- Басты
- Жаңалықтар
- Заңдылықтың бұзылуына мүлдем жол бермеу керек – Қ.Тоқаев
Заңдылықтың бұзылуына мүлдем жол бермеу керек – Қ.Тоқаев
Кездесу барысында Мемлекет басшысына еліміздегі заңдылық пен құқық тәртібінің ахуалы жөнінде есеп берілді.
Бас Прокурор Қазақстан Президентіне қылмыс деңгейінің төмендегенін және қылмыстық үдерістегі азаматтардың конституциялық құқығын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен қылмыстың жекелеген түрлеріне қарсы күрес туралы баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа электронды қылмыстық және әкімшілік іс жүргізуді енгізу, сондай-ақ, тексерулерді тағайындау үдерісін автоматтандыру барысы туралы мәлімделді.
Мемлекет басшысы қоғамның барлық саласында құқық үстемдігін қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру қажеттігін атап өтіп, азаматтардың құқығы прокурорлардың ерекше назарында болуы тиіс екенін айтты.
«Прокуратура органдары әлеуметтік және басқа да мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген бюджет қаржысын жұмсау барысында заңның қатаң сақталуына қол жеткізуі қажет. Заңдылықтың бұзылуына мүлдем жол бермеу керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Соңында Қазақстан Президенті қадағалаушы органның алдына басқа да бірқатар міндеттер қойды.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары