• Басты
  • 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні
4 Маусым, 2019 14:30

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы 2007 жылы 4 маусымда қабылданған Конституциялық Заңына сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. 1992 жылғы маусымның 4-де Тәуелсіз Қазақстанның жаңа Мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілген болатын. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады.

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні | Strategy2050.kz

1992 жылы суретші Шәкен Ниязбеков салған Мемлекеттік ту бекітілді.

Елтаңбаның авторлары – сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов. Ал Қазақстанның алғашқы әнұранының авторлары - Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамиди.

2006 жылы жаңа Мемлекеттік әнұран қабылданған. Шәмші Қалдаяқовтың халық арасына кең танылған патриоттық әні – «Менің Қазақстаным» жаңа Әнұранға айналды. Ақын, аудармашы, жазушы Жұмекен Нәжімеденов сөзін жазған әннің кей жолдарын ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев өзгерткен болатын. Осылайша,  Әнұран авторларының қатарына Н.Назарбаев қосылды.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәміздері туралы N 258 Конституциялық заңына сәйкес рәміздерді пайдаланудың тәртібі бар.

 Талаптардың сақталмауына байланысты жоғарыда аталған заң шеңберінде Ту, Елтаңба, Әнұранның пайдалану және орындау тәртібін бұзған азаматқа 200 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) (бес жүз бес мың теңге) мөлшерінде айыппұл салынады, сонымен қатар, Мемлекеттік Рәміздерді пайдалану міндетті болып табылатын жағдайларда оларды пайдаланбаған лауазымды тұлғаларға 200 АЕК айыппұл жазасы қолданылады.

Әкімшілік  жаза қолданылғаннан кейін жыл ішінде қайталанса 400 АЕК ( бір миллион он мың теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. 2019 жылғы 1 АЕК мөлшері – 2 525 теңге.

Осыған дейін қазақстандықтар Қазақстан Туын әлемдік жарыстар мен олимпиадалардың жеңісті жолдарымен шамамен төрт мың рет ұстап жүріп,  ең биік тау шындарына және ғарышқа тіккен. 1 шілдеде ғарыш стансасының бортында біздің Мемлекеттік Тудың қасында сөз сөйлеген Талғат Мұсабаевтың ғарышқа ұшқанына 25 жыл толады.

2015 жылы ғарышкер Айдын Айымбетовтің ғарышқа сапары кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы Жер шарын 150-ден астам рет айналып ұшты. 2011 жылдың 14 желтоқсанында Оңтүстік Полюске шығудың 100 жылдық мерейтойында Қазақстан Республикасының Туы Антарктидада тігілді. 2015 жылдың 14 сәуірінде қазақстандық шаңғы экспедициясы Қазақстан Республикасының Туын Солтүстік полюс - Арктикада тікті.

1995 жылы Абайдың 150 жылдығына қарсы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекеттік Туды Іле Алатауының «Абай» шыңына тікті. 2012 жылдың 23 ақпанында қазақстандық Андрей Гундарев Оңтүстік Африканың ең биік нүктесі - "Охос-дель-Саладо" бағындырды, қазақстандық Ту осылайша әлемдегі ең биік жанартауға тігілген. 2014 жылы қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев Солтүстік Американың ең биік тауы - «Мак-Кинли» шыңына шығып, онда қазақстандық туды орнатты.

Қазақстанның Туы сондай-ақ Батыс Еуропаның ең биік нүктесі - биіктігі 4 810 метрді құраған «Монбланға» көтерілген. Еліміздің Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Әнұраны Азия мен бүкіл әлемнің ең биік шыңдары - Памир тауының «Ленин» шыңына (7 134 метр) және Эвересте (8 800 метр) көтеріліп, шырқалған. 2011 жылы Мақсұт Жұмаев пен Василий Левцов Қазақстанның Туын Азияның ең күрделі тау шыңы - биіктігі 8 611 метр «Қарақорым Чогориге» тікті. 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындау және пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, Әнұранын пайдалану тәртібі Мемлекеттiк рәміздері туралы N 258 Конституциялық заңындағы 4,5,6,7,8,9 баптарында көрсетілген.

Айдана Абдрахманова

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды