Ғалым Оразбақов ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігін басқарады

22 Қаңтар, 2014 18:38
ҚР Үкіметінің Қаулысымен Ғалым Оразбақов ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігін басқаратын болды.

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ведомство ұжымына жаңа төрағаны таныстырып, мемлекеттік органның алда тұрған тапсырмаларымен таныстырды.

«Мемлекет басшысы тапсырмасының орындалуын ескерсек, Бәсекелестікті қорғау агенттігінің алдында КО пен БЭК елдері нарығында отандық кәсіпкерліктердің қол жетімді болуы жолында үлкен жауапкершілік тұр. Сонымен қатар, елімізде бизнеске қолайлы жағдай жасалып, бәсекенің қорғалуы тұрғысынан атқарылар шара көп»,- деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министр Агенттік ұжымының жұмысына сәттілік тіледі.

Барлық жаңалықтар