• Басты
  • Жаңалықтар
  • А. Перуашев: ҚР Президентінің бизнеске кедергі келтіретін инертті құқықтық нормаларды алып тастау тапсырмасы – біздің басты бағытымыз

А. Перуашев: ҚР Президентінің бизнеске кедергі келтіретін инертті құқықтық нормаларды алып тастау тапсырмасы – біздің басты бағытымыз

22 Қаңтар, 2014 17:05
Президенттің «бизнеске кедергі келтіретін инертті құқықтық нормаларды алып тастау керек» деген сөзін «Ақ жол» партиясы жұмыста басшылыққа алады, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Ақ Жжол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашев.

«Президент ШОБ-ті әлеуметтік жаңғырту мен индустрияландырудың басты құралы екенін айтты. Шағын және орта кәсіпкерліктің өзіндік ерекшеліктері мен қарапайымдылығы аталмыш шараларға оңай сыйысып кетеді. Оларда ұйымдастырушылық жағынан кедергілер аз. Сол себепті ШОБ барлық елде әртараптандыру мен инновацияның негізгі алға сүйреуші күшіне айналып отыр. Оның қызметі экономиканың жаңа секторларын ашып, жаңа өнімдерді өндіреді», - деді А.Перуашев.

Оның айтуынша, жаппай кәсіпкерлікпен айналысу ірі корпорациялардың әріптесі бола отырып және әр отбасын еңбекке баули отырып ұлттық кірісті үлестірудің ұтымды жолы болып табылады. Ірі көлемдегі табиғи байлыққа қарамастан, фракция жетекшісінің айтуынша, барлық қазақстандықты мұнайшы мен банкир қыла алмаймыз.

«Алайда өзара түсіністік арқылы, келіссөздер мен қаржылық есептеулер арқылы ШОБ жүйесін әр қазақстандықтың елдің үлкен ұлттық экономикасынан үлес ала алатындай етуге болады», - деді А. Перуашев. 

Барлық жаңалықтар