• Басты
  • Қазақстанда егіс науқаны қалай өтті?
7 Маусым, 2019 12:42

Қазақстанда егіс науқаны қалай өтті?

Қазіргі кезде барлық өңірлер егіс науқанын аяқтады.Жалпы көктемгі егіс алқабы 19,0 млн. га құрады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров егіс науқанының қорытындылары туралы Үкіметте өткен баспасөз конференциясында айтып берді.
Қазақстанда егіс науқаны қалай өтті?

Бірінші вице-министр  А.Сапаровтың айтуынша, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптары құрылымын әртараптандыру аясында өткен жылмен салыстырғанда жемдік дәнді -дақылдар , көкөніс-бақша дақылдары, картоп және мал азықтық дақылдар алқаптарының ұлғаюы күтіліп отыр.

«2019 жылғы егіс науқанын ойдағыдай өткізу мақсатында Министрлік өңірлермен бірлесе отырып жете дайындық жұмыстарын жүргізді. Биыл өнімге егіс науқанын жүргізу үшін 2,5 млн. тоннаға жуық тұқым дайындалды, бұл қажеттіліктің 100%-на сай. Тұқыммен қамтамасыз етуде проблемалар жоқ», - деді А.Сапаров.
 

Сондай-ақ,  ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тыңайтқыштармен қамтамасыз етілді.

«Биылғы жылы барлығы 471,4 мың тонна тыңайтқыш енгізу жоспарлануда, бұл 2018 жылдың деңгейінде. Жыл сайын қолданылатын тыңайтқыштардың көлемі арта түсуде, мысалы егер 2016 жылы енгізілген көлем қажеттіліктің 10%-ын құраған болса, ағымдағы жылы 18% болады», - деді ол.

2018 жылы 463,2 мың тонна тыңайтқыш сатып алынды, оның ішінде отандық – 330,6 мың тонна (немесе 71%), импорттық – 132,6 мың тонна (немесе 29%).
Қазіргі кезде 293,2 мың тоннасы немесе өтінім берілген көлемнің 62%-ы тиеп жөнелтілді.

«Биыл  егіс науқанына 147 мың трактор, 4 мың бірлік өнімділігі жоғары егіс кешені, 79,5 мың бірлік тұқым сепкіш, 249 мың топырақ өңдейтін құралдар қатысты, бұл өткен жылғы ауыл шаруашылығы техникасы паркінен 4 мың бірлік тракторға және 300 себу кешеніне көп», - деді ол.

Сонымен қатар, техниканың паркін көбейтуде инвестициялық субсидиялау және техниканың лизингі бойынша өтемақы мөлшерлемесін субсидиялау сияқты мемлекеттік қолдау шаралары елеулі рөл атқарды.

«Жұмыстың ұзақ уақытқа тұрып қалуына жол бермеу мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жөндеу бригадаларын құрды. Сервистік компаниялармен көшпелі сервисті күшейту, сондай-ақ қоймаларды қажетті қосалқы бөлшектермен толтыру жөнінде тиісті жұмыстар жүргізілді», - деді А. Сапаров.
 

Айта кетейік, қабылданған шаралар арқасында республиканың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 2018 жылы 9,5 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды (оның ішінде 2,4 мың трактор, 1,1 мың егін жинайтын комбайн), бұл ретте жаңарту деңгейі 3,5%-ды құрады.

«Наурыз-маусым кезеңіне егіс жұмыстарын жүргізуге  380,0 мың тонна дизель отыны бөлінді (2018 жылы –  375,0 мың тонна). Кәзіргі уақытта өңірлерге 334,5 мың тонна (88%) тиеп жөнелтілді», - деді А.Сапаров.


Энергетика министрлігі мұнай өңдеу зауыттарынан бағаны литріне 160 теңгеден бекітті, операторлардың жеткізу шығынын ескергенде өңірлерде орташа 1 литрдің бағасы 176 теңгені құрайды, бұл нарықтық бағадан 10%-ға арзан.

«Көктемгі егіс жұмыстарын  жүргізу үшін ағымдағы жылы 60 млрд. теңге көлемінде бюджеттік несие бөлінген болатын.Бағдарлама операторы – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ жұмысының қорытындысы бойынша 1909 АШТӨ 54,9 млрд. теңге сомасына қаржыландырылды», - деді бірінші вице-министр.

Бұдан бетер, ҚазАгро Холдингі тартқан қаражат есебінен 269 АШТӨ 10,1 млрд. теңге сомасына несиелендірілді.

«Осының бәрі егіс науқаны толықтай оңтайлы мерзімде өткізуге мүмкіндік берді, осылайша өзге де факторлармен бірге жақсы өнім алу үшін жақсы негіз қаланды.Ауа райы да қолайлы болды, егіс мерзімдерін созатын жауын-шашын болған жоқ. Енді жауын-шашын керекті мерзімде болады деп үміттенеміз.Проблемалық мәселелерді Министрлік басшылығы жедел шешіп отырды.Елбасының өндірісті әртараптандыру жөніндегі тапсырмасын одан әрі орындау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесе отырып «Солтүстік соя» бағдарламасын әзірледі.Бағдарлама ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге солтүстік өңірлерді сояны өндіруге көмек көрсетуді қамтамасыз етуге  бағытталған. Қаржылық, мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз ету, білім тарату іс-шаралары және т.б. көзделген», - деді А.Сапаров.

Биыл егіс науқаны аясында Солтүстік Қазақстан облысында 14 мың га соя себілді. Шетел селекциясының ерте пісетін суперэлиталық және элиталық тұқымдары пайдаланылды. Өсірілген өнім тұқымдық материал ретінде 150 мың га алқапта пайдаланылатын болады. «Хорш» компаниясының 12 заманауи жоғары дәлдіктегі  егіс кешені сатып алынды.

«Жалпы, «Солтүстік соя» бағдарламасын іске асыру 5 жыл ішінде сояның егістік алқабын 1,5 млн гектарға дейін жеткізуге, түсімділігін гектарына 30 ц дейін көтеруге, жалпы жиынды 3,2 млн. тоннаға дейін жеткізуге, қайта өңдеу кәсіпорындарының жүктемелігін қамтамсыз етуге, экспортты ұлғайтуға  ықпал жасауға, жұмыс орындары санын арттыруға және тиісінше еңбек өнімділігін көтеруге мүмкіндік береді», - деді ол.

Проблемалық агрохолдингтер жерлерінде көктемгі дала жұмыстарын жүргізу жөніндегі Үкімет тапсырмаларының орындалуына жеке тоқталып өткім келеді.  

«ҚазАгро» ҰБХ АҚ басқарушы директоры Асылхан Джувашев ауыл шаруашылығы техникасының лизингін қаржыландыру тетігі туралы айтып берді.

Оның айтуынша, «КазАгро» ҰБХ АҚ еншілес компаниясы «ҚазАгроҚаржы» АҚ жұмысының негізгі мақсаттарының бірі - Қазақстан Республикасының машинатракторлық паркін ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары аграршыларына лизинг ретінде ұсыну арқылы жаңарту.

«Жыл сайын техниканы 6%-ға дейін жаңарту қажет. Бүгінгі таңда техника жылына 1,5-2%-ға жаңартылады. Осыған байланысты “ҚазАгроҚаржы” белсенді жқмыстар жүргізіп жатыр», — деді А. Джувашев.

Қазіргі кезде Ауыл шаруашылығы министрлігінің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бағдарламасын енгізуінің арқасында сыйақы мөлшерлемесін жылына 4-6%-ға дейін тиімді төмендету мүмкіндігі пайда болды. Нәтижесінде, тапсырыс көлемдері өткен жылғы тапсырыстар көлемінен 1,5 есеге артты.

«Бүгінгі таңда техника лизингіне 50 млрд теңгеден астам қаржы мақұлданды, бұл ретте жылдық жоспар 65 млрд теңгені құрайды. Қажеттілік өте жоғары, біз осы субсидиялау бағдарламасын енгізудің арқасында қаржыландыру көлемін бірнеше есе арттыруды көздеп отырмыз. 2019 жылғы 6 маусымдағы жағдай бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 2019 жылғы көктемгі егіс және астық жинау жұмыстарын өткізу үшін ауыл шаруашылығы техникасының 2,4 мың түрін сатып алу қаржыландырылды», — деді ол.

Сонымен қатар, «ҚазАгроҚаржы» рәсімдерін автоматтандырудың арқасында шешімдер қабылдау процесі айтарлықтай жылдамдады, құжаттар пакеті қысқарады. «ҚазАгро» компаниясы биылғы қаржыландыру көлемін қысқа мерзімде орындауды жоспарлап отыр.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды