• Басты
  • ЖЕЭК отырысы: Мемлекет басшылары дамудың қандай тетіктерін ұсынды?
29 Мамыр, 2019 15:56

ЖЕЭК отырысы: Мемлекет басшылары дамудың қандай тетіктерін ұсынды?

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында мүше елдердің Президенттері одақты дамытуға қатысты өз ұсыныстарын білдірді. Мәселен, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев интеграциялық бірігудің маңызды векторларын анықтау керектігін атап өтті. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласыздар.
ЖЕЭК отырысы: Мемлекет басшылары дамудың қандай тетіктерін ұсынды?

«5 жыл бұрын 2014 жылдың 5 мамырында осы қалада Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылды. Осылайша, біздің Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өңірлік интеграциялық бірлестік құру туралы идеясы өзінің өзектілігін, қажеттілігін, дербестігін дәлелдеді және шынайы өмірдің бөлігіне айналды. ЕАЭО  аясында біз қысқа ғана уақыт аралығында ынтымақтастығымыздың барлық бағытында таңқаларлық нәтижелерге қол жеткіздік», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Мемлекет басшысының айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақта мығым институттық реформа құрылып, өзара іс-қимылдың тиімді форматы әзірленді.

«Қазақстан тең құқылық, серіктестік және өзара тиімділік негізінде Еуразиядағы экономикалық интеграцияның одан әрі жалғасуын жақтайды. Бүгінгі отырыс та ЕАЭО-ның ілгері қозғалысына жаңа серпін беретініне сенімдімін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан президенті интеграциялық бірігудің маңызды векторларын анықтау керектігін атап өтіп, ұсыныстарын айтты.

« Ірі интеграциялық жобалар: «Еуразия» жылдам теміржол құрылысы мен каналының құрылысы керек; Әрбір ел ұлттық цифрлық тәртіпті іске асыруды жалғастыра беру керек; Қазақстан Астана халықаралық қаржы орталығын ашты және қаржы орталығын өз экономикасына инвестиция тарту үшін потенциалын қолдануды ұсынады;Жалпы нарықты демпингтен, контрафактіден және үшінші елдер тарапынан жосықсыз бәсекеден қорғау үшін күшімізді жүйелеу керек;Ортақ кеден шекарасында кедендік әкімшілендіру болуы тиіс;ЕАЭО тартымдылығын арттыру керек: өзара тиімді ынтымақтастық принциптері мен шешімдерді барынша келісу», - деді Қ.Тоқаев.

Өз кезегінде Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков ЕАЭО өкілеттігін күшейтуді ұсынды.

«Бүгінде ЕАЭО жедел әрі интеграциялық ұйым ретінде өзін таныстырды», - деді ол.

Оның айтуынша, өсім қарқынын ұстап қалу қажет. Ол мақсатты жүзеге асыру үшін одақтың басым бағыттарын ілгерілендіру қажет.

Сооронбай Жээнбеков   атап өткендей,  маңызды бағыттардың бірі цифрлық күн тәртібін жүзеге асыру болып табылады.

«Біз белгілі нәтижелерге қол жеткіздік. Бизнес пен мемлекеттік сала үшін ортақ цифрлық үрдістерді  құруды жалғастыру өте маңызды. Біз  Одақтың  2025 жылға дейінгі  цифрлық күн тәртібін  жүзеге асыру жолындағы мемлекет  пен бизнестің бірігіп жұмыс істеуін қолдаймыз. Аталған даму векторы аясында  биыл Қырғыз Республикасында мен «Елді  цифрландыру мен өңірлерді дамыту жылы» деп жарияладым»,- деді С.Жээнбеков.

С.Жээнбеков айтып өткендей, ЕАЭО институционалдық жүйесін жақсартуды бірнеше мәрте қайталап айтқан болатын. Осы орайда Президент Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясының өкілеттігін күшейтуді ұсынды.

«ЕАЭО мүше елдер арасындағы айтарлықтай экономикалық айырмашылыққа байланысты маңызды мәселеге назар аудартқым келеді. Одақ елдері арасындағы айырмашылық сақтала берсе Еуразиялық интеграцияның дамуына кері әсер етуі мүмкін. Бізге экономиканы нығайту және оның үйлесімді дамуы  мәселесінде тиімді шешім қабылдауымыз керек. Комиссия экономикасы кіші елдерді қолдау және дамыту үшін түрлі механизмге талдау жүргізуді тапсыруын және біздің Одаққа тиісті механизмді ендіруге нақты ұсыныстар әзірлеуін ұсынамын», - деді ол.

Сондай-ақ Сооронбай Жээнбеков ортақ электр  энергетикалық нарықты реттеу бойынша орган құрудың қажеттілігін қарастыруды ұсынды.

«Реттеуге байланысты жаңа салалардың туындауы тиімді басқаруды, сәйкесінше Одаққа жаңа органдарды құруды талап етеді. Қырғызстан өзінің электроэнергетикалық потенциалын ескере отырып, мұндай органды өзінде орналастыруға дайын», - деді Жээнбеков.

Ал Беларусь президенті Александр Лукашенко Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты жаңа атағымен құттықтады.

«Кеңестің жеке отырысында Нұрсұлтан Назарбаевқа  ревизиялық жұмыспен айналыссын деп ұсыныс жасадым. Одақта біздің атқарған және істемеген жұмыстарға бақылау жасауы керек. Өзгелер күні кеше президент болған адамға құрметті төраға атағы жай ғана сыйлық ретінде берілді деп ойламауы керек. Біз ол кісінің мүмкіндігін әлі пайдаланатын боламыз», - деді Лукашенко. 

Ол сонымен қатар Еуразиялық экономикалық кеңестің әлемдік аренада беделі бар екенін айтып өтті.


«Біздің одақпен ешкім әріптестік орнатқысы келмейді деген сарында мақалалар жиі жазылады. Ондай әңгіме айтып жүргендер – жай ғана қызғана қарайтындар. Бәлкім, кей тұста бәсекелестен қорқатындар бар шығар. Бірақ бізді көзге ілмеу енді мүмкін емес», - дейді Беларусь президенті. 

Сондай-ақ, А.Лукашенко Н.Назарбаев ЕАЭО елдері ынтымақтастығының дамуына әлі де үлкен үлес қоса алатынын айтты.

«Мемлекет басшыларынан сарапшыларға дейін Одақта бір нарық, бір кеңістік екенін түсінулері керек. Комиссияның өкілеттігін шектеуші шараларға қарсы саласы бойынша өкілеттікті кеңейту қажет. Осы орайда бізге Құрметті төраға жәрдемдеседі деп сенемін. Іскерлікке де, тұлғалыққа да қарық», - деді А.Лукашенко.

Өз кезегінде   Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы ұйымның дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті. 

«Біз Нұрсұлтан Назарбаевқа Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасын атағын ұсындық. Ол жайлы айтылды. Мен бұған өте қуаныштымын. Әріптестерім де қолдай кетті. Оның өзіндік себебі бар. Себеп өте салмақты. Нұрсұлтан Әбішұлы бұл идеяның авторы ғана емес, басынан бастап осы ұйымды құру үшін аянған жоқ. Көп уақытын арнады. Әлі де жұмыс істеп жүр. Бұл одақтың ынтымағы берік болуы үшін көп көмегі тиюі мүмкін. Біздің осы ұсынымызды қолдағаны үшін ол кісіге алғыс білдіремін», - деді Владимир Путин. 

Ресей Федерациясының президенті сонымен қатар ЕАЭО әрі қарай дамуы үшін Африка құрлығымен байланыс жасайтынын да айтты.

«Бұл ұйымның әрі қарай қанат жайып, дамуы үшін Африка құрлығының елдерімен байланыс жасайтын мүмкіндік бар. Осы жылдың 24 қазанында Сочи қаласында Ресей-Африка саммиті өтеді. Сол жиынға ЕЭК басшыларын қатысуға шақырамын. Қазіргі кезде Африка қауымдастығымен екіжақты әріптестік мақсатындағы меморандумдар дайындалып жатыр. Ол құжаттарға сол Сочидегі саммите қол қойылатын шығар», - деді ол.

Сондай-ақ, В.Путин  мүше елдердің шекарасында еңбек еткендер  үшін зейнетақы төлемдері арқылы еңбек өтілін есептеу бойынша келісім әзірленіп жатқанын атап өтті.

«Еуразиялық комиссия одақ шекарасында еңбек еткендер  үшін зейнетақы төлемдері арқылы еңбек өтілін есептеу бойынша келісім әзірлеп жатыр. Меніңше, өмір бойы еңбек еткен азаматқа бұл өте маңызды. Бізге және ол адамға қайда жұмыс істегені маңызды болмайды. Ол еңбек өтілін растайтын қажетті құжат болса жетерлік», - деді В.Путин.  

Аталған құжаттың  күшіне енуі ЕАЭО азаматтарының құқығы мен қызығушылығын толық көлемде қамтамасыз етеді.

Ресей Президенті атап өткендей, бүгінде ЕАЭО алдында қатысушы елдер арасындағы өзара қарым-қатынастарды тереңдету бойынша ауқымды мақсаттар тұр. Оның құрамына  сауда, қаржы және әлеуметтік саясат  енеді.

 «Біздің көзқарасамыз бойынша, әкімшілік-құқықтық үрдістерді үйлестіру, қалған кедергілерді жою, бизнеске түсетін қағазбастылықты азайтуды жалғастыру қажет. Экономика салаларында елдердің саясатын үйлестіруді жетілдіру қажет. ЕАЭО аясында банк және қаржы саласы, фармацевтика, медицина және көлік, мұнай өнеркәсібі саласын біріктіру шешімін толыққанды жүзеге асыру қажет. Жалпы, шешім қабылданды, тек оны жүзеге асыру қалып отыр», - деді В.Путин.

Ал,  Армения премьер-министрі Никол Пашинян Сингапурмен бірлесіп, еркін сауда аймағын құруды ұсынды. 

«Ең маңыздысы, биылғы жылы Сингапур құжаттарға қол қоюуымыз керек. Шілде айында Сингапурға барамын. Сол кезде еркін сауда аймаған құру мақсатындағы жұмыстарды жылдамдатудың барлық мүмкіндікті қарастырып көремін», - дейді Никол Пашинян. 


Армения премьер-министрі Еуразиялық экономикалық кеңестің төрағасы ретінде келесі отырыс 2019 жылдың 1 қазанында өтетін мәлімдеді. 

Айта кетейік, бүгін бес жыл толған аталған ұйымның мерейтойлық отырысына Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинян қатысып жатыр. Сондай-ақ Молдова Республикасының Президенті Игорь Додон ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекеттің басшысы ретінде, Тәжікстан Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон құрметті қонақ ретінде шақырылған.

Аягөз Құрмаш 

Фото: Бауыржан Жуасбаев 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды