- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның барлық өңірлерінде «Бизнес үш күнде» жобасы іске қосылады
Қазақстанның барлық өңірлерінде «Бизнес үш күнде» жобасы іске қосылады
Еңбек етуге ынталы, табыс табуға талапты жандар өз кәсібіне қажет материалдық базамен, яғни құрал-саймандармен қамтылады. «Бизнес 3 күнде» жобасының Ақтау қаласы бойынша үйлестірушісі Арайлым Шамшадинованың сөзіне сүйенсек, наурыз айында бастау алған жоба бүгінде өз нәтижесін беруде.
Бұл жоба аясында мамандар күнкөріс деңгейі өте төмен отбасыларды тауып, қандай кәсіпке икемі барын анықтайды. Содан кейін бизнесті бастап кету үшін қажетті құрал-жабдықтарын, өніміне қажет азық-түліктерін әперіп, тауар белгісін дайындап беріп, өндірген тауарларын сауда нүктелеріне шығаруға көмектеседі.
Бизнесін ашқан отбасыларға несиесіз, кепілсіз, қайтарымсыз көмек беріледі. Мәселен, облыстағы «AliTort» кондитерлік өнімін саудаға шығару үшін құрал-жабдық алуға 350 мың, тауар белгісін жасауға 150 мың теңге жұмсалған. Бұл жобаға қолдау көрсетушілердің арасында құрылыс корпорацияларының басшылары Самат Мұсабаев және Иса Баймырза бар. Наурыз айында Жаңаөзен қаласында 50-ден аса тұрғын өз кәсібін ашып, оның ішінде: аспаздық, кондитерлік өнім өндіретін шағын кәсіпорындар, тігін шеберханалары, наубайханалар, жылыжайлар, құс шаруашылығы т.б сала бойынша кәсіп иелері жұмыстарын бастаған болатын.
Осы күнге дейін Ақтау қаласының 32 тұрғыны жобаға қатысып, игілігіне жаратып, өз кәсібінің нәсібін көріп отырған жайы бар.
«Бұл жандардың барлығы үйінде отырып-ақ сүйікті ісін тұрақты табыс көзіне айналдыруда. Олардың қатарында тырнақ, бет, шаш әрлеушілер, кондитер-аспаздар, үй құстарын өсірумен айналысатындар, әскери және арнаулы киімдерді, автокөлік чехолдарын тігетіндер, канцелярлық тауарлар мен кәдесыйларды қолдан жасайтындар бар. Жоба аясында арнайы келісім шарт жасақталып, іс-шара барысы толықтай түсіндіріледі. Қол жеткізген құрал-жабдықтарды қолданып, кәсібіңді үздіксіз дамыту – негізгі талаптың бірі. Жобаға қатысушы арнайы топқа тіркеліп, кәсібі мемлекет бақылауында болады. Егер ісің ілгері баспай, арнайы жабдықтар жарамсыз күйге енсе оны қайтарып алуға толық құқылымыз. Алдағы уақытта жоба қатысушыларына арнап кәсіпкерлік біліктілікті арттыру, дағдыларын ашу мақсатында бизнес тренингтер ұйымдастырылады», – дейді «Бизнес 3 күнде» жобасының Ақтау қаласы бойынша үйлестірушісі Арайлым Шамшадинова.
Жоба тұрмысы төмен отбасылардың мұң-мұқтажына құлақ түріп, кем-кетікке қамқор, жоқ-жітікке медеу болып жүрген кең пейіл азаматтар арқасында жүзеге асуда. Олардың қатарында «K7 GROUP», «BS STROY», « OSK» компанияларының өкілдері бар. «Бизнес 3 күнде» жобасы аясында Ақтау қаласында жылдың аяғына дейін 100 адамды қажетті құрал-саймандармен қамтамасыз ету көзделген.
Қазіргі уақытта осы жобаны Нұр-Сұлтан қаласында жүзеге асыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Үкіметтік комиссия «Бизнес үш күнде» жобасымен танысқан. Жобаның алғашқы нәтижелерін көргеннен кейін, оны елдің барлық өңірлерінде қолдау ұсынылды.
«Әкімдік қызметкерлерімен бірге тұрмысы төмен елордалық отбасылармен кездестік. Біз олармен әңгімелестік, олар біздің жобамызға қызығушылық танытты. Жуырда қаланың барлық аудандарында «Бизнес үш күнде» жобасының штабтары жұмыс істей бастайды. Арнайы әкімшілер жобаның шарттарына сәйкес мүдделі қатысушылардың тізімін жасайды. Қатысу туралы өтініштер арнайы байланыс орталығының нөмірі арқылы қабылданады. Арнайы комиссия әр өтінімге аудит жүргізеді. Егер қатысуға ниет білдіргендер жоба шарттарына сай болса, онда олар бизнесті жүргізудің барлық қажетті құралдарымен қамтамасыз етіледі», – дейді «Бизнес үш күнде» жобасының үйлестірушісі, дизайнер Айжан Нұрланова.
Талап бойынша, бұл бастамаға қатысушы қандай да бір себептермен өз кәсібін жүргізуден бас тартса, жоба үйлестірушісі оның бизнесін басқа адамға тапсыруға құқылы. «Бизнес үш күнде» кәсіпкерлік жобасына желілік маркетинг тәсілдері қолданысқа енгізілген. Мысалы, бизнес бастап кәсібі тұрақтанған азамат бес тұрғынның кәсіп ашуына қол ұшын созған жағдайда оған әр адам үшін арнайы сыйақы беріледі.
Айдана Абдрахманова
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады