• Басты
  • Елімізде «Студенттер үйі» республикалық акциясы іске қосылды
4 Маусым, 2019 09:58

Елімізде «Студенттер үйі» республикалық акциясы іске қосылды

Жастар қоғамдық ұйымдары «Жастар жылы» аясында жатақханадағы студенттердің тұрмыстық өмірін жақсартуға мүдделі. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Жастардың өзін-өзі басқару органдарының жүйесін дамыту» атты әлеуметтік жобасы негізінде «Студенттер үйі 2.0» акциясының таныстырылымы өтті.

Елімізде «Студенттер үйі» республикалық акциясы іске қосылды | Strategy2050.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Шахмардан Байманов 2022 жылға дейін студенттерге кемінде 75 мың орындық жатақхана салу көзделгенін айтты.

Өйткені, қазіргі таңда еліміздің жоғары оқу орнында білім алып жатқан  500 мыңнан астам студенттің 40 пайызға жуығы жатақхана тапшылығын сезінеді.

«Жастар жылы аясында үлкен жобаны бастағалы отырмыз. Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев «5 әлеуметтік бастама» бағдарламасы аясында жоғары білім алудың қолжетімділігін, сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту жөнінде атап өткен болатын. Бүгінгі таңда Студенттер альянсымен бірге республика деңгейінде үлкен акцияны бастағалы отырмыз. Қазіргі уақытта еліміздің 124 университетінде 542 458 студент білім алуда. Оларға арнап 82 мыңнан астам студент тұратын 251 жатақхана жұмыс істейді. Бұдан басқа, 769 колледжде 229 044 студент оқиды. Оның ішінде 439 жатақханада 46 мыңнан астам студент тұрады. Бағдарлама аясында 2022 жылға дейін студенттерге кемінде 75 мың орындық жатақхана салу көзделуде. Акцияның басты мақсаты жатақханалардың мемлекеттік стандартқа, санитарлық нормаларға сай болуын, өмір сапасын арттыруға, тұрмыстық техникамен қамту, жаңа оқу жылына әзірлігін қараймыз маусым айынан бастап. Қыркүйекте үлкен рейтинг жасалады. Жайлы және нашар жатақханалар сарапталады. Әлеуметтік желіде де осы жобаның үлкен қолдау табарына сенемін. Себебі, студенттер осы акцияға тікелей қатысады. Қазақстан студенттерінің альянсы да арнайы мониторингтік топ құрып, жергілікті жердегі колледж, ЖОО студенттерінің жатақханадағы жағдайын тексереді. Бірлескен жоба болғаннан кейін осы акция арқылы студенттерге жайлы жағдай жасауды көздейміз», - деді Шахмардан Байманов.

Биыл Қазақстан студенттер альянсы ҚР АҚДМ-ге қарасты Азаматтық бастамаларды қолдау орталығынан 26 млн теңге грант ұтып алған. Жыл соңына дейін студенттер альянсы республика бойынша студенттердің өмір сапасын жақсартуға түрлі іс-шараларды атқаратын болады.

«Қазақстан студенттер альянсы 2005 жылдан бері студенттердің қоғамдық, әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған түрлі шараларды тегін жасап келе жатқан болатын. Биыл Азаматтық бастамаларды қолдау орталығынан 26 млн теңге грант ұтып алдық. Бұл ақшалар жүйе дайындауға, студенттік лагерьлерге, құжат дайындау, заңдарға өзгеріс енгізу үшін аналаз жасауға және студенттерге арналған іс-шараларды атқаруға кетеді», - дейді Қазақстан студенттер альянсының президенті Ілияс Түстікбаев.

Сондай-ақ, брифингке қатысқан Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының төрағасы Батима Мукина қоғамдық, яғни, үкіметтік емес ұйымдар үшін  биыл мемлекеттен 3 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінгенін, оның ішінде 2 миллиард теңгесі Жастар жылына орай жастарға арналған жобаларға берілетінін және биыл 100 әлеуметтік жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Жастар жылының шеңберінде «Қазақстан студенттерінің альянсы» Республикалық студенттік қозғалысы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның қолдауымен атқарылатын «Студенттер үйі 2.0» жобасы студенттердің өмір сапасын толыққанды жетілдіруге бағытталған екен.

Акцияның басты мақсаты – жатақханаларда тұратын студенттердің қоғамдағы белсенділігін арттыру, азаматтық рөлі мен жауапкершілігін дамыту, қоғам игілігіне студенттердің тұлғалық және интеллектуалдық, потенциалдық мүмкіндіктерін дамытуға жағдай жасау болып табылады.

Айдана Абдрахманова 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды