• Басты
  • Қазақстан 10 жылдан кейін қандай болады деген сұраққа жауап іздеу керек – А.Сарым
10 Маусым, 2019 16:26

Қазақстан 10 жылдан кейін қандай болады деген сұраққа жауап іздеу керек – А.Сарым

Қазақстан 10 жылдан кейін қандай болады деген сұраққа жауап іздеу керек, деді танымал саясаттанушы Айдос Сарым 9 маусым күні өткен президент сайлауына қатысты өз пікірінде. Strategy2050.kz сараптамалық порталы сарапшылардың пікірін ұсынады.
Қазақстан  10 жылдан кейін қандай болады деген сұраққа жауап іздеу  керек – А.Сарым

Қазақстандық танымал   саясаттанушы Марат Шибұтов ірі қалалардың факторы байқалып отырғанын айтты.

«Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары өздерінің миллиондық тәртіптерін орнатқан сияқты. Себебі, Шымкент қаласының көрсеткіші  Түркістан облысына қарағанда төменірек. Қала неғұрлым  үлкен болып, миллионды статусына жетсе, соғұрлым келушілер қатары азаяды. Бұл болашақта өтетін президенттік, парламенттік, мәслихаттық сайлаулардың болжамы деп  те айтуға болады», - деді М.Шибұтов.

Сондай-ақ, сарапшы сайлаудың технологиялығына тоқталып өтті.

«Қазір әрекеттегі заңнама мен ортақ кедергілер дәстүрлі БАҚ-ты сайлаушыларға ақпарат жеткізу мінберінен шегіндірді. Қазір негізгі арналар инстаграм, YouTube-тағы жеке арна. Мәселен,  YouTube-тағы тікелей эфир тегін, ал телевизиядағы 1,5 минуттық үгіт-насихат бейнеролигі бірнеше миллионды қамтитын еді. Осы орайда да телевизияның орнын YouTube басып жатыр деуге болады. Оған қоса, автор  қаншалықты тиімді жүргенін қарай алады», - деді М.Шибұтов.

Ал, Қазақстанның  саяси зерттеулер  қауымдастығының вице-президенті, қазақстандық танымал саясаттанушы Айдос Сарым кез келген сайлау инновация, жаңалық әкелетінін  жеткізді.

«Барлық сайлаудың өзіндік ерекшелігі болады. Бұл компания маған 2005 жылғы сайлауды есіме салды. Осы жолы тек әкімшілік қысым болған жоқ. Сайлауларды технологиялық түрде өткізуге болатынын көрсетті. Біз сайлаудан кейін өзге елде ояндық. Әлеуметтік динамика өзгерді», - деді А.Сарым.

Сондай-ақ, ол қоғамда популимзнің көбейіп, негатив асқынып бара жатқанын жеткізді.

«Негативтің көп болуы өздігінен  қауіпті. Себебі, ол қателіктер жасатқызуға жақын тұрады. Келесі мәселе саяси-партиялық жүйе мәселесі. Қазіргі саяси- партиялардың барлығы 90-шы жылдардың соңында құрылған. Ол түп-тамырдағы барлық проблемаларды қамтиды. Олар сол кездегі шынайылықты бейнелейді.  20 жыл ішінде қоғамның санасы өзгерді. Жаңа саяси күштер пайда болды. Бұл күн тәртібі мен саяси бағдарламаларда көрініс тапқанын қалайды. Егер, даму мәселесіне келсек, қазір дамытатын   бірнеше бағыт бар. Олар жаңа Парламентте таныстырылуы керек деп ойлаймын. Елдегі барлық оқиғалар тұлғаландырылған екенін көруге болады. Бұл өзіндік қауіпке ие», - деді А.Сарым.

А. Сарым айтып өткендей, қазір мазмұнды дүниелерді айтқан жөн.

«Біз қазір Қазақстан  10 жылдан кейін қандай болады деген сұраққа жауап іздеуіміз керек. Ол үшін бағдарламалар, жаңа әдістер және қоғаммен шынайы әңгіме керек. Бұл үрдіс бүгін, не ертең аяқталмайды. Сәйкесінше, біз болып жатқан транзитті 7 жыл бақылауымыз мүмкін. Егер де  біз заңнаманы қайта жандандырып, келесі Мәжіліс және Сенат, мәслихат сайлауын жаңа форматта өткізетін болсақ, жағдай өзгеруі мүмкін», - деді А.Сарым.

Сондай-ақ, ол 2000 жылдары сақталған тәртіптер мен кедергілерді жою керектігін айтты. Себебі, қазір қоғам өзгерген. Оның қалайтын дүниелері де басқа.

«Альтернатива»  өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев сайлауға қатысқан барлық төрт партия алғаш рет қатысып отырмағанын айтты.

«Партиялардың барлығы болашақтағы өздерінің рейтингтері үшін жұмыс істеді. Олар «Қазақстан-2050» Стратегиясын ұсынған «Нұр Отан» партиясымен бәсекеге түсе алмайтын да еді. Олар сайлауалды компанияға қолдау көрсетті», - деді А.Чеботарев.  

Айта кетейік, қазақстандық және халықаралық сарапшылар Exit poll-дың нәтижесіне қатысты өз пікірлерін білдірген болатын.

Аягөз Құрмаш 

Фото: Арман Мұхатов 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды