• Басты
  • Еуроодақ мамандары Қазақстанда су сапасын арттыру тәжірибесімен бөлісті
13 Маусым, 2019 10:29

Еуроодақ мамандары Қазақстанда су сапасын арттыру тәжірибесімен бөлісті

Қазақстан астанасында отыздан астам маман үш күн бойы Еуроодақтың тәжрибесімен танысып, су сапасын бақылау негіздерін үйренді. Мамандар қатарында: ұлттық сарапшылар, министрліктер мен өндіріс өкілдері бар. Еліміздегі су сапасын арттыру мәселесіне байланысты оқытуға Еуроодақ қаржылық қолдау білдірді.
Еуроодақ мамандары Қазақстанда су сапасын арттыру тәжірибесімен бөлісті

Қазақстандық мамандардың айтуынша, Қазақстандағы 67 ірі су көзі ауыз  су ретінде пайдалануға жарамсыз. Қазақстанның жер бетіндегі су қоры орташа сулылықта 100, 5 км3 құрайды, оның 56,5 км3 республиканың аумағында қалыптасады. Қалған 44, 0 км3 су көршілес мемлекеттерден түседi: Қытайдан - 18, 9 Өзбекстаннан - 14, 6 Қырғызстаннан - 3, 0 Ресейден - 7, 5 км3. Қазақстан сумен қамтамасыздандыруда ТМД елдерi арасында соңғы орынды алады. Меншiктi сумен қамтамасыздандыру 1 км2жерге 37 мың м3 және бiр кiсiге 6, 0 мың м3-ке тең.

«Елімізде өзен, көл сулары қатты ластанған. Соңғы ондаған жылда Орталық Азия мен Қазақстанда өзендер бұрынғыдан бетер ластанып жатыр.  «Қазгидромет» мекемесінің дерегі бойынша,  ауызсу көзі ретінде саналатын өзен-көлдердің ішінде тек 7 су көзі ғана «нормаға сай» деп танылған. 42 өзен «қалыпты ластанса», 24 өзен өте қатты ластанған. Бір өзен шектен тыс ластанған. Ол – Шығыс Қазақстандағы тау-кен кәсіпорнына тиіп жатқан Красноярка өзені. Қалыпты ластанды деген 42 су көзінің арасында Ертіс, Есіл, Жайық, Іле, Сырдария, Аягөз, Текес, Қаскелең, Талғар, Қапшағай, Талғар, Қопа, Зеренді өзендері мен Арал көлі бар. Ал «қатты ластанған» 24 өзен-көлдің қатарына Бурабай және Балқаш көлдерінен бастап, Үлбі, Ырғыз, Ембі, Ойыл, Тобыл, Қобда, Нұра өзендері кірді. Бір ескеретін жайт, мен бұл ақпаратты «Қазгидромет» мекемесінен алып отырмын. Аталмыш ұйым Қазақстандағы су көздерінің сапасын ұдайы бақылауда ұстап отыр», - дейді «Еуорпалық Одақ пен Орталық Азия арасындағы қоршаған ортаны және су ресурстарын қорғау саласындағы өңірлік ынтымақтастық деңгейін арттыру» жобасының сарапшысы Анатолий Крутов.

Республиканың әр түрлi аймақтарында климаттық ерекшелiктерiне қарай, су қорының 90% көктемдегi мерзiмде өтеді.

Сонымен қатар, жер беті сулары аумақ бойынша бір келкі орналаспаған, жылдар бойында және жылдың ішінде өзгеріп отырады, осыған байланысты әр түрлi облыстарда және экономика салаларында сумен қамту әртүрлі.

Сумен жақсы қамтамасыз етілген Шығыс - Қазақстан облысы 1 км2 жерге - 290 мың м3. Сонымен бiрге, судағы дефицит Атырау, Қызылорда облысында болса, Манғыстау облысында iс жүзiнде тұщы су жоқтың қасы.

ЕО мүше елдері су бұлақтарының ластануын болдырмау шараларын сәтті жүзеге асыруда. Еуропаның дамыған елдерінде де су көздерінің сапасы өте нашар. Алайда олар дамыған технологияның арқасында лас су көздерінің бәрін ауызсу ретінде пайлана алады.

«Орталық Азия мемлекеттері ішінде әсіресе Қазақстан үшін су сапасы – күн тәртібінде тұрған маңызды мәселе. Біз Еуроодақ мамандары жинақтаған су ресурстары сапасын басқарудағы тәжірибемізбен қуана бөлісеміз. Оның ішінде ауыз сумен қамтамасыз ететін су бұлақтарындағы су мәселесін реттеу тұр. Сондай-ақ, қазақстандық сарапшылар мен өкілетті орган өклдеріне су секторында жүргізіп жатқан реформалардың ең тиімді халықаралық тәжірибелерін пайдаланып, әлеуетін арттыруға көмектесуге әзірміз», - деп сөзін түйіндеді Еуоодақ өкілі Йоханнес Стенбек Мадсен.

 Өзен-көлдердің ластануы – Еуропа елдеріне де тән жағдай көрінеді. Дегенмен, олар заманауи технологияның арқасында су сапасын арттырып, пайдаланады.

 «Өзен-көлдердің ластанауы – Қазақстанға ғана тән емес. Дамыған елдерде де бар мәселе. Қазақстан бұл сала бойынша әлемдік рейтингтің ортасында тұр. Швеция, Люксембург сияқты елдерде өзен-көлдердегі судың сапасы нашар. Сөйте тұра оларды ауызсу көзі ретінде пайдаланды. Өйткені, технология жақсы дамыған. Дәл сондай технологияны Қазақстанға енгізетін болса, ластанған көздердің барлығын ауызсу ретінде пайдалануға болады», - дейді Анатолий Крутов.

Ауызсу мәселесін шешу үшін – Еуропалық Одақ қаржылай көмек көрсетуге дайын екен. Көмек алушылар қатарында Орталық Азия елдері бар.

 «Семинар барысында Еуропалық Одақ өкілдері көптеген қызықты ұсыныстар айтты. Соның ішінде инвестициялық жобаларды қаржыландыруға дайын екендігі. Сондықтан, Қазақстанға су ресурстарын басқару және пайдалану бойынша қандай мәселенің өзекті екенін пайымдап алу қажет. Су көздерін ластаушы заттар арасында мыс, азот нитриті, фенол, мырыш, маргенец, мұнай, хром, никель, магний, кальций сияқты 20-ға жуық улы өндіріс қалдықтары бар», - дейді Анатолий Крутов.

 Су сапасын арттырып, ондағы мәселені шешу мақсатында қазақстандық 30-дан астам маман 3 күн бойы Еуропалық Одақ тәжірибесін үйреніп, арнайы оқу курсынан өтті.

Айдана Абдрахманова

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды