• Басты
  • ЕАЭО: Елбасының Одақты дамытуға бағытталған 4 ұсынысы
29 Мамыр, 2019 14:37

ЕАЭО: Елбасының Одақты дамытуға бағытталған 4 ұсынысы

Қазақстан елордасында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтті. Биыл ЕАЭО туралы келісімнің жасалғанына 5 жыл және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған еуразиялық интеграция бастамасына 25 жыл толып отыр. Бұл құжатқа 2014 жылғы 29 мамырда Ресей, Қазақстан және Беларусь елдері Нұр-Сұлтанда қол қойған болатын. Қысқа уақыт ішінде құрамға Армения және Қырғызстан қосылды. Құрылғанына 5 жыл ғана мерзім өткенімен ЕАЭО толыққанды интеграциялық бірлестік ретінде қалыптасқан. Елдер экономикаларын жақындастыру ЕАЭО туралы келісімде белгілеген жоспарлар мен мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылуда. Бүгін мүше елдердің басшылары 5 жылда атқарылған қызмет пен алдағы жоспарларды талқылады. Толығырақ, келесі материалдан оқи аласыздар.
ЕАЭО: Елбасының  Одақты дамытуға бағытталған 4 ұсынысы

Шағын құрамда  өткен  кездесуде  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Жоғарғы ЕЭК  Құрметті төрағасы атағы берілгенін айтты.

«Еуразилық интеграция құру идеясының авторы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаевты ерекше айта кетуге рұқсат етіңіздер. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің осы ұсынысының арқасында бұл ұйым қазіргі кезде құрлықтағы геосаяси ландшафтқа айналып отыр. Еуразия экономикалық кеңесінің аяқтан тұруына тарихи үлесін қосқан Нұрсұлтан Әбішұлының еңбегін ескере келе, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин осы ұйымның құрметті төрағасы атағын беруді ұсынды. Осы ұсынысы үшін Қазақстан Республикасының атынан Ресей басшысына және қолдаған барлық әріптестеріме алғысымды білдіремін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Кеңейтілген құрамда  сөз алған  Жоғарғы ЕЭК  Құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық одақтың  халықаралық деңгейде мойындалғанын атап өтті.

«Біз Кеңес одағы құлдырағаннан күннен бастап  барлығымыз бірге жұмыс істеп келеміз.  Күрделі кезеңде мемлекет құру кезінде  әркез бір-бірімізге қолдау көрсеттік. Мен баршаңызды сенімді әрі жақын  дос деп білемін. Сондай-ақ, бүгінгі шақырылған қонақтарды – Тәжікстан  Президенті Эмомали Рахмон мен  Молдова Президенті  Игорь Додонды қарсы алғым келеді. Айта кетейік,  маған Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы атағы  тағайындалғаны үшін алғысымды білдіремін. Аталған бастаманы қолдаған баршаңызға  алғысымды айтамын. 2014 жылдың  29 мамырында Қазақстан, Беларусь және Ресей Еуразиялық экономикалық одақ құру шешімін қабылдаған болатын. Бүгін ұйымға  5 жыл толып отыр, баршаңызды шағын  мерейтоймен құттықтаймын», - деді Н.Назарбаев.

Сондай-ақ, Елбасы күнделікті кедергілерден алшақтап шекарамызда болмаған бірегей Еуразиялық экономикалық одақ құрылғанын түсіну қажеттігін айтты.

«Біз оны ауқымды аймақта құрдық. 20 млн шаршы километр,құрлықтың  14 пайызын алып жатыр. 5 елдің мүмкіндігін біріктіріп, әлемде мұнай өндіру бойынша бірінші орынға шықтық. Әлемдік газ өндірудің  20 пайызы, уранның  44 пайызын, электр өндірудің  5 пайызын құрап отырмыз. Ауыл шаруашылығы сынды салаларда үлкен жетістіктерге жеттік. Аталмыш  одақта осындай көрсеткішке жеткенді мақтан тұту керек. ЕАЭО Еуразия мен Азияны біріктіріп отырған үлкен аймақ. Жердің ауқымды бөлігі үшін экономикалық дәліз қызметін атқарып отыр. Біздің елдердің халық саны 184 млн адамды құрайды. Бұл тек ішкі нарық үшін жұмыс істеуге болатын ауқымды аудитория», - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Тұңғыш Президент  өткен жылы елдер арасындағы өзара  сауда айналымы 9,02 пайызды немесе  60 млрд долларды құрағанын айтып өтті.

«Біздің бизнес қауымдастықтар бір-бірімен белсенді жұмыс істеп жатыр. Тек Қазақстанның өзінде ЕАЭО елдерінің қатысуымен ашылған кәсіпорындардың саны 80 пайызға ұлғайып,  11 мыңды құрады. Біз еуразиялық интеграцияның тиімді инфрақұрылымын құрдық. Келісімнен шығатын барлық құқықтық-нормативтік базаны әзірледік. Келісімдерді қабылдау кезінде  ауқымды жұмыстарды атқардық», - деді Н.Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы бүгінде одаққа  әлемнің  40 елі  қызығушылық танытып отырғанын айтты.

Н.Назарбаев ЕАЭО-ның одан әрі белсенді жұмыс істеуі үшін 4 ұсынысты  алға тартты.

«Бірінші- Еуразиялық экономикалық одақтың стратегиялық пішінін кеңейту, интеграция идеясын нығайту. Бізге ЕАЭО және Еуропалық одақ, ШЫҰ, АСЕАН-мен толыққанды экономикалық ынтымақтастық орнату қажет. Егер біз бірігіп, бір бағытта жұмыс істейтін болсақ, аталған идеяларды жүзеге асыруға болады. Еуразиялық кеңістіктің мағынасы жабық пішінде жұмыс істеу емес, керсінше, ашық түрде жаһандық өзара қарым-қатынаста жұмыс істеу», - деді Елбасы.

Н.Назарбаевтың екінші ұсынысы- Қытайдың «Бір белдеу-бір жол» бастамасын  ЕАЭО-ның логистика мен инфрақұрылым  бағытындағы әлеуетінің ажырамас  жалғасы деп тану.

«Бұл бастаманың бізге әсері мен айтылатын наразылықтарды білеміз.  Сондай-ақ, біз оны реттеп, біздің елдерге оң әсер  беретін жолды да таба аламыз. Бұл бізге мол  экономикалық әсер береді.Ұйымның ішкі және сыртқы мақсаттарын жүзеге асыру үшін жұмыс істейді. Біздің елдер тиімді географиялық орынға ие бола отырып, бірлескен ірі жобаларды жылдамдатуы керек. Ол үшін біздің елдердің қуатты базасы бар. Мәселен, Қазақстан бірқатар ауқымды әрі халықаралық жобаларды жүзеге асырды. Соңғы  10 жылда  көліктік және логистикалық инфрақұрылымды дамытуға 30 млрд-қа жуық доллар инвестицияланды. Бұл бізге 5 темір жол , 6 автомобиль  халықаралық  бағытын  ашуға мүмкіндік берді. Солтүстік және Оңтүстік бағытьын дамыту мақсатында «Қазақстан-Түрікменстан-Иран-Парсы шығанағы» темір жол бағыты ашылды. Ляньюньган портында  логистикалық терминал салынып, Каспий теңізінде «Ақтау  порты» солтүстік бағытта көлемі 26 млн тоннаға  кеңейтілді, оның солтүстігі арқылы Кавказ бен Еуропаға, оңтүстігінен Иранға  бағыт алуға болады. «Құрық портында» ауқымды паром кешені салынды», - деді Елбасы.

Елбасы үшіншіден, импорт интеграциясына  қатысты мәселені реттеуді ұсынды.

«Ойланайық. Жақында мен осыны ойланып көрдім. Біздің Қазақстанның құрылымын қарадым. Инфляцияның 50% осы тауарлардың импортынан аламыз. Ал нені импорттайтынымызды қарасақ, өзіміз шығаратын заттарды импорттайды екенбіз. Егер біз өзара қарастырып, кейін бір-бірімізбен бөліссек, көреміз. Біз машина құрылысының өнімдерін, туфли, шұлық, жейде импорттаймыз. Біз өңдеудің жетіспеушілігінен өзіміздің азық-түлігімізді эскпорттаймыз. Кез келген сүт, ет өнімдерін импорттаймыз. Бірақ бұлардың барлығы өз елдерімізде өндіріледі ғой. Неге осының барлығын өзіміз шығармасқа. Комиссия аясында осыған талдау жасайтын адамдар тобын құрсақ. Олар талдау жасап: сүт Беларусь, Ресейде өндіріледі, бидай Қазақстанда өндіреді т.б. дегендей анықтап берсін. Біз тіпті әскери киімдерді импорттаймыз. Ұят. Сондықтан қаржы әкелетін және жұмыс орнын ашатындай нарықты қалай кеңейтуге болатынын қарастыруымыз керек. Келесі. Кеңес аясындағы барлық елді біріктіретіндей жобалар керек. Мысалға, Концерн Эйрбастың ЕуроОдақпен байланысы. Олар ядро болып келеді. Біздің бірігуімізде Ресейдің өндірістік және техникалық потенциал ретінде орны ерекше екенін айта кеткен жөн. Бізге де осындай ортақ жобалар туралы неге ойланып көрмеске. Бізге ішкі аймақтық ұшақтар керек. Жақын жерлерге ұшатын керек. Бізге ауыл шаруашылығына да авиация жеткіліксіз», - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Н. Назарбаев нарықтарды жаулау бойынша жаңа стратегия қажет екенін айтты.

«Төртінші. Бізге «сауда соғыстары жағдайында» нарықтарды жаулау бойынша жаңа стратегия керек. Қазір уақытша санкцияларға байланысты АҚШ пен Қытай арасында тауар айналымы бөгелді. Неге бізге осы сұранысқа кіріп, өз тауарларымызды ұсынбасқа. Осы және басқа ұсыныстарды ескере отырып, 2025 жылға дейін жол картасын әзірлеуді ұсынамын», - деді Елбасы.

Өз сөзін  қорытындылай келе Елбасы ЕАЭО-ның  жұмысына табыс тіледі.

«Құрметті әріптестер,  аз уақыттың ішінде біз ауқымды жұмыс атқардық. Елдер Үкіметері мен ЕАЭО комиссиямен бірігіп  көптеген жұмыстарды атқарды. Біздің институттардың негізгі қызметі -экономикалық мақсаттарға шынайылық таныту. Барлық шешімдерді экономикалық мақсат тұрғысынан шешу керек. Кедендік істер мен көші-қонға қатысты жұмыс істейтін шенеуніктерге Президент деңгейіне шығармай мәселелерді шешу керек. Бір-біріне ор қазбай, шешу керек.Ұйымның жұмысына табыс тілеймін», - деді Елбасы.

Айта кетейік, кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков, РФ Президенті Владимир Путин, Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян, сонымен қатар Молдова Республикасының Президенті Игорь Додон ЕАЭО жанындағы бақылаушы мемлекеттің басшысы ретінде, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон құрметті қонақ ретінде қатысып отыр.Сондай-ақ,  Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің кезекті отырысына  шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының 115 өкілі мен қазақстандық 160-тан астам журналист тіркелген.

Аягөз Құрмаш 

Фото: Бауыржан Жуасбаев 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды