• Басты
  • Қазақстанда екі жаңа министрлік құрылды
17 Маусым, 2019 17:05

Қазақстанда екі жаңа министрлік құрылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары бойынша екі министрлік құру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстанда екі жаңа  министрлік құрылды

Қазақстан  Республикасы  Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес мемлекеттік  басқару жүйесін жаңғырту және  тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ішкі және сыртқы сауда саясатын қалыптастыру және іске асыру, халықаралық экономикалық интеграция, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы;

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің техникалық реттеу, стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы;

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің экспортты ілгерілету саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып;

2) Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі:

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қоршаған ортаны қорғаудың, тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеудің мемлекеттік саясатын қалыптастыру және іске асыру, табиғи ресурстарды қорғау, оларды ұтымды пайдалануды бақылау және қадағалау саласындағы;

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру, орман шаруашылығы саласындағы;

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мемлекеттік геологиялық зерттеу, минералдық-шикізат базасын молайту саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Қазақстан Республикасы  Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша мемлекеттік органдардың және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың штат санын қайта бөлуді;

2) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Ұлттық экономика, Сыртқы істер, Энергетика, Ауыл шаруашылығы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің берілетін функциялары мен өкілеттіктері шегінде құқықтары мен міндеттемелерінің құқық мирасқоры болып айқындалсын. 

4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі;

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі».

5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қ. Тоқаевтың Жарлығымен Б.Т. Сұлтановты Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі қызметіне ,М.М. Мырзағалиевті Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметіне тағайындалды.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды