• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б. Жәмішев Беларусь Республикасының Сәулет және құрылыс министрімен кездесті

Б. Жәмішев Беларусь Республикасының Сәулет және құрылыс министрімен кездесті

23 Қаңтар, 2014 09:00
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев Беларусь Республикасының Сәулет және құрылыс министрі Анатолий Черный бастаған делегациямен кездесті. Делегацияның құрамында Беларусьтің жетекші жобалау-инженерлік ұйымдары мен құрылыс кешені кәсіпорындарының өкілдері бар, деп Өңірлік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан Республикасының өңірлік даму салалық бағдарламалары шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға беларустық құрылыс кешендерін тарту перспективаларын қозғады», - делінген хабарламада.  

2013 жылғы тамызда өткен Қазақстан-Беларусь сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссиясының Х отырысы шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықты іске асыру барысына аса назар аударылды. Осы отырыс барысында жобалау және құрылыс саласындағы екі тараптық ынтымақтастықты дамыту туралы хаттамаға қол қою кезінде тараптар тұрғын үй құрылысы саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға, осы саладағы бірлескен энергия үнемдеу жобаларын іске асыруды, индустриалды үй салудың беларустық тәжірибені қолдануды, бірлескен жобалау кәсіпорындарын ұйымдастыруды қоса алғанда өзара қызығушылық танытты.

Болат Жәмішев кездесу барысында  ведомстволарымыздың арасындағы қарым-қатынас конструктивті диалог пен нақты уағдаластық арқасында   сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында жаңа деңгейге қол жеткізгенін атап өтті.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі мен Белорусь Республикасының Сәулет және құрылыс министрлігінің арасында құрылыстағы бағаның құрылуы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім  (қол қою) қарастырылды.

Болат Жәмішев аталған келісім екі республикадағы бағаның құрылуы жүйесіндегі реформаның тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретініне және құрылыстың сметалық құнын анықтау бойынша бірыңғай әдіснамалық тәсілді әзірлеуге көмектесетініне сенім білдірді.

 

Барлық жаңалықтар