• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Ақ жол» партиясының депутаттары Үкіметке «ШОБ-ке мемлекеттік қолдау көрсету туралы» заңнамасын қайта қарауды ұсынды

«Ақ жол» партиясының депутаттары Үкіметке «ШОБ-ке мемлекеттік қолдау көрсету туралы» заңнамасын қайта қарауды ұсынды

22 Қаңтар, 2014 17:20
Бүгін «Ақ жол» партиясының депутаттары Үкіметке заң шығарушылардың конституционалды құқығын пайдалана отырып, Үкіметке екі жылдан бері жасалып келе жатқан «Шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету туралы» Заңды қарауға жіберді. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев хабарлады.

«Бұл заң жобасында біз Елбасының  халыққа Жолдауындағы кәсіпкерлікке барлық көмек саясатын дамыту және оны  жалпылама экономикалық-әлеуметтік  құбылысқа айналдыру бойынша бірқатар ұсыныстар бердік», - деді Азат Перуашев.

Сондай-ақ, партия Елбасының халыққа Жолдауымен тікелей байланысты екі депутаттық сауал  жолдады.  Олар: ШОБ  оңалту және банкротқа ұшырау механизмін жасақтау, тауар, капитал және екбек күшін еркін тасымалдау туралы уағдаластық. 

 «Бұл несиесін өтеуге, барлық мүлкінен айырылғандарға  берешегінен құтылып қаңғыбасқа айналып кетпеуіне мүмкіндік береді. Өзін қандайда болмасын баспанамен қамтамасыз етуге, мейлі ол жатаханадағы бөлме болса да. Балаларын уақытылы тамақпен қамтамасыз етуге де мүмкіндік берер еді. Олар біздің азаматтарымыз, біздің тұрғындарымыз», - деп А.Перуашев атап өтті.

Айта кетерлік жайт, «Ақ жол» партиясының депутаттары Мәжіліске «Оңалту және банкротқа ұшырау» туралы Заңды жеке тұлғалар мен шағын және орта бизнеске жеке кәсіпкер туралы бөлімдерді енгізу үшін қайта қайтару керек деп есептейді.  

 

Барлық жаңалықтар