инвесторлардың қатысуымен шамамен 24 ірі инвестициялық жоба түрлі сатыларда (ТЭН, ЖСҚ жоспарлау, әзірлеу, жер және құрылыс жұмыстары, өнім шығара бастаған  іске асырылуда. Жалпы сомасы 1 млрд. АҚШ долларынан асады, оның ішінде 14 жобаға жалпы сомасы 710 млн. АҚШ долларына трансұлттық компаниялар қатысады.  

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды