• Басты
  • Семейде елбасы жолдауы талқыланды
7 Наурыз, 2013 00:00

Семейде елбасы жолдауы талқыланды

Елбасы Жолдауында айтылған жасөспірімдерді қазақстандық патриотизмге тәрбиелеуде мектептің орны ерекше және ұстаздардың жауапкершілігі зор.
Семейде елбасы жолдауы талқыланды

Осы мақсатта ішкі саясат бөлімінің жанынан құрылған   ақпараттық-насихат тобының лекторлары № 11 орта мектепте  білім беру мекемелерінің ұжымдарымен кездесу өткізді. Жиында мектептегі тәрбие сағаттарында оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу жұмыстарының маңыздылығы айтылды. Ата-ана, оқушы және ұстаздар қауымы бірлесе отырып, өскелең ұрпақты елін, жерін құрметтеуге, отан үшін мақтаныш  сезімдерін қалыптастыру қазіргі қоғамдағы басты қағидалардың бірі,  патриотизм, мемлекеттік міндет қоғамның әлеуметтік тапсырысы екендігі туралы айтылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ақпараттық-насихат тобының лекторы Серік Төлеуғалиев атап өткендей, Елбасы Жолдауы айқын мақсат, анық бағдар беріп отыр. Жаңа Жолдау шын мәнісінде Қазақстан тарихындағы жаңа дәуірге қадам бастайды. Бұл іргелі құжатта Елбасы алдағы онжылдықтарға айқын әрі қолжетімді мақсаттар белгіледі. Сондықтан оны  тыңғылықты  талқылаудан өткізіп, жұмыс  жоспарын құру керек.

Сонымен қатар, кездесу барысында өткен жылы  қалалық әкімшілікте құрылған   тұрғын үй  инспекциясының өкілі  осы салада атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып,  сұрақтарға жауап берді. Кездесу барысында  тақырыпқа қатысты  слайдтар  мен ақпаратттық  бағдарлама көрсетілді. Ұстаздар қауымы да өз ойларын айтып, білім беру мекемелерінде  Елбасы жолдауы талқыланып  жатқандықтарын жеткізді.

Бекітілген кестеге сәйкес  қаланың белгілі ғалымдары, қоғамдық ұйым өкілдері, әкімшіліктің  дербес бөлімдерінің басшыларынан құралған лекторлар тобы  алдағы уақытта  денсаулық сақтау, мәдениет, спорт,  коммуналдық  қызмет салалаларының ұжымдарымен кездесу өткізеді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды