- Басты
- Жаңалықтар
- Қ. Тоқаев ШЫҰ аясында бірқатар кездесулер өткізді
Қ. Тоқаев ШЫҰ аясында бірқатар кездесулер өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековке жылы қабылдағаны үшін ризашылық білдіріп, Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне ресми кіріскеннен кейінгі өзінің алғашқы сапарын Қырғыз Республикасынан бастағанының символдық мәні барын айтты.
«Ұлықтау рәсімінен кейінгі Бішкек қаласында кездесуіміз – жақсылықтың нышаны. Біз жақында Нұр-Сұлтан қаласында кездесіп, екі жақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқыладық. Біздің қазіргі міндетіміз – сол келісімдерді жүзеге асыру», – деді Қазақстан Президенті.
Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтап, екі ел қарым-қатынастарының одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
Тараптар алдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібі бойынша пікір алмасты.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті.
Мемлекет басшысы президент болып сайлануымен және Қазақстан Президенті қызметіне кірісуімен құттықтағаны үшін Қытай Халық Республикасының Төрағасына ризашылық білдірді.
«Менің атыма жолдаған жүрекжарды құттықтау хатыңызды алдым. Сайлау қорытындысын Қазақстан халқының маған артқан зор сенімі және Тұңғыш Президентіміз, Сіздің досыңыз Нұрсұлтан Әбішұлының бағдарын қолдауы ретінде қабылдаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан Президенті қазақ-қытай ынтымақтастығын дамытудың маңыздылығын атап өтіп, Қытай Халық Республикасымен қарым-қатынастардың сыртқы саясатымыздағы басты басымдықтардың бірі екенін айтты.
«Бұл ынтымақтастықтың стратегиялық сипаты бар. Кең ауқымды Еуразия құрлығындағы тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін оның маңызы зор», – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді «Бір белдеу – бір жол» екінші халықаралық ынтымақтастық форумының табысты өтуімен және ҚХР-дің алдағы 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.

ҚХР Төрағасы Мемлекет басшысын президент сайлауындағы жеңісімен тағы да құттықтап, биыл Қытайға ресми сапармен келуге шақырды.
«Біз Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, цифрландыру, ІТ-индустрия және «жасыл» технология салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға үміттенеміз. Сондай-ақ, «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы мен Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын ұштастыру арқылы Қазақстанның транзиттік әлеуетін кеңірек пайдалануға мүдделіміз», – деді ҚХР Төрағасы.
Кездесу барысында тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы, соның ішінде жастардың тағылымдама алмасуларын кеңейту және бірлескен іс-шаралар өткізу жөніндегі екі елдің ықпалдастығын талқылады.
Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мұхаммед Ашраф Ғанимен кездесті.

Мемлекет басшысы Ауғанстан Ислам Республикасының Президентіне ілтипат білдіріп, екіжақты ынтымақтастықтың және көпжақты форматтағы өзара тығыз іс-қимылдардың жоғары деңгейде екенін атап өтті.
«Президент мырза, Сізбен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті аясында Бішкек қаласында кездескеніме қуаныштымын. Біздің елдеріміз ынтымақтастықта мол табысқа қол жеткізді. Алдағы уақытта өзара ықпалдастығымызды кеңейту арқылы бұдан да жақсы нәтижелер күтемін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мұхаммед Ашраф Ғани Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік жасағанына ризашылық білдірді. Мемлекет басшысын президент сайлауындағы жеңісімен және Қазақстан Президенті қызметіне ресми кірісуімен құттықтады. Ауғанстан көшбасшысы Қазақстан халқының өз таңдауы арқылы елдің стратегиялық бағдарының сабақтастығын таңдағанын атап өтті.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхаммед Ашраф Ғанидың қызметіне табыс тіледі.
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады