- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаевқа «Құрметті сенатор» мәртебесі берілді
Н.Назарбаевқа «Құрметті сенатор» мәртебесі берілді
Парламент Сенатының пленарлық отырысы басталмас бұрын Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті сенатор» мәртебесін беру рәсімі өткізілді.
Елбасы барлық депутаттарға қолдау көрсеткені және еңбегін жоғары бағалағаны үшін алғыс айтты.

« Көпшілігіңізбен соңғы 30 жыл бойы бірге жұмыс істеп келеміз. Біз көптеген қиындықты бірге өткердік. Маған «Құрметті сенатор» мәртебесін беру туралы шешім қабылдағандарыңыз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті қолға алған реформаларды тиімді жүзеге асыру ісінде Парламенттің сапалы заң шығару қызметінің маңызды екенін ерекше атап өтті.
«Еліміз бүкіл әлемге танымал болды. Экономикамыз дамып, азаматтарымыздың тұрмыс деңгейі артты. Біз мемлекетті жаңғыртуға бағытталған бірнеше бағдарлама қабылдадық. Сіздер сол құжаттарды жүзеге асыруға белсене атсалысып келесіздер. Реформалардың табысты болуы сіздердің жұмыстарыңызға байланысты», – деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев қоғамның тұрақтылығын нығайту және дамудың стратегиялық бағдарының сабақтастығын қамтамасыз ету үшін президенттік өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдағанын айтты.
«Біздің басты жетістігіміз – елдегі тұрақтылық пен тыныштық. Әлемдік қоғамдастықтың қабылдаған шешіміме білдірген пікіріне таң қалдым. Біз бүкіл әлемге билік транзитіне қатысты мәселені қалай шешуге болатынын көрсеттік», – деді Елбасы.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақстанды одан әрі дамыту және өркендету ісінде жастардың маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Фото: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі
-
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
ІІМ: Учаскелік полицей инспекторының мәртебесі, балалар суициді және жол-көлік оқиғалары -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
Жыл басынан бері 4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Білім және ғылым министрлігі: Мұғалім мәртебесі, жалақы, оқулықтар сапасы, ҰБТ, ЖОО лицензиялары -
2020 жылы 13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Қазақстандықтарға 334 млрд теңгеден астам қаражат жәрдемақы түрінде берілді -
Ұстаздар күні: Мұғалім мәртебесін арттыру үшін қандай шаралар қабылданды -
Инфографика: Білім және ғылым саласын дамытуға қандай тапсырмалар берілді -
Тоқаев министрлерді қабылдады: сауда саласы, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары туралы есеп берілді -
Astana Hub-тың қатысушы мәртебесін қалай алуға болады /қандай жеңілдіктері бар -
Атырауда "Абай" күні туылған сәбиге Абай есімі берілді