• Басты
  • Қазақстанда президент сайлауы қалай өтті?
10 Маусым, 2019 11:56

Қазақстанда президент сайлауы қалай өтті?

9 маусым күні Қазақстан Республикасында кезектен тыс президент сайлауы өтті. Ресми мәліметке сүйенсек, сайлаушылардың 77,4 пайызы дауыс берді. ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының мүшесі Ләззат Сүлейменнің айтуынша, сайлау учаскесінде дауыстарды санау уақыты санау басталғаннан кейін он екі сағат ішінде аяқталуы тиіс. Қазақстандағы Президент сайлауының қалай өткені жайында келесі материалдан оқи аласыздар.
Қазақстанда   президент  сайлауы қалай өтті?

ОСК хабарлауынша, әр облыстағы сайлаушылардың белсенділігі мынадай: Ақмола облысы бойынша – 83,4%, Ақтөбе облысы – 84,9%, Алматы облысы – 89%, Атырау облысы – 71,2%, Шығыс Қазақстан облысы – 84,9%, Жамбыл облысы бойынша – 81,3%, Батыс Қазақстан облысы – 66,3%, Қарағанды облысы – 77,3%, Қызылорда облысы – 81,6%, Қостанай облысы – 84,1%, Маңғыстау облысы – 68,9%, Павлодар облысы – 81,2%, Солтүстік Қазақстан облысы – 79,8%, Түркістан облысы – 84,8%, Нұр-Сұлтан қаласы – 68,9%, Алматы қаласы – 52,2%, Шымкент қаласы – 67,6%.

Айта кетсек, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда сайлаушылардың 12,8 % дауыс беруге келген.

Ал 12:00-ге қарай қазақстандықтардың 35,1%-і өз таңдауын жасады. 14:00-де дауыс берген азаматтар саны 51,8%-ке жетті.

 16:00-тегі мәлімет бойынша сайлаушылардың 65,9 проценті бюллетень алды. Ал кешкі сағат 18:00-ге қарай қазақстандықтардың 72,9%-і дауыс берді. 20:00-де сайлау бюллетенін алған азаматтар саны 77 процентті құрады.

Сайлаушылар дауыстарын жергілікті уақытпен таңғы сағат 07:00 мен 20:00 аралығында берді. Қазақстан бойынша он мыңға жуық сайлау учаскесі жұмыс істеді.

Уақыт айырмашылығына байланысты Қазақстанның бес өңірінде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында сайлау учаскелері елорда уақытымен 08:00 және 21:00 аралығында сайлаушыларды қабылдады.

Тізімге енгізілген сайлаушылар саны 11 миллион 947 мың 995 адамды құраған.

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына орай әлемнің 51 елінде 65 сайлау учаскесі ашылған. 19:00-дегі мәлімет бойынша шетелдегі қазақстандықтардың 54,2 проценті немесе 8322 адам дауыс берді. Уақыт айырмашылығына байланысты Азияда орналасқан сайлау учаскелері жұмысын аяқтап, дауыс санауға кіріскен. Ал Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де ең соңғы болып Вашингтон, Нью-Йорк және Оттавадағы сайлау учаскелері ашылды.

Кезектен тыс президент сайлауын бақылау үшін -  1 013 адам тіркелген, соның ішінде ұйымдардан – 866, ал 41 шет мемлекеттен  147 бақылаушы бар. Олар: ТМД парламентаралық ассамблеясы, ЕҚЫҰ демократиялық институттары және адам құқықтары бюросы, ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясы, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссияларының құрамындағы бақылаушылар.

Қазақстан президенттігіне үміткерлер:

-Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков (3,86 %);

-"Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;

-"Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;

-"Ауыл" партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;

-Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов ;

-Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев ;

-"Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.

Сайлауда жиырмаға жуық заң бұзушылықтар тіркелген. Орталық сайлау комиссиясында брифинг өткізген Бас прокуратура өкілдері сайлаудағы заң бұзушылықтар туралы айтты.

Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Сапарбек Нұрпейісов берген мәліметке сүйенсек, сайлау заңнамасын бұзатын 19 жайт тіркелді.

Нұрпейісов жалпы сайлау процесі республикада бірқалыпты өткенін, адам құқықтарын өрескел бұзу фактісі тіркелмегенін айтты. Алайда, оның айтуынша, сайлау заңнамасын бұзатын 19 жайт анықталған.

«Заңсыз үгіт – 1, азаматтардың қолдарына бірнеше бюллетень беру – 11, жәшікке екі-үш бюллетень салу және екі учаскеде дауыс беру – 2 факті тіркелді. Бұл фактілер бойынша прокурорлар 18 әкімшілік іс қозғады. Мысалы, Қызылордада №251 сайлау учаскесінде бір сайлаушыға бес бюллетень берілген. Оған қатысты 110-бап бойынша әкімшілік іс қозғалып, 25 АЕК айыппұл салынды. Алматы қаласы, Алматы облысы мен Түркістан облысында екі-үш бюллеттеннен беру, елордада екі учаскеде дауыс берген бір сайлаушыға қатысты прокурорлар 108-баппен іс қозғады. Олардың төртеуі сотта қаралды, 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды»,  - деді Нұрпейісов.

Сайлаушылардың арасында жасырын сауалнама жүргізуге мүмкіндік алған «Қоғамдық пікір» зерттеу институты  мен "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы дауыс беру аяқталғаннан кейін өз нәтижелерін ұсынды.

Еxit poll қорытындысы бойынша, сайлаушылардың - 70,13 проценті кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген. Бұл туралы елордадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры Айнұр Мәжитова мәлім етті.

Айнұр Мәжитованың хабарлауынша, әлеуметтік сауалнама 325 сайлау учаскесінде 13 200 адамды қамтыған. Соның ішінде облыс орталықтары, Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларында 97 учаске, шағын қалаларда 94 учаске, ауылдық округтердегі 134 учаске бар.

Алдын-ала дауыс беру нәтижесі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев - 70,13 пайыз дауыс жинаған. Екінші орында Әміржан Қосанов - 15,39 пайызбен тұр.  Үшінші орында 5,32 пайыз дауыс жинаған - Дания Еспаева. Жамбыл Ахметбековке 3,86 пайыз сайлаушы дауыс берген, Төлеутай Рахымбеков 3,03 пайыз жинаған, Амангелді Таспихов 1,41 пайыз жинаса, Садібек Түгел - 0,86 пайыз жинапты.

"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының нәтижесі де осыған ұқсас.

Кезектен тыс президент сайлауының ресми қорытындысын Орталық сайлау комиссиясы заңнамаға сәйкес, 10 күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

Айдана Абдрахманова 

Фото: Бауыржан Жуасбаев 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды