• Басты
  • Қазақстандық компаниялар бизнесті автоматтандыруда қандай жүйелерді қолға алды?
31 Мамыр, 2019 09:36

Қазақстандық компаниялар бизнесті автоматтандыруда қандай жүйелерді қолға алды?

Астанада цифрландыру саласындағы мамандар интеллектуалды кәсіпорын құруға мүмкіндік беретін шешімдермен бөлісті. Елордада өткен SAP NOW Kazakhstan 2019 форумында SAP клиенттері, серіктестері және сарапшылары қандай технологиялық шешімдер әркез бір қадам алда болуға ықпал ететінін және озық технологиялар арқылы шынымен зияткерлік кәсіпорынды қалай құруға болатынын айтып берді.
Қазақстандық компаниялар бизнесті автоматтандыруда қандай жүйелерді қолға алды?

Компанияның басқарушы директоры Евгений Теремовтың айтуынша, SAP қазіргі заманғы технологиялық революцияның эпицентрінде және ол үйымдарға бәсекелестікте табысқа жетуге көмектеседі.

«Негізінде бұл форум Қазақстанда дәстүрлі түрде өтіп келе жатқанына  12 жыл болды. Мұнда тұтынушы компаниялар, мемлекеттік орган өкілдері, жоғары оқу орындары жетекшілері өз қызметіне инновация енгізуді қалайтындар, жүйеміздің барлық қатысушылары жиналды. Мақсатымыз – инновацияның қалай жұмыс істеп кееле жатқанын, тиімділігі қандай екенін білу. Қазақстандағы SAP – ол тек қана бизнес қосымшасының жеткізушісі ғана емес, біз өзімізді инновация бойынша серіктес деп санаймыз. Қазақстан индустриясындағы 25 сала бойынша 100-ден астам  компания – біздің тұтынушыларымыз. Бүгін біз серіктестік жүйесін өте белсенді дамытып келеміз. Дәстүрлі  серіктестік моделінен новаторлық моделге көшіп жатырмыз. Қазақстандық компаниялармен біз жергілікті деңгейдегі әдістемелерді дамытып жатырмыз.  SAP – корпоративті қосымшалар нарығындағы әлемдік көшбасшы. Компанияның шешімдері мен сервистерін 180 елдегі 413 мыңнан аса клиент қолданады», - дейді SAP Қазақстан басқарушы директоры Евгений Теремов.

Тұтынушылар, серіктестер, жоғары оқу орындары өз идеясымен жақын болашақта қандай инновациялар болатынымен бөліскен форум аясында SAP-тың су жаңа әзірлемелері және негізгі ІТ шешімдердің жаңартылған нұсқалары көрсетілді. SAP мамандары, серіктестері мен компания клиенттері өздерінің кәсіби практикаларынан кейстер ұсынды.

Солардың бірі Nostrum Oil and Gas кәсіпорыны. Аталмыш тәуелсіз мұнай-газ компаниясы мұнай-газ саласына бейімделген SAP «модельді компаниясының» негізінде цифрлық трансформацияны қолға алған. Олар Каспий маңы бассейнінде көмірсутекті кен орындарын барлау мен өңдеу және мұнай мен газ өндірумен айналысады. Nostrum ұйымдастырушылық құрылымын осындай әдіс арқылы түрлендірген Қазақстандағы алғашқы компания. Өнеркәсіптің ІТ-инфрақұрылымын модернизациялау SAP S/4HANA платформасының негізінде жасалады екен.

«SAP «модельді компаниясы» – өнеркәсіптің инновациялық даму жолына тез әрі көп шығындалмай өтуіне мүмкіндік беретін дайын шешім. Ол техникалық модульды әдістен кешенді үздіксіз процестерге өту арқылы бизнесті жақсарту үшін өзгертулерді тез енгізуге жағдай жасайды. Бұл SAP шешімдерін біріктіру бойынша кешенді жобалар жасауда бизнес ерекшеліктерін түсінуді жеңілдетеді. «Nostrum жұмысын үздік тәжірибелер негізінде оңтайландыру біздің кәсіпорынның ТМД мемлекеттері аумағында мұнай және газ өндіру нарығында көшбасшы болуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз», – деді Nostrum Oil and Gas Бас атқарушы директорының кеңесшісі Франк Катумбела.

Сондай-ақ, ҚТЖ өкілдері SAP S4/HANA платформасында жүзеге асып жатқан «Біріктірілген басқару жүйесі» атты трансформация бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі баяндады. Жобаның басты мақсаты – барлық кезеңдерде жоспарлау және болжамдау процесін жетілдіру, яғни стратегиялық қаржылық көрсеткіштерді бекітпес бұрын сұраныс пен өндірістік жоспарлауды анықтау. Аталмыш көрсеткіштер 5 жылға дейінгі жылдық және орташа мерзімді жоспарлауға тікелей әсер етеді екен. Жоба жоспарлау процестерін автоматтандыруға бағытталған. Болжам жасау үшін үлкен көлемдегі мәліметтер жиналады. Сол мәлімет жинау процесінде қызметкердің еңбегін болжамдау мен оңтайландырудың ІТ-құралдары және заманауи математикалық модельдермен алмастыру жоспарланған. Болашақта жоспарлау процесіне қатысатын барлық бөлімшелер бір жүйеге біріктірілмек.



Бұдан басқа, форум барысында «Өндіріс пен активтерді басқару» панельдік сессиясы өтті. Ол жерде де «Біріктірілген басқару жүйесі» жобасы таныстырылды. Жобаны жүзеге асыру жоспарлау процесін ашық етіп, нақты уақыт режимінде релевантты мәліметтерге сүйене отырып шешім қабылдауға мүмкіндік беретіні туралы айтылды. Аталмыш жоба – көлік-логистика саласы үшін жасалған тиімді инновациялық шешім. Ол машинамен оқыту технологиялары, үлкен көлемдегі деректерді сараптау мен болжау сараптамасына негізделген.

«Осылайша, жүйе корпоративті қолданушыларға кез келген уақытта деректерді қолданып, орташа мерзімді жоспарлардың сценарийлік талдауын жасауға және әртүрлі деңгейлерде инвестициялық мүмкіндіктерді анықтауға жол ашады. Бұдан басқа, «Біріктірілген басқару жүйесі» акционермен коммуникация жасауды жолға қоюға мүмкіндік береді, KPI бойынша болжамдар мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ компанияларының мүмкіндіктерін қиыстыруды қамтамасыз етеді», - дейді ҚТЖ өкілі Шолпан Омарбекова.

Ембімұнайгаз цифрландыру арқылы көлік басқаруды оңтайландырып, шығындарды қысқартқанын айтады. Мұнай-газ өндіретін компания автопарк басқаруды оңтайландыру үшін SAP-тың бұлтты шешімдерін енгізген. Соның арқасында жанар-жағармай өнімдерін қолдану қысқарып, көлік құралдарын есепке алу автоматтандырылған, шығындардың өзіндік құнын есептеу дәлдігі артқан. Жүйе 2019 жылдың қаңтарында енгізілген. Қазіргі таңда компанияда 120 қызметкер жұмыс істейді.

«Жобаны қысқа мерзімде жүзеге асыру бұлтты шешімдердің тез өрістетілуі мен Agile технологиясын қолдануы арқасында жасалды. Жоба серіктесі – ERP-Service компаниясы. SAP заманауи бұлтты шешімдердің негізінде көлік басқарудың бірыңғай жүйесіне көшу – маңызды стратегиялық міндеттерге қол жеткізуге жол ашты. Соның ішінде 2019 жылы біз жүйені Machine Learning құралдарымен толықтыруды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарама төрағасы Әнуар Жақсыбеков.

Сарапшылардың айтуынша, SAP Қазақстанда экономика дамуының стратегиялық серіктесі қызметін атқарады, серіктес экожүйені құрайды, инновацияларды қолдайды, елдегі адам капиталының дамуына қаржы құяды. Қазақстандағы бизнес пен серіктес каналды дамытуды жалғастырады. Сонымен қатар, мемлекеттің ІТ-көшбасшыларымен бірлесіп, цифрлық экономиканың дамуы мен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асуы үшін шешемдер ұсынады.

Айта кетейік, SAP – кәсіпорындар үшін бизнесті автоматтандыруға арнап бағдарламалық қосымшалар өндіретін, өткен ғасырдың 70-жылдары пайда болған германиялық өнім. Қазіргі таңда әлемнің түкпір-түкпіріндегі компаниялар мен мемлекеттік мекемелер атамыш өнімінің жаңалықтарын қолданып, қызметтерін цифрландыруға тырысады. 27 жылдан бері SAP инновациялық шешімдер арқылы қазақстандық компанияларға бизнесті түрлендіру мен оңтайландыруға көмектесіп келеді екен. 2018 жылдың шілде айында Мәскеуде SAP Цифрлық көшбасшылық орталығы ашылды. Бұл іс-шараларды өткізу – жаңа технологиялық шешімдерді, клиентер және серіктестермен бірлесіп жасаған әзірлемелерді көрсетуге арналған инновациялық хаб. Компания оқытуға қаржы құюда, сол арқылы біліктілік деңгейі артып, экожүйе сараптамасы дамып келеді. Ресейдің 60-тан аса ЖОО-на SAP бағдарламалық жасақтамасын тегін пайдалану мүмкіндігі берілген. 2017 жылдан бері студенттер мен жас ІТ-мамандар үшін 12 SAP Next–Gen Lab инновациялық орталығы ашылған. 

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды