• Басты
  • Сарапшылар пікірі: Сайлау - халықтың саяси мәдениетін өсірудегі саяси белес
10 Маусым, 2019 12:30

Сарапшылар пікірі: Сайлау - халықтың саяси мәдениетін өсірудегі саяси белес

Сайлау - халықтың саяси мәдениетін өсірудегі саяси белес. Бұл туралы Қазақстан Президентінің сайлауы қалай өткені жайлы өз пікірлерін білдірген қазақстандық және халықаралық сарапшылар айтты.
Сарапшылар пікірі:  Сайлау - халықтың саяси мәдениетін өсірудегі саяси белес

«Мемлекет электоралды  науқан   алдында  ашықтық, толеранттылық пен  әділдікті басты басымдық  деп бекіткен болатын. Сайлауға әртүрлі саяси  кеңістіктен  кандидаттардың  қатысуына жағдай жасалды. 7 кандидаттың қатысуы заманауи Қазақстанның тарихындағы алғаш рет орын алып отыр. Сонымен қатар, алғаш әйел адамның қатысқанын да атап өткен жөн. Барынша бәсекелестік орта құрылды. Электоралды  науқанда   кандидаттар тек қана өз бағдарламаларын таныстыруын ғана емес, билік  әртүрлі саяси күштермен ашық диалогқа дайын екенін көрсетті. Саяси үрдіске  бұрын –соңды  шеңберден шықпайтын  адамдардың қатысқанын байқадық. Жастар арасында да белсенділік байқалып отыр. Олардың тарапынан  қозғалыстар ашуға  өтінімдер де бар. 1991 жылдан кейін дүниеге келген жандардың  жаңа саяси көзқарастары пай    да  болды», - деді   Саяси шолушы  Жанар Төлендинова.

Сондай-ақ, саяси шолушы 2019 жылғы сайлаумен  2005 жылы өткен сайлаудың ұқсайтынын атап өтті.

«Биылғы сайлауға  қатысушылардың саны пайыздық  көрсеткішпен шаққанда осыған дейінгі сайлаулармен салыстырмалы түрде төмендеу. Оның негізгі себебі де бар. Осыған дейінгі сайлауларға мемлекеттің негізін қалаушы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан болатын. Exit poll-дың қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 70 пайыздан жоғары дауыс жинады. Басты себептердің бірі  электоралды компанияның  ауқымды  өткізілуі болды деп ойлаймын», - деді Ж.Төлендинова.

Өз кезегінде саясаттанушы Ерлан Сайыров қазір азаматтық қоғам оянған және саяси мәдениеті  жоғары  екенін атап өтті.

«Exit poll-ға келетін болсақ, Қазақстан бойынша  2-3 пайыз айырмашылық болуы мүмкін. Менің ойымша, оның нәтижесі еліміздегі саяси  үрдістің  көрсеткіші болды. Бұл сайлауда азаматтық қоғам өзінің позициясын көрсетті деп ойлаймын. Себебі,  сайлау  басталғанның  өзінде әлеуметтік желіде пікірталас пайда болды. Ал, сайлауға келу, келмеу жағынан қоғамның өзі  2-3 ке бөлініп кетті. Ал, радикалды топтар елімізде саяси өзгерістердің тез болуын қалайды. Әртүрлі саяси топтар арасында пікірталас болды. Ол саяси әртараптанудың болғанын көрсетіп отыр. Сайлау  саяси  либерализация, әділеттілік деген жаңа күн тәртібін шығарды.  Жаңа күн тәртібі осы шарадан кейін де өзекті болады. Сондықтан да бұл сайлау біздің  халықтың саяси мәдениетін өсірудегі саяси белес деп айтуға үлкен негіз бар», - деді Е.Сайыров.

Сондай-ақ, ол сайлаудың әділ өтуіне қатысты өз пікірін білдірді.

«Бізге демократиялық процедураларға жету үшін әлі біраз өткелдерден өту керек. Дегенмен, бүгінгі жағдайда, заңнаманың аясында бұл сайлау демократиялық стандарттарға өте жақын», - деді Е. Сайыров.

Халықаралық сарапшы ретінде Беларусь елінен келген  Стратегиялық және сыртқысаяси зерттеулер  орталығының директоры Арсений Сивицкий Қазақстандағы сайлаудың қалай өткені бойынша өз пікірін білдірді.

«Жалпы, Exit poll-дың нәтижесі  халықаралық және қазақстандық  сарапшылардың болжамдарын растады деп ойлаймын. Қ. Тоқаевтың көрсеткіші күтілген нәтижелердің бірі. Ол өзінің сайлау компаниясын орталықтандыру негізінде ұйымдастырды. Осы жолғы президенттік компанияның бұрынғысынан айырмашылығы Қазақстан азамататарында әртүрлі саланы таныстыратын кандидаттарға дауыс беру таңдауы болды», - деді А.Сивицкий.

Сонда-ақ, ол қазақстандық қоғамның сайлаудағы белсенділігін атап, азаматтық позицияларын ашық көрсете алатынын жеткізді.

«Жалпы, компания  айтарлықтай ашық әрі бәсекелестік режимде өтті. Сайлаудың нәтижесі қандай болса да, шартсыз әрі пікірталасқа салынбайтын болуы керек. Ол халықаралық және қазақстандық қауымдастықтың күмәнін тудырмауы керек деп ойлаймын. Саяси  сайлау науқанында  максималды ставка демократияландыруға қойылғанын атап өту қажет. 2005 жылдан бастап алғаш рет тікелей эфирде  саяси дебаттар қайта қолға алынғанын атап өту қажет», - деді ол.

Сонымен қатар, сарапшы нәтижелерді халықаралық  қауымдастық та қолдау қажеттігін айтты.

«Бұл орайда да Қазақстан бұл міндетті атқару үшін барынша жұмыс атқарды деп ойлаймын», - деді ол.

Айта кетейік, 9 маусым күні Қазақстан Республикасында кезектен тыс Президент сайлауы өтті. Ресми мәліметке сүйенсек, сайлаушылардың 77,4 пайызы дауыс берді. 

Аягөз Құрмаш

Фото: Арман Мұхатов 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды