• Басты
  • Зейнетақы активтері сәуір айында қалай инвестицияланды?
27 Мамыр, 2019 12:59

Зейнетақы активтері сәуір айында қалай инвестицияланды?

ҚР Ұлттық банкі Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының инвестициялық қызметінің нәтижелерін жариялады. Осы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша зейнетақы активтері портфелінің көлемі 9 761,9 млрд теңге болыпты. Оның ішінде теңгемен жиналған ақша – 6 613,1 млрд теңге болса, шетел валютасымен салынған ақша көлемі – 3 148,8 млрд теңгені құраған. Ал 2019 жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық кіріс мөлшері – 172,4 млрд теңге.
Зейнетақы активтері сәуір айында қалай инвестицияланды? | Strategy2050.kz

БЗЖҚ Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің облигацияларын, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік бағалы қағазы (МБҚ) сатып алғандағы көрсеткіштерді сәуір айындағы жағдай бойынша мәлметтерімен де бөлісті. Төменде теңгемен номинерленген зейнетақы активтерінің портфелі көрсетілген. 

«2019 жылғы сәуірде теңгемен номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 76,00 млрд теңге болды. Соның ішінде ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік бағалы қағазы (46,0 млрд теңгеге, орташа алынған кірістілігі жылдық 8,7%-бен) мен Еуропа қайта құру және даму банкінің облигациялары (30 млрд теңгеге, инфляцияға және жылдық 1,0% мөлшерінде сыйлықақыға тең кірістілігі бар) сатып алынды», - делінген ҚР Ұлттық банк баспасөз қызметі берген мәліметте.

2019 жылғы сәуірде шетел валютасымен номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 168,7 млрд теңге болды.  Аталған көлемге жылдық 2,4% орташа алынған кірістілігі бар АҚШ Үкіметінің Мемлекеттік бағалы қағазы сатып алынған.

«2019 жылғы сәуірде бағалы қағаздардың эмиссиясы проспектілерінде белгіленген мерзімдерге сәйкес тиісінше 94,6 млрд теңге және 3,9 млрд теңге сомаға АҚШ Үкіметінің МБҚ бойынша негізгі борыш және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ негізгі борышы өтелді. Есепті кезеңде 38,1 млрд теңге сомаға АҚШ Үкіметінің МБҚ-сы, 54,4 млрд теңге сомаға (143,5 млн АҚШ доллары) Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің МБҚ-сы сатылды. Қолайлы нарықтық конъюнктураның болуын ескере отырып, Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің қалған МБҚ көлемі номиналдан 87,4% орташа алынған  баға бойынша сатылды, ол осы бағалы қағаздардың есепке алу бағасынан асып түседі. Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің МБҚ ерікті қайта құрылымдау  шеңберінде 2014 жылы сатып алынған зейнетақы активтері портфеліндегі Әзірбайжан Халықаралық Банкінің (ӘХБ) облигацияларын  айырбастау  нәтижесінде алынды», - дейді ҚР Ұлттық банк баспасөз қызметі.

АҚШ долларымен есептелген Әзірбайжан Халықараралық Банкінің облигациялары бойынша иелену кезеңіндегі кіріс шамамен 27,5 млн АҚШ долларын немесе 11,0%-ды (жылдық 3,7%), теңгемен – шамамен 45,6 млрд теңгені немесе 100,4%-ды (жылдық 23,5%) құрапты. Ал, Әзірбайжан мемлекеттік бағалы қағазы бойынша иелену кезеңіндегі кіріс шамамен 13,3 млн АҚШ долларын немесе 5,1%-ды (жылдық 3,5%), теңгемен – шамамен 13,8 млрд теңгені немесе 14,8%-ды (жылдық 10,1%) құраған.

«2014 жылы ӘХБ облигацияларын сатып алған сәттен бастап және БҚ-ны номиналдың 87,26%-ынан төмен емес «таза» баға бойынша сату күніне дейін, барлық алынған сыйақыларды ескере отырып, кірістіліктің таза ішкі мөлшерлемесі (IRR) 4,0%-ды құрайды», - дейді ҚР ҰБ БҚ.

Соңғы 12 айда БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 5,8%-ды құрапты.

«Инвестициялық қызмет нәтижелері бойынша, 2019 жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 172,4 млрд теңгені құраса, 2019 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген зейнетақы активтерінің кірістілігі 1,62%-ды құраған. Бұл ретте 2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін соңғы 12 айдағы (2018 жылғы мамыр – 2019 жылғы сәуір аралығы) зейнетақы активтерінің кірістілігі 4,9% мөлшеріндегі инфляция кезінде 10,7%-ды құрады. Осылайша, соңғы 12 айда зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 5,8%-ды құрады», - делінген ҚР ҰБ Баспасөз қызметінің хабарламасында.

БЖЗҚ стратегиясына сәйкес, зейнетақы активтері валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының әр түріне ҚР Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес шешімімен ғана инвестицияланады.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды