• Басты
  • 2019 жылдың I тоқсанында ҚР банк секторы мен қаржы нарығында болған өзгерістер
31 Мамыр, 2019 17:35

2019 жылдың I тоқсанында ҚР банк секторы мен қаржы нарығында болған өзгерістер

Дәл қазір Қазақстанда 28 банк жұмыс істейді және олардың жиынтық меншікті капиталы 3,8 трлн теңгені құрады. 2019 жылдың басынан бері банк секторының жиынтық активтері 2,7%-ға төмендеп, 2019 жылғы 1 мамырда 24,6 трлн теңгені құраған. Активтердің төмендеуіне «Цеснабанк» АҚ-ның ауыл шаруашылығы кредиттері портфелін «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ға 604 млрд теңге сомаға сату себеп болыпты. Ал, жыл басынан бері инфляция 1,8% болып, азық-түлік тауарларының бағасы 4,8%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 1,3%-ға өскен және ақылы қызмет көрсету бағасы 1,2%-ға төмендеген. ҚР Ұлттық банк баспасөз қызметінің қаржы нарығы мен банк секторындағы өзгерістер туралы жіберген хабарламасына сүйене отырып, мынадай ақпарат ұсынамыз.
2019 жылдың I тоқсанында ҚР банк секторы мен қаржы нарығында болған өзгерістер | Strategy2050.kz

2019 жылдың 1 мамырына дейінгі банк секторы

Мамыр айындағы есеп бойынша банк активтерінің құрылымында ең көп үлес кредиттерге – 48,7%, бағалы қағаздар портфеліне – 23,3%, қолма-қол ақша, аффинирленген бағалы металдар мен корреспонденттік шоттарға – 12,4% тиесілі. Банктердің несие портфелі 2019 жылдың басынан бері 13,2 трлн теңгеге дейін 4,3%-ға қысқарды, бұл да «Цеснабанк» АҚ-тың қалыпқа келуіне байланысты.

«90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың деңгейі төменгі деңгейде сақталып отыр және 2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 1,2 трлн теңгені немесе жиынтық несие портфелінің 8,9%-ын құрайды. Банк секторының депозиттік базасы 2019 жылдың басынан бері 16,6 трлн теңгеге дейін 2,4%-ға қысқарды, ол корпорациялардың депозиттерін қалыпқа келтіру шеңберінде «Цеснабанк» АҚ-тың облигацияларына конвертациялауға, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың компаниялары сыртқы келісімшарттық міндеттемелерін төлеу үшін қаражатты алып қоюына негізделді», - делінген ҚР ҰБ Баспасөз қызметінің хабарламасында.

Банктердің жиынтық меншікті (реттеуіш) капиталы 2019 жылғы 1 мамырда 3,8 трлн теңгені құрады.

«Қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасы шеңберінде қатысушы банктердің тарапынан үдемелі қарқынмен проблемалық қарыздарды есептен шығару, провизияларды қалыптастыру және активтердің сапасын жақсарту бойынша талаптар орындалуда. Мәселен, 2018 жылы және 2019 жылғы 1-тоқсанда іс-шаралар жоспарлары шеңберінде қатысушы банктер 465 млрд теңге сомаға немесе провизияларды толық қалыптастырудың жоспарлы деңгейінен 75,6% провизияларды қалыптастырды. Жасалған провизиялардың есебінен 810,5 млрд теңге сомаға проблемалық қарыздар есептен шығарылды, сондай-ақ активтердің сапасын жақсарту және 1,1 трлн теңгеден астам сомада берешекті қайтару бойынша іс-шаралар жүргізілді. Жалпы алғанда, бағдарламаға қатысушы банктердің несие портфельдерінің сапасын жақсарту бойынша жүргізіп отырған жұмысы 1,5 трлн теңге сомаға жаңа қарыздарды беруге мүмкіндік берді», - дейді ҚР Ұлттық банк.

Теңгенің долларға шаққандағы бағамы бір айда 4 теңгеге төмендеді

2019 жылғы сәуірде теңгенің айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 377,11–381,94 теңге аралығында өзгерді. 2018 жылғы сәуірдің соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір айда 0,3%-ға  әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 381,08  теңге болды.

«Теңге – АҚШ доллары валюталық жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 12,9 млрд АҚШ доллары, оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттықтардың көлемі – 2,1 млрд АҚШ доллары, биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі – 10,8 млрд АҚШ доллары болды. Биржадан тыс нарықтағы операциялардың едәуір көлемі (сауда-саттықтың жалпы көлемінен 80%-дан астам), негізінен жекелеген банктердің өздерінің бас шетелдік компанияларынан қарсы (сатып алу-сату) валюталық мәмілелер жасау арқылы валюталық тәуекелдерді хеджирлеуге байланысты. Бір еншілес банктің валюталық тәуекелдерден меншікті капиталды хеджирлеумен байланысты операцияларының көлемі өткен аймен салыстырғанда 22,9%-ға ұлғайып, 8,3 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте, олардың биржадан тыс сауда-саттықтардың  жалпы көлемінен үлесі 76,5%-ды құрады (2019 жылғы наурызда 74,9%). Осы операциялар банк топтарының ішінде жүргізіледі және ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына сұраныстың немесе ұсыныстың арақатынасына әсер етпейді», - деген мәлімет берді ҚР Ұлттық банк.

Айырбастау пункттерінің қолма-қол шетел валютасын нетто-сатуларының жалпы көлемі 2019 жылғы қаңтар-сәуірде  (657,0 млрд теңге) өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8,5%-ға ұлғайды  (2018 жылғы қаңтар-сәуірде  – 605,6 млрд теңге).

Заңды тұлғалардың депозиттері 8 676,4  млрд теңгеге дейін азайды

Салымшылардың депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 0,4%-ға  қысқара  отырып, 2019 жылғы сәуірдің соңында 17 146,6 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 8 676,4  млрд теңгеге дейін 0,9%-ға төмендеді, жеке тұлғалардың депозиттері 8 470,1 млрд теңгеге дейін 0,2%-ға  ұлғайды.

«Ұлттық валютамен депозиттердің көлемі бір айда 10 119,3 млрд теңгеге дейін 0,6%-ға ұлғайды, шетел валютасында 7 027,3 млрд теңгеге дейін 1,7%-ға төмендеді. Долларлану деңгейі 2019 жылғы сәуірдің соңында 41,0% -ды (2018 жылғы желтоқсанда - 48,4%-ды) құрады. Заңды тұлғалардың ұлттық валютамен депозиттері 2019 жылғы наурызда  5 245,8  млрд теңгеге дейін 1,8%-ға азайды, шетел валютасында 3 430,6 млрд теңгеге дейін 0,4%-ға ұлғайды (заңды тұлғалардың депозиттерінің 39,5%-ы). Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 4 873,4  млрд теңгеге дейін 3,3%-ға  ұлғайды, шетел валютасында 3 596,7 млрд теңгеге дейін 3,6%-ға төмендеді (жеке тұлғалар депозиттерінің  42,5%-ы)», - делінген ҚР Ұлттық банк мәліметінде

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 0,6%-ға ұлғайып, 11 682,0 млрд теңгені құрады. Олардың құрылымындағы ұлттық валютамен салымдар 6 915,1 млрд теңгені, шетел валютасымен  – 4 766,9 млрд теңгені құрады. Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютамен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,2%-ды (2018 жылғы желтоқсанда 7,1 %), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша  – 9,9%-ды  (10,4%) құрады.

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 12 триллон теңгеден асты

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 2019 жылғы сәуірдің соңында  12 566,7 млрд теңгені құрады (бір айда 0,7%-ға ұлғаю). Заңды тұлғаларға кредиттердің көлемі 7 029,5 млрд теңгеге дейін 0,1%-ға азайды, ал жеке тұлғаларға кредиттер көлемі  5 537,2 млрд теңгеге дейін 1,9 %-ға өсті. Қайта құрылымдауды бастан өткеріп жатқан және лицензиядан айырылған банктердің кредиттік портфелін есепке алмағанда, экономиканы кредиттеудің жылдық өсімі  10,3%-ды немесе 1,1 трлн теңгені құрады.

«Ұлттық валютамен кредиттердің көлемі бір айда 10 102,8  млрд теңгеге дейін 0,9%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 0,3%-ға азайды,  ал  жеке тұлғаларға кредиттер 2,0 %-ға ұлғайды. Шетел валютасымен кредиттердің көлемі 2 463,9 млрд теңгеге дейін 0,1%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 0,3%-ға өсті, ал жеке тұлғаларға кредиттер 2,1%-ға азайды. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2019 жылғы сәуірдің соңында 80,4%-ды құрады (2019 жылғы наурызда – 80,3%).  Ал ұзақ мерзімді кредиттердің көлемі бір айда 10 697,1 млрд теңгеге дейін 0,7%-ға өсті, ал қысқа мерзімді кредиттердің көлемі 1 869,6 млрд теңгеге дейін 1,0%-ға ұлғайды», - делінген ҚР ҰБ хабарламасында.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу бір айда 2 220,9 млрд теңгеге дейін 1,3%-ға (экономикаға кредиттердің жалпы көлемінен 17,7%) ұлғайды. Салалар бойынша бөлінген банктердің экономикаға кредиттерінің ең қомақты сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 15,0%), сауда (13,5%), құрылыс (5,8%) және көлік (3,9%) сияқты салаларға тиесілі. 2019 жылғы сәуірде банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,0% (2019 жылғы наурызда – 12,0%), жеке тұлғаларға – 18,5% (17,8%) болды.

Зейнетақы қорындағы салымшылардың ақшасы 9 триллион болды

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2019 жылғы қаңтар-сәуірде 382,4 млрд теңгеге немесе 4,1%-ға ұлғайып, 2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 9 760,1 млрд теңгені құрады.

«Зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен «таза» пайда 2019 жылғы қаңтар-сәуірде 154,9 млрд теңгеге ұлғайды, ол 2019 жылғы 1 мамырда 3846,9 млрд теңгені құрады. Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны есептегенде) 2019 жылғы  1 мамырда 9,9 млн шотты құрады. 2019 жылғы қаңтар-сәуірде зейнетақы төлемдерінің сомасы 74,2 млрд теңгені құрады. 2019 жылғы 1 мамырда БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары және ҚР эмитенттерінің корпоративтік бағалы қағаздары алады (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінен тиісінше 42,1% және 28,9%)», - дейді ҚР Ұлттық банк.

ҚР Ұлттық банк экономиканың нақты секторындағы 2019 жылғы 1-тоқсандағы ахуалды бағалау мақсатында 2019 жылғы сәуірде кәсіпорындарға да кезекті мониторинг жүргізді. Ел экономикасының негізгі салаларын көрсететін мониторингке қатысушы кәсіпорындардың саны 2019 жылғы 1-тоқсанда 3 190 болды, оның ішінде орта және ірі кәсіпорындар –1 586. Кәсіпорындар мониторингінің нәтижелері экономиканың нақты секторындағы оң үрдістердің сақталуын көрсетіп отыр, олар алдыңғы тоқсанда да байқалды.

 

Аягөз Құрмаш 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды