• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президенті Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысу үшін Швейцария Конфедерациясына келді

ҚР Президенті Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысу үшін Швейцария Конфедерациясына келді

22 Қаңтар, 2014 19:21
Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысу үшін Швейцария Конфедерациясына келді, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Сапар барысында Қазақстан Президентінің жыл сайын өтетін Давостағы форум жұмысына қатысуы, сондай-ақ бірқатар екіжақты кездесулері жоспарланған», - делінген хабарламада.

Бұған қоса, Мемлекет басшысы халықаралық форумның ашылуына орай ДЭФ атқарушы төрағасы К.Швабтың атынан берілетін ресми кешкі асқа қатысады, оған мемлекет және үкімет басшылары, ірі халықаралық компаниялар жетекшілері шақырылған.

 

Барлық жаңалықтар