• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен АЭХА төмен байытылған уранның халықаралық банкін орналастыру келіссөздерін жүргізуде

Қазақстан мен АЭХА төмен байытылған уранның халықаралық банкін орналастыру келіссөздерін жүргізуде

22 Қаңтар, 2014 17:30
Төмен байытылған уранның халықаралық банкіне орналастыру үшін таңдалып алынған Ульба металлургия комбинаты мен АЭХА және Қазақстан Республикасы арасында түзілетін келісім жобасы бойынша келіссөздер жалғасуда.

Мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың бірқатар ортақтастықтары құрылды. Оның құрамына төмен байытылған уран халықаралық банкі үшін төмен байытылған уран сатып алуға арналаған 150 млн АҚШ долллары шамасында қаражат жинаған Еуроодақ та кіреді. Аталмыш қорды орналастыру үшін АЭХА  Қазақстан Республикасының ұсынысын қабылдады. Онда Қазақстан өз аумағында ТБУХБ орналастыру бойынша екі нұсқасын ұсынған болатын.  Баламалы материал – гексафторид уран түріндегі төмен байытылған уранға ие Ульба металлургия зауыты алаңы бір ауыздан қолдау тапты. КСРО мен Қазақстанның атом саласы кәсіпкерлігінің мол тәжірибесін ескерсек, сақтау қоймасының техникалық жағдайы, жұмыс ұйымдастыруы мен қауіпсіздік деңгейі айтарлықтай деңгейде.

Ульба металлургия зауытында барлық құрылғыларының ескілігіне қарамастан ТБУХБ жобасының өзі алғаш рет қолға алынып отыр. АЭХА секілді ұйым алғаш рет АЭХА-ге мүше мемлекеттердің бірінде ядролық материалды сақтау жауапкершілігін алып отыр.

Әу баста-ақ байқалған бірқатар құқықтық мәселелер мен түйіткілдер туындайтыны анық. Сол себепті Төмен байытылған уран халықаралық банкіне орналастыру үшін таңдалып алынған Ульба металлургия комбинаты мен  АЭХА және Қазақстан Республикасы арасында түзілетін келісім жобасы бойынша келіссөздер ұзақ уақыт бір ымыраға келе алмай жатыр.  Сонымен қатар, қойманың қауіпсіздігін қаматамасыз ету мәселесі де назардан тыс қалмақ емес.

Айта кету керек, Қазақстанда ТБУХБ жобасын іске асыру елімізде ядролық қаруды таратпау бойынша беделін кезекті рет арттырмақ. Республиканың атом өнеркәсібі үшін жоба жоғарғы деңгейдегі қауіпсіздікке кепілдік беріп, өндіріс ұйымдастыру сапасын арттырып, қазақстандық атом кәсіпкерлігі өндірісі мәдениетін және технологиялық деңгейін арттырмақ.

Естеріңізге сала кетейік,  АЭХА бақылауымен құрылған төмен байытылған ураны халықаралық банкі  АЭХА құрамына енетін кез келген мемлекеттің АЭС үшін дайындалған жанармай дайындау қажеттілігі туындаған кезде кепілдендірілген қоры болуы керек. Осы арқылы ұзақмерзімді және қауіпсіз технологияны дамыту қажеттілігі төмендейді.

 АЭХА – БҰҰ жүйесіне кіретін және жер бетінде ядролық қызметті бақылайтын ұйым болып табылады.

Барлық жаңалықтар