- Басты
- Қазақстанда «жасыл кеңселердің» қатары көбейеді
Қазақстанда «жасыл кеңселердің» қатары көбейеді

Мұндай кеңеселерде қызметкерлер мен келушілердің экологиялық сауатын ашып, ресурстар (электр қуаты, жылу, су, қағаз) барынша үнемделеді. Басы артық сатып алулардан бас тартып, экологиялық қауіпсіз құралдар мен технологиялар пайдаланылады. Ондағы ауа иондалып, ылғалдандырылады. Кеңістік тұмшалаудан қорғалуы керек. Тұрмыстық қалдықтар сұрыпталып, жеке жиналады. Әрі шуыл мен электромагниттік қайта өңдеуге тапсырылады. «Жасыл» құрылыстың стандарттары дамыған Ресей, Белорусь пен Қытайда жасыл кеңселер рейтингі мен байқаулары кең таралған.
« Коршаған ортаны қорғау - ERG миссиясы функцияларының бірі», - деді Еуразиялық Топтың басқарма төрағасы Серік Шахажанов.
Сондықтан, тек цехтар ғана емес кеңселерде де экологияға барынша жанашырлық танытып, қоршаған ортаның сақталуына өз үлесімізді қосу маңызды.
Жалпы алғанда, кеңседе энергияны үнемдеу және үнемдемеу – біздің еліміз үшін экологиялық қауіпсіз болашаққа үлес қосудың ең қарапайы \м және жылдам тәсілі, әрбір компания мен әрбір адам үшін қол жетімді. Компанияларды «жасыл кеңсе» шеңберінде жауапты саясат пен шараларды енгізу олардың экологиялық жағынан теріс әсерін азайтуға ғана емес, сондай-ақ, ұйымның ресурстық басқарылуының жоғары деңгейін көрсетеді.
2019 жылдың мамырында Жасыл экономиканы қолдау Коалициясы республикалық «Жасыл кеңсе» конкурсын ұйымдастыруды ұсынды.
«Жасыл экономика және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ төрағасы Салтанат Рахимбекова «жасыл кеңсе» бастамасын жүзеге асыруды қолға алғандарын айтты.
«Елдегі ең жасыл қоғамдық ұйым ретінде «жасыл кеңсені» құру бастамасын ұсындық. Кеңсе құруды қалайтын компаниялар технологиялық шешімдер мен экосаясатты меңгерулері керек. Бүгінде бұл түсіндіру алаңы ретінде бізге «жасыл кеңсе» ұстанымдары бойынша кеңсе құруға ниетті компаниялар жазады. Біз кеңсенің экологиялық саясатын құруға жәрдемдесеміз. Кеңсенің экологиялық саясаты кеңседе қағаздарды іріктеу, қоқысты бөліп жинау, үнемдеу режимін қосуға мүмкіндік береді. Біз жарықшам,жылу жүйесі, ауа тазартқыш ұсына алатын бизнес құрылымдарды шақырдық. Сондай-ақ, кәсіпкерліктің экосаясатын құруға жәрдемдесетін мамандарды тартамыз. Жасыл кеңселерді жүзеге асыруды қолға алатын компаниялардың брендтер жинағы болғаны қолайлы», - деді С.Рахимбекова.
Ол айтып өткендей, қазір «жасыл» болу және «жасыл кеңселерді» құру – сәнді.
«Біз сайтта greenkaz.org парақшасын құрдық. Бізге өтініш беріп, сұрақтарын қоя алады. Жасыл кеңсе құрғысы келетіндерге қандай алгоритм ұсынуға болады. Жасыл кеңсенің санаттары бар: бірінші, екінші, үшінші. Кеңселер мен компаниялардың жетекшілері мен тұрғындар ол үшін алғашқы қадам жасаулары керек. Жалпы, бұл үрдістен адамдар жайлылық алады. Біз ұсынып отырған барлық бастама жасыл кеңселерде адамдарға қолайлы болғанын мақсат етеді. Біздің міндет – шағын бизнеске тұрғындар мен индустрияны тарту», - деді ол.
Сондай-ақ, ол 1 мамырдан бастап 17-18 өтінім келіп түскенін айтты.
ҚР Энергетика министрлігі Тұрақты даму және экологиялық саясат департаментінің бас сарапшысы Рашид Қаржасбаев жасыл экономикаға көшу жұмысы күн сайын атқарылып отырғанын айтты.
«Аталған жоба елдің стратегиялық құжаттарына толық сәйкес келіп отыр. Біз жобаның сәтті екеніне және ол белгілі көрсеткіштерге қол жеткізетініне толық сенімдіміз. Байқау аяқталған соң қатысушылар өздерінде жасыл кеңсе ашатынына сенімдімін», - деді ол.
Айта кетейік, жасыл кеңсе - қызметкерлердің барлығы салауатты жағдайды қалыптастыру және қолдау, ресурстарды үнемдеу және экологиялық ақтаңдақтарды жоюға арналған бағдарламаны іске асыруға тартылған офис.
Аягөз Құрмаш
-
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
Қазақстанда Балық шаруашылығы комитеті құрылды
-
Қазақстанда өтетін сайлау Батыс үшін неге маңызды
-
Қазақстанда зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері өсті
-
Қазақстанда полиция қызметін модернизациялау процесі қалай жүріп жатыр
-
Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары жасалды
-
Фейк: “Қазақстанда ҰОД ұйымы жұмыс істейді»
-
Қазақстанда 858 мыңнан астам адам АӘК алды
-
Қазақстанда «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады
-
Қазақстанда 25 желтоқсаннан бастап карантин енгізіледі
-
Қазақстанда Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылады
-
Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секциялары ашылады
-
Қазақстанда жаңа Халық партиясы пайда болды
-
Психолог: Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың себебі пандемия емес
-
Қазақстанда осы жылы 1950 заңсыз есірткі сату фактісі анықталды

