• Басты
  • ОСК: Кез-келген азамат сайлауда бақылаушы бола алады
3 Маусым, 2019 17:19

ОСК: Кез-келген азамат сайлауда бақылаушы бола алады

Қазақстанда 9 маусым күні кезектен тыс Президент сайлауы өтетіні белгілі. ҚР Орталық сайлау комиссиясындағы жаңалықтармен бөлісіп, сайлаудың әділ өтуін қамтамасыз ету үшін азаматтардың бақылаушы болу мүмкіндігі, өз учаскеңді білу жолдары туралы Strategy2050.kz сараптамалық порталының материалын ұсынамыз.

ОСК:  Кез-келген азамат сайлауда бақылаушы бола алады | Strategy2050.kz

Сайлау – 9 маусым күні сағат жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Дауыстарды санау дауыс беру аяқталғаннан кейін 12 сағаттан кешіктірмей сайлау учаскелерінде жүргізіледі. Әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша дауыстарды санау нәтижелері аумақтық комиссиялардың отырыстарында белгіленеді және ОСК-ға екі күн ішінде, 11 маусымнан кешіктірмей жеткізілуі тиіс.

ҚР ОСК облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық шеңберінде сайлау науқанын жариялаған сәттен қазіргі уақытқа дейін жалпы, республика 118 112 адам оқытудан өткен.

Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту ҚР ОСК дайындаған «Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын өткізу кезіндегі сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» оқу бағдарламасы мен оқу-әдістемелік кешені бойынша жүргізілген.

Сайлауда кімдер бақылаушы бола алады?

Бір күндік бақылаушылық қызмет – мемлекет алдындағы азаматтық позицияңды білдірудің бір жолы. Бақылаушылардың басты міндеті – сайлау және дауыс санау процесін бақылай отырып, заңбұзушылықтың болмауын қадағалау. Қазақстан Республикасының кәмелетке толған кез келген азаматы Президент сайлауында бақылаушы бола алады. Ол үшін кандидаттың сайлауалды штабына немесе саяси партияға жолығып, кандидат атынан не саяси партия атынан бақылаушы ретінде тіркелу керек. Екінші жолы, республикалық қоғамдық бірлестіктердің не болмаса коммерциялық емес ұйымның атынан да бақылаушы болу.

“Эхо” қоғамдық бірлестігі, Қазақстан жастарының ақпарат қызметі, Next.kz, “Еркіндік қанаты” қоғамдық қоры    сияқты қоғамдық ұйымдар бақылаушыларды дайындайды.

Осы ұйымдардың бірінің анкетасын толтырған азамат өтініш расталған соң бақылаушы арнайы тренингтер мен дайындық жұмыстарынан өтіп, бақылаушы куәлігін алады. Сайлау күні оны ұйым белгілі бір учаскеге жібереді. Учаскеде бақылаушы жеке құжаты мен бақылаушы куәлігін сайлау комиссиясына көрсетіп, тіркеліп, міндеттерін орындауға кіріседі.

Бақылаушының міндеттері қандай?

Сайлауда бақылаушы аудио жазып, фото және видео түсіре алады. Өйткені, құқықбұзушылықты тіркеу үшін дәйекті материалдардың болуы  керек. Бақылаушы сайлау ережелері немесе заңының бұзылғанын көрсе, сайлау комиссиясының төрағасына бұл туралы айтуға құқылы.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңда бақылаушыға міндеттелген бірқатар қызмет пен құқық бар. Бақылаушы объектив болуы керек. Тіпті, кандидат атынан бақылаушы болсаңыз да, сайлаудың әділ өтуін қадағалау маңызды. Бақылаушы сайлау процесіне араласа алмайды, оған сайлау комиссиясының жұмысына кедергі келтіруге болмайды. Ол учаскедегі қалыптасқан ережелерді, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңды сақтауы тиіс.

– Бақылаушы учаскеде ешкімге бағынбайды, оларға ешкім команда бермейді. Ол сайлау комиссиясының дұрыс әрекет етуін қадағалайды;

– Сайлау барысында бұзушылықтар туралы өз куәлігін өтініштер мен актілер түрінде ұйымдастырады;

— Оларды тиісті лауазымды тұлғаларға жібереді;

– Бақылаушы учаскелік сайлау комиссиясының төрағасымен, хатшысымен және басқа да мүшелерімен алдын ала танысуы және олардың аты-жөні мен лауазымын өз күнделігі мен хаттамасына енгізуі тиіс;

– Сайлау туралы заңға сәйкес жарнама материалдарының орналастырылуын талдау және бағалау;

– Учаскелік сайлау комиссиясының мекен-жайы мен телефон нөмірін жазу.

– Өз күнделігіне және сайлаушылардың саны туралы хаттамаға және дауыс беру үшін алынған бюллетеньдерге мәліметтер енгізу.

Дауыс беруші өз участкесін қалай біледі?

Тұрғылықты жері бойынша тіркелу (прописка) және мекен-жай туралы ақпараттарды онлайн тәртібінде тексеру электрондық үкімет порталында «Халықты тіркеу және тіркеуден алып тастау» бөлімінде немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан тегін білуге болады.

Сайлау учаскесінің номері, мекен-жайы, телефон және ғимараттың орналасқан жері көрсетілген сайлау учаскесі туралы ақпарат алудың тағы бір жолы – 1414 номеріне [код сөзі] бос орын [азаматтың ЖСН] жазылған SMS-хабарлама жіберу. Мысалы, мемлекеттік тілде ақпарат алу үшін "Сайлау ЖСН" немесе "Saylau ЖСН" сөзін теру керек (мысалы, Сайлау 123456789012). Орыс тілінде ақпарат алу үшін "Выборы ЖСН" немесе "Vibory ЖСН" сөзін теру керек (мысалы, Выборы 123456789012)". Алайда, бұл қызмет ақылы. Қызметті алған жағдайда пайдаланушы SMS-хабарламаның құнын ғана төлейді, ол 7 теңгені құрайды және абоненттің телефон бірліктерінің есебінен алынады.

Әр қала, облыс тұрғындары өзінің сайлау участкесін, дауыс беруге қатысты басқа да мәліметтерді онлайн әрі  белгілі бір нөмірге қоңырау шалу арқылы біле алады. Мысалы, елордалықтар тәулік бойы, демалыссыз жұмыс істейтін 109 нөміріне қоңырау шалу арқылы, Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы, astana.gov.kz сайтынан немесе телеграмдағы @smartastana_bot  чарт-боты арқылы сайлау учаткесі мен сайлауға қатысты барлық қажетті мәліметтерді білуіне мүмкіндігі бар. Қазақстанның басқа да қаласы мен облыс тұрғындары да аталған мәліметті тәулік бойы, демалыссыз жұмыс істейтін 109 нөміріне қоңырау шалып немесе өз облысы мен қала әкімдіктерінің сайтына кіріп, қол жеткізе алады.
 

Айдана Абдрахманова 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды